Алаяқтықтың қандай түрлері көп таралуда? — Төрттаған
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Алаяқтықтың қандай түрлері көп таралуда?

20.05.2024
Қоғам
0
Алаяқтықтың қандай түрлері көп таралуда?

Алаяқтар заманауи IT-технологиялар мен психологиялық әдістерді қолдана отырып, азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда. Fingramota.kz бұл материалда 2023 жылдың қорытындысымен ең көп таралған алаяқтық схемалары туралы әңгімелейді, деп жазады online.fingramota.kz-ке сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.

Ақша жіберуді сұрау

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Соңғы алты айда елде фишингтік шабуылдар жиілеп кетті. Алаяқтар WhatsApp мессенджерін пайдаланушының  шотына зиянды сілтеме арқылы қол жеткізеді және пайдаланушының барлық контактілеріне ақша жіберуді өтініп, мысалы, қаржылық жағдайының қиын екенін сылтауратып хабарлама жібереді. Алаяқтар қаражатты, әрине, шоттарға аударуды сұрайды. Сондай-ақ, күмәнді сілтемені алаяқтар конкурсқа немесе дауыс беруге қатысу ретінде жасыра алады.

Емтихан тапсырусыз жүргізуші куәлігіне ие болу

Ағымдағы жылы алаяқтар емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін алу туралы ұсыныспен әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде хабарландыруларды белсенді түрде орналастыра бастады. Бұл ұсынысқа сенген азаматтар барлық талаптарды бірден орындай бастайды: құжат алу үшін ақшаны және жеке деректерін жіберді. Бірақ ақшаны алғаннан кейін алаяқтар телефондарын өшіреді және әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі хабарламаларға жауап бермейді. Жүргізуші куәлігін емтихан тапсырғаннан кейін ғана алуға болатындығын әрдайым есте ұстаған жөн.

Қайырымдылықты желеу ете отырып жасалатын алаяқтық

Соңғы уақытта қайырымдылық қызметі өте өзекті болды, өйткені атақты адамдар мен блогерлер қайырымдылықпен айналыса бастады. Олар ақша жинау науқандарын ашады, түрлі акцияларға қатысады, қажетті ақшаны жинау үшін тікелей эфирге шығады. Атақты адамдардың бастамалары да алаяқтардың назарынан тыс қалған жоқ. Олар балалардың интернеттен алынған фотосуреттерін пайдаланады, оларға жалған өмірбаяндар жасайды, қолданыстағы барларымен араласып кетпеу үшін жаңадан қор құрады. Кейбіреулері тіпті салмақты көріну үшін, қорықпастан жұмыс істеп жатқан қорларды көрсетіп қояды. Сондай-ақ, алаяқтар қордан баланың суреті мен тарихын көшіре алады, бірақ астына өз деректемелерін қояды. Егер адамдар алдымен оның тарихымен танысып, тексеріп алған күннің өзінде, оның деректемелерін назардан тыс қалдыруы мүмкін, нәтижесінде ақша алаяқтарға кетеді.

Алаяқтарға қарсы іс-қимыл бойынша практикалық кеңестер:

Әдетте қарапайым болып көрінетін және ең маңызды бірінші қағида – қандай уәде берсе де, жеке деректеріңіз бен ақшаңызды бөгде адамдарға бермеңіз.
Алаяқтық туралы жаңалықтар топтамасына салғырт қарамаңыз: неғұрлым көп нәрсе білсеңіз, алаяқтардың қармағына түсу тәуекелі соншалықты төмен болады.
Әдетте балаларға дауыс беру, ұтыстар ойнату, викториналар және т.с.с. атын жамылатын күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіз. Ол жерге ешқашан жеке деректеріңізді енгізбеңіз.
Өзіңіздің WhatsApp-аккаунтыңызға байланыстырылған құрылғыны тексеруді әдетке айналдырыңыз. Егер таныс емес құрылғыны көрсеңіз оны бірден ажыратыңыз. Бұл үшін мына алгоритмді орындау қажет: WhatsApp-та жоғарғы оң бұрыштағы үш нүктені басыңыз және «Байланыстырылған құрылғыларды» басыңыз. Сізге тиесілі емес байланыстырылған құрылғыны көрісімен «Шығуды» басып, одан шығып кетіңіз.
Заңды айналып өтіп, бірдеңе жасап береміз деген уәделерге сенбеңіз. Мысалы, жүргізуші куәлігін мамандандырылған ХҚКО-да ғана және емтихандардан сәтті өткеннен кейін ғана  алуға болады.  Оларды жеке тұлғалар немесе компаниялар емес, уәкілетті орган ғана береді.
Қандай да бір құжатты ресімдеуді шеше отырып, оларды мемлекеттік органдардың ресми аккаунттарынан алу тетігін мұқият зерделеңіз – сол кезде алаяқтар сізді алдай алмайды.
Әлеуметтік желілерде баланы емдеуге ақша жинау туралы хабарламаны көрсеңіз, ілеспе құжаттарын мұқият зерделеңіз. Егер нақты қор көрсетілсе, оның сайтына кіріп, бала олардың базасында расымен де бар-жоғын тексеріңіз. Сондай-ақ балалардың суреттерін браузерлер арқылы тексеріңіз, алаяқтар суретті жай ғана ұрлап саулары да ықтимал.
Қайырымдылыққа жеке нөмір бойынша ақша аудармауға тырысыңыз – деректемелерін сұрап, оларды тексеріңіз. Балалардың ата-анасы немесе жануарларға арналған панажай иелері ақшаны неғұрлым жылдам жинау  үшін расымен өз нөмірлерін қоса берулері ықтимал, алайда мұндай жағдайда ақпаратты мұқият тексеріңіз.

