Халықаралық жазғы мектеп білім алмасу мен Қазақстанды мәдени байытуға арналған трамплин ретінде — Төрттаған
Понедельник, 2 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Халықаралық жазғы мектеп білім алмасу мен Қазақстанды мәдени байытуға арналған трамплин ретінде

«Қоршаған ортаны қорғау – 2024» І халықаралық жазғы мектебі тұрақты дамудың өзекті мәселелерін талқылау және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін халықаралық жастар платформасын құру мақсатында Шыңжаң университетінің (ҚХР) жас көшбасшы, белсенді студенттерін біріктіріп Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жұмысын аяқтады.

11.07.2024
Жаңалықтар
0
Халықаралық жазғы мектеп білім алмасу мен Қазақстанды мәдени байытуға арналған трамплин ретінде

«Қоршаған ортаны қорғау – 2024» І халықаралық жазғы мектебі тұрақты дамудың өзекті мәселелерін талқылау және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін халықаралық жастар платформасын құру мақсатында Шыңжаң университетінің (ҚХР) жас көшбасшы, белсенді студенттерін біріктіріп Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жұмысын аяқтады.


Жазғы мектепте «Қоршаған ортаға антропогендік әсерді бағалау әдістері: геожүйелер, қоғам, білім, мәдениет және дүниетаным» тақырыбына назар аударылды және бұл студенттерге қызығушылық салаларын тереңірек зерттеуге және жетекші сарапшылардан құнды білім алуға мүмкіндік берді.
Білім алушыларға аталған тақырып бойынша География және табиғатты пайдалану факультетінің профессор-оқытушылар құрамы ТДМ-на қол жеткізудің негізгі аспектілеріне арналған дәрістер мен шеберлік сабақтарын өткізді: климаттың өзгеруімен күресу, биоалуантүрлілікті сақтау, жауапты тұтыну және өндіріс, білім сапасы, геожүйеге антропогендік әсерді бағалаудың қазіргі заманғы әдістері мен құралдары көрсетіліп, антропогендік қызметтің қоғамға әсер ету факторлары, ресурстарды тұтыну және қалдықтарды өндіру арқылы адам әрекетін бағалау, ағынды суларды тазарту әдістері.және т.б.
Қытайдан келген студенттер жазғы мектеп аясында өткізілген дәрістерден, ой-өрістерін кеңейтуге септігін тигізетін келесідей көптеген ақпараттарды ала алды: 1) геожүйелерге антропогендік әсер етудің негізгі ұғымдары мен теорияларын оқу; 2) геожүйеге антропогендік әсерді бағалаудың заманауи әдістері мен құралдарын көрсету; 3) антропогендік қызметтің қоғамға әсер ету факторларын талдау және бағалау тетіктерін ашу; 4) дүлей зілзалалардың қиындықтарын ескере отырып, білім беру ортасының өзгеру динамикасын талдау; 5) экологиялық мәдениеттің жастардың дүниетанымына әсер ету аспектілерін ашу; 6) қазiргi заманғы ғылыми әдiстер мен құралдар негiзiнде геожүйелерге антропогендiк әсердi бағалауды жүргiзу; 7) әлеуметтік жауапкершілік негізінде жастардың экологиялық дүниетанымын тереңдету және кеңейту; 8) ТДМ негізінде өскелең ұрпақтың тұрақты дамуын қолдаудың бірлескен платформасын белсендіру.
Сонымен қатар, Рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушылары, «Туризмнің табиғатқа, қоғамға және экономикаға оң және теріс әсері», «Тұрақты туристік маршруттарды құру: табиғат пен мәдени мұраны сақтауға баса назар аудара отырып, тұрақты туристік маршруттың жоспарын әзірлеу» тақырыптары бойынша дәрістер оқыды.
Тұрақты даму мақсаттарының «Таза су және санитария» және « Климаттың өзгеруімен күрес» атты 6 және 13 тармақтарына сәйкес, Қазақстандағы климаттық өзгерістердің заманауи тенденциялары мен метеорологиялық мәліметтерді өңдеу және статистикалық талдау бойынша, сонымен қатар, Қазақстандағы қауіпті гидрологиялық құбылыстар: бағалау және болжау әдістері мен су дипломатиясы туралы метеорология және гидрология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы толыққанды мағлұмат берді. Тақырыпқа сәйкес қатысушыларды «Медеу» биік тау мұз айдынына шығарып Алматы қаласы және селден қорғайтын бөгеттер туралы жалпы мәліметтер бере отырып, көзбен көріп қайту мүмкіндігінде берді.
Халықаралық жазғы мектепте ТДМ-ның 15 тармағына сәйкес География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының оқытушыларыда өз тараптарынан «Қоршаған ортадағы өзгерістерді бағалау үшін көп уақыттық спектрлік мәліметтерді пайдалану», «Спектрлік мәліметтермен жұмыс және нәтижелерді интерпретациялау» тақырыптары бойынша дәріс өткізді.
Шыңжаң университетінің студенттері, «Қоршаған ортаны басқарудағы ГАЖ», «Балқаш көлі бассейніндегі құрғақшылықтың мониторингі», және «Геотехникалық деректерді басқаруға арналған веб-қосымша» туралы картография және геоинформатика кафедрасының оқытушыларынан құнды ақпараттар алды.
