ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА АҚСАҚАЛДАР БАСТАҒАН МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ — Төрттаған
Вторник, 22 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА АҚСАҚАЛДАР БАСТАҒАН МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

11.07.2024
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА АҚСАҚАЛДАР БАСТАҒАН МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

READ ALSO

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Түркістан қаласының тұрғындары республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене атсалысып келеді.
Бүгін кезекті рет облыс орталығында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Оған қаланың жанашыр тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтар қатысты.
Сенбілік іс-шарасы барысында қала аумағындағы 11 көшеде тазалық жұмыстары жүргізілді. Жолдардың бойы мен арық-атыздар қоқыстан тазаланып, шөптер орылып, ағаштар ретке келтірілді. Бұл жұмыстарға 800-ден астам адам қатысып, 22 техника жұмылдырылды.
Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков Қазыбек би көшесінің, Кентау және Қызылорда тас жолы бойын аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Жаңа қала аумағында пайда болған қоқыс алаңдарының тазалануын да қадағалады.
Тазалық жұмыстарына ақсақалдар алқасы мен билер қауымдастығы да өз үлесін қосты. Ардагер ақсақалдар Т.Баялиев көшесінде тазалық жұмыстарын жүргізіп, көпке үлгі көрсетті. Облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов рухани астанада «Таза Қазақстан» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, аға буынның бұл игі істен алдағы уақытта да тыс қалмайтынын атап өтті.
Түркістан қаласында көгалдандыру, абаттандыру және тазалық жұмыстары кестеге сай қаладағы базарлардың аумағында да жүргізіліп келеді. Қала аумағында орналасқан базарлардың тазалығы да тұрақты бақылауға алынған. Бұл жұмыстарға жауапты мекеме және жауапты қызметкерлер бекітіліп, екі ауысыммен жұмыс жасап жатыр. Бірінші ауысымға 2 арнайы техника жұмылдырылып, 15 қызметкер тартылған. Ал екінші ауысымда 3 арнайы техника және 8 адам тазалық жұмыстарын атқаруда.
Түркістан қаласында орналасқан сауда орындарының иелерінің ұйымдастыруымен әр аптаның дүйсенбі күні әктеу, сырлау және тиесілі аумақты тазалау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, базарлардың аумағында қосымша 71 қоқыс жәшіктері орнатылды.
Адам көп шоғырланатын сауда орындарының айналасын күл-қоқыстан таза ұстау және санитарлық нормалардың сақтау бойынша базар басшылығына арнайы хаттар жолданды.
Айта кетейік, түркістандық тұрғындар, кәсіпкерлер мен сала өкілдері өз аймақтарында тазалық жұмыстарын тұрақты жүргізіп тұрады. Сондай-ақ әр салаға тазалық күні бекітілген.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Қарызданудан бас тарту арқылы алаяқтардан қорғанудың қандай мүмкіндіктері бар?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Халықаралық жазғы мектеп білім алмасу мен Қазақстанды мәдени байытуға арналған трамплин ретінде

Оқи отырыңызМақалалар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
6
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
5
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
168
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.