Қазір интернетте «жұмыс береміз, күнінен бірнеше сағат уақытыңызды бөлсеңіз, күреп табыс табасыз» деген мазмұндағы жарнамалар жиі кездеседі. Бұндайлардың 95 пайызы алаяқтар. Оған күмәніңіз болмасын. Ал қалған 5 пайызы көп уақытыңызды алатын және азын-аулақ тиын-тебен төлейтін, яғни еңбегіңізге тұрмайтын жобалар.

Таяуда осындай жарнамалардың бірін ашып, арнайы терезеге электронды поштамды көрсетіп тіркелген едім. Ойым – қосымша табыс көзін жасаудың зияны болмас деген үміт. Содан Андрей Рубанов (кейін білдім осындай аттас жазушы бар екен, сол жазушының атын иемденген алаяқтың көздегені не десеңші) деген біруден хат келді. Мына сілтеме арқылы мынадай сайтқа кіресің, сосын өз атыңнан тіркелесің дейді. Айтқанын орындадым. Келесі хатында тағы бір сайтқа мына кілтсөз арқылы кіріп, «старт» деген кнопканы басасың – бар жұмысың сол деді. Оны да орындадым.

Бұрын интернетте біраз жұмыс істеп үйренген маған әлгі сайттың басқа емес, әп-сәтте ақша түсіріп немесе ақшаңнан айыратын валюта саудасына арналған бинарлық опцион платформасы екенін түсіну қиын болған жоқ. Сол платформаға тегін робот, яғни валюта айырбасымен сауда жасайтын прогамма орнатылыпты. Әлгі қас қағым сәтте Рубанов мырза салған 500 долларды 1000-нан асырды.

Маған ақшаны қалай төлейсің деген хатыма ол 5 жұмыс күнін істейсің, содан кейін электронды кошелегіңе ақша аударамын. Аптасына 500-1000 доллар көлемінде деп жауап берді. Соны оқығанда «бұл не деген батпан құйрық» деген қазақ нақылы ойыма оралды.

Содан әлгі сайттың не екенін білейін деп іздеу терезесіне салып көріп едім, нағыз лохотрон дегеннің өзі болып шықты. Бұл жоба туралы теріс пікірлер баршылық екен. Алаяқтардың қалай алдайтыны, оның алдау жүйесі жайлы нақтылып жазылыпты. Содан «аш пәледен қаш пәле» деп бұл жобадан бас тартуға тура келді.

Бұдан бұрынырақ тағы бір  ақша салмай табыс табасың деген бір жарнамамен хабарласып көргенім бар. Ол спорт ойындарына бәс тігетін букмекерлік кеңсе болып шықты. Біздің айтқанымызды жасасаң, ақшаға қарық боласың деп жылмыңдатты біреу. Содан тағы да іздеу терезесі арқылы бұл не қылған мекеме деп қарасам, талайларды сазға отырғызған алаяқтардың өзі екен.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Жалған сауалнамалар жарға жығады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«ТҮРКІСТАНДА ЖАСАЛҒАН» АТАУЫМЕН ҮЙ ЖИҺАЗДАРЫ ШЕТЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
12
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.