Жалған сауалнамалар жарға жығады — Төрттаған
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Жалған сауалнамалар жарға жығады

20.05.2024
Қоғам
0
Жұмыс қарастырған кезде де алаяқтар жолығып жатады

Қауіпті сауалнамалар

Алаяқтар әлі де фишингтік сайттарда адамдарды жалған сауалнамалармен алдап келуде. «Fingramota Online» пайдаланушысы 100 мың теңге сома субсидия ұсынылатын Қазақтелекомның сайтына апаратын сілтеме жіберді делік. Оны алу үшін төрт қарапайым сұраққа жауап беру қажет, жүлде қорабын таңдап, сайтқа дербес деректеріңізді енгізіп, сілтемені достарыңыз бен таныстарыңыздың арасында таратуыңыз керек, деп жазады online.fingramota.kz-ке сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Fingramota.kz осыдан бұрын алаяқтықтың мұндай түрі туралы жазған. Алаяқтар интернетте азаматтарға сауалнамадан өту үшін 100 мың теңгеден ұсынып, танымал екі банктің атынан ұтыс ұсынумен сауалнамаға сілтемелер таратқан. Шын мәнінде, тек сыртқы «қапталуы» ғана өзгеріп, «ішіндегісі» өзгеріссіз қалған.

Фишингтік бетте алаяқтар қазақстандық телекоммуникация операторының логотипін, сондай-ақ компания қолданатын түстер реңдерін пайдаланған. Алайда мұқият пайдаланушылар сауалнама Қазақтелекомның ресми интернет-ресурсында жүргізілмейтінін, сайттың домені түсініксіз әріптер мен сандардан тұратынын байқайды. Сонымен қатар, сауалнамадан кейін шетелдік аты-жөндерімен пайдаланушылардың пікірлері келтірілген, бұл фейктің айқын белгісі. Сондықтан мұндай пікірлерге сенбеңіз.

Тағы нені білу керек?

Мына алаяқтық парақта, егер сіз белсенділік танытып жай ғана қызығушылықпен сауалнамаға қатыссаңыз, сіздің IP-мекенжайыңыз сақталуы мүмкін.

Осы ақпаратты пайдалана отырып, интернет-алаяқтар:

— сіз қай қалада тұратыныңызды, провайдеріңіздің кім екенін анықтауы;

— сіз туралы мүмкіндігінше көп ақпарат табу үшін интернеттегі әрекеттеріңізді бақылауы;

— кейбір сайттарды фишинг көшірмелеріне және басқаларына ауыстыру арқылы Желіге кіру параметрлерін өзгертуі мүмкін.

Егер сіз сауалнамадан өтіп, бірақ уақытында түсінсеңіз, сізге қажет:

— парақты жабу және кэшті тазарту;

— егер сізде антивирус жоқ болса, оны қосу;

— егер зиянкестер сіздің IP-мекенжайыңызды анықтаған болса, онда провайдеріңізге хабарласып, оның мекенжайын өзгертуді сұрау қажет.

Егер сіз өзіңіздің e-mail-ді көрсетіп үлгерсеңіз, онда өз поштаңыздың құпиясөзін ауыстырған дұрыс. Мұның бәрін мүмкіндігінше тез жасау керек!

Жалған қоңыраулар

«Fingramota Online» мобильді қосымшасының тағы бір пайдаланушысы телефон алаяқтығына тап болды. Оған ҚР Ұлттық Банкінің клиенттерді қолдау орталығының өкілі ретінде қоңырау шалып, растау құжаттары ретінде мессенджер арқылы олардың скриндерін жіберген.

Қаскөйлер телефон арқылы өзін ҚР Ұлттық Банкінің қаржы бақылаушысы ретінде таныстырды. Ол өзінің «клиентіне» алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын және банктік қызмет көрсету шартына сәйкес қаржы активтерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеке шоттың бірыңғай нөмірін «жаңарту рәсімін» орындау қажет екендігін хабарлады. Алаяқ өте сенімді болды және банк терминологиясын қолданды. Ол «жаңарту рәсімі» үш кезеңге бөлінгенін хабарлады. Біріншісі – ҚР Ұлттық Банкінің жүйесінен дербес шотты жою,) екіншісі – қаржы активтерін енгізудің шифрланған әдісімен орындалатын жаңартылған шотты қосу («Казкоммерцбанк» АҚ банкоматы арқылы және үшінші кезең – клиент төлқұжат деректерін жаңарту, пластикалық тасымалдағыштарды қайта шығару, құжаттамаға қол қою және алу үшін банк бөлімшесіне келуі керек.

Нені білген жөн?

Егер сіз қоңырау шалған бейтаныс адамдардың нұсқаулығымен бәрін жасасаңыз, онда өз ақшаңызды оларға өз қолыңызбен бергеніңіз. Тиісінше, өтірік ашылған кезде, ешкім сіздің қаражатыңызды, тіпті құқық қорғау органдары да сізге қайтара алмайды.

Банк қызметкерлері сізді қауіпсіз шоттарға ақша аударуға мәжбүрлеу, сондай-ақ сіздің жеке деректеріңізді нақтылау үшін ешқашан бірінші болып қоңырау шалмайтынын есте ұстаған жөн. Сонымен қатар, жеке тұлғалар үшін ақша операцияларын жүргізбейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдері ешқашан телефон арқылы қоңырау шалмайды.

Қазақстан Ұлттық Банкі:

жеке тұлғаның шотына қызмет көрсетпейді, жеке тұлғалармен ақшалай есеп айырысулар мен мәмілелер жасаспайды;
ҚР азаматының шотына қатысты қандай да бір алаяқтық әрекет, дербес деректердің жария етілуі және екінші деңгейлі банктерде несие ресімдеу секілді мәселелер бойынша жеке тұлғаларға қоңырау шалмайды;
ҚҰБ-тағы шоттар тек қана Ұлттық Банктің, екінші деңгейлі банктердің және саны шектеулі заңды тұлғалардың операцияларын есепке алу үшін ашылуы мүмкін.
Тек алаяқтар ғана сізді алдау арқылы ақша аударуға мәжбүрлеу немесе шоттарыңызға қол жеткізу үшін, кез-келген адам болып танысуы мүмкін.

Сондықтан, егер сізге күмәнді адамдар қоңырау шалса, сөйлесуді аяқтап, ресми нөмір арқылы, атынан қоңырау шалынған ұйымға қайта хабарласыңыз.

Егер сіз қаржылық алаяқтардың құрбаны болсаңыз, өтінішпен құқық қорғау органдарына жүгініңіз! Ал егер сіз қаржы пирамидасына тап болсаңыз, онда бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне call-орталық арқылы мына нөмір бойынша: + 7 727 237 1000 немесе «Fingramota Online» мобильді қосымшасы арқылы хабарласыңыз, оны мына сілтемелер арқылы жүктеуге болады:

App Store-де: https://apps.apple.com/kz/app/fingramota-online/id1134502211;

-Play Мarket-те: https://play.google.com/store/apps/details?id=

kz.nationalbank.appeals;

— мобильді қосымшаның веб-нұсқасы да қолжетімді: http://online.fingramota.kz/ru.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ШЫМКЕНТТЕ 76 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯНЫҢ ЖҮРЕГІНЕ АШЫҚ ОТА ЖАСАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алаяқтықтың қандай түрлері көп таралуда?

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
12
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.