«Біздің экологиялық салдарды азайту — бұл жай ғана сән үрдісі емес, болашақ ұрпақ үшін планетаның ресурстарын сақтау қажеттілігі. Саналы тұтыну және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау – әрқайсымыздың міндетіміз»,- деп PhD, аға оқытушы Рысмағамбетова Айна өз баяндамасында атап көрсеткен болатын.
Қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің өсуіне байланысты көптеген кәсіпорындар қоршаған ортаға теріс әсерін барынша азайтуға тырысуда. Бұл жұмысты жүйелеу құралдарының бірі халықаралық ISO 14001 стандартының талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару жүйесін (ҚБЖ) енгізу болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің экологиялық аспектілерін анықтау, яғни қоршаған ортаға әсер ету түрлерін (шығарындылар, төгінділер, қалдықтар, ресурстарды пайдалану және т.б.) анықтау, экологиялық аспектілердің маңыздылығын бағалау, жұмыстың жоғары басым бағыттарын анықтау, қоршаған ортаны басқару бағдарламаларын әзірлеу, яғни алға қойылған мақсаттарға жету үшін нақты іс-шаралар жоспары туралы, сонымен қатар, атмосфераны қорғаудың негізгі принциптерін сақтау қажеттілігіне байланысты Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы өз баяндамаларында тоқталып өтті. Бұл кафедра оқытушылары өз кезегінде тұрақты даму мақсаттарының «Құрлық экожүйелерін сақтау» тармағына сәйкестендіре студенттерге білім беруге тырысты.
Шетелдік студенттерге еліміздің тарихымен, мәдениетімен және табиғатымен таныстыру мақсатында «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» бағытына орай, Алматы бойынша көптеген экскурсиялар жасалынып, бір мезгіл сабақтан тыс демалысқада көңіл бөлінді. Медеу-Шымбұлақ аспалы жолына отырғызып, Шымбұлақ тау шаңғысы курортына көтерілді. Алматы қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан жалғыз тау Көктөбегеде шығып демалыс күндерін сапалы өткізуге тырысты. Алматы қаласының көрікті жерлері туралы жалпы мәлімет беріп ғана қоймай, қатысушыларды автобуспен «Шарын» МҰТП-ға және Үлкен Алматы шатқалында орналасқан «Аюсай» Визит Орталығында да демалыс ұйымдастырылып, оның табиғаты, халқы, шаруашылығымен таныстырылды.
Екі апта бойы Шыңжаң университеттерінің студенттері тұрақты дамудың өзекті мәселелерін зерттеп, осы саладағы озық технологиялармен және практикалық шешімдерімен танысты. Барлық жазғы мектеп қатысушылары бағдарламаны сәтті аяқтағандарын растайтын сертификаттарға ие болды.
Жазғы мектепте алған білім мен дағдылар студенттердің болашақ мансабында көмектесетініне және планетамыздың тұрақты болашағын құруға ықпал ететініне сенімдіміз.
Жалпы, Халықаралық жазғы мектептерге қатысу тәжірибесі студентті жұмысқа орналасу немесе магистратураға оқуға түсу кезінде басқа үміткерлерден ерекшелендіреді. Сонымен бірге, жазғы мектепке қатысу – студенттерге өз әлеуетін ашуға, ой-өрісін кеңейтуге, маңызды дағдыларды алуға және болашақ мансабында артықшылықтарға ие болуға көмектесетін баға жетпес тәжірибе.
Жобаларды басқару, көшбасшылық, коммуникация, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытуға, сондай-ақ топта жұмыс істеу қабілетін дамытуға бағытталған интерактивті сессиялардың ұйымдастырылуы студенттердің тұлғалық өсуіне көп септігін тигізері анық.
ТДМ-ның «Сапалы білім беру» тармағына сәйкес факультетімізде білім алушылардың деңгейін көтеру және жан-жақты даму үшін, Шыңжаң университетіне студенттерімізді 10.07-21.07.2024 ж аралығында жазғы мектепте білім алу мақсатында іс-сапарға жіберу жоспарлануда.
Мұндай беделді университеттермен ынтымақтастық екі ЖОО-да әлемдік академиялық қоғамдастықта беделін арттырады. Студенттер мен оқытушылар толеранттылық пен өзара түсіністікке ықпал ететін басқа елдің мәдениетін, тілін және дәстүрін сезіне алады.
Жазғы мектеп болашақта студенттерімізді халықаралық ортада мансаптық өсу мүмкіндігін арттырады деп ойлаймыз. Университеттер арасындағы өзара байланыс екі елдің білім сапасын арттыруға көмектесетін білім және ғылым саласындағы озық тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, әртүрлі елдердің беделді университеттері арасындағы қарым-қатынастарды кеңейту — бұл барлық қатысушыларға пайда әкелетін білім, ғылым және халықаралық қатынастарды дамытуға ықпал ететін тиімді ынтымақтастық.

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Ақтымбаева Әлия Сағындыққызы,

география ғылымдарының кандидаты, доцент.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА АҚСАҚАЛДАР БАСТАҒАН МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қаржы алаяқтарының мақсаты адамдардың ақшасын түрлі жолдармен иемдену

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
353
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
214
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
159
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.