Жасөспірімдік жастағы суицидтік мінез-құлықтың көрінісі өзгеше. Жасөспірімдер тобында психикалық бұзылыстардың, мысалы, зерігу мен шаршау сезімі, ұсақ-түйектерде назар аудару, бүлікке бейімділік және бағынбаушылық, алкоголь мен есірткіні пайдалану қосылады. Жалпы, жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқына құрбыларымен және ата-аналарымен жеке қарым-қатынасының елеулі ықпалы туралы айтуға болады. Л.Я.Железнованың пікірінше, жасөспірімдік жасқа дейінгі кезеңде «отбасылық» проблемалар, ал жасөспірімдік жаста — «жыныстық» және «махаббат» проблемалары басым. Өкінішке орай, салыстырмалы түрде аз зерттелген тағы бір өте маңызды фактор – жасөспірімдер субмәдениетінің әсері. 14 жастан кейін суицидтік мінез-құлық қыздарда да, ер балаларда да бірдей көрініс табады. Жастық шақта суицидтік мінез-құлық жиі жыныстық-тұлғалық қарым-қатынастармен, мысалы бақытсыз махаббатпен байланысты болады. Топ ретінде жастар күйзелуге бейім. Күйзелу дәрежесі жиі суицидтік қауіп-қатердің маңызды көрсеткіші болып табылады. Сондықтан да жасөспірімнің жан дүниесіне құрметпен қарап, оның сезіміне тереңірек мән беріп, қолдау көрсетейік. Осы ретте ойымызды қорытындылай келе, аталған мәселені шешуде есресектердің, оның ішінде, педагогтардың, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілік сезімдерін, байқампаздығын, баламен жылылық қарым-қатынасын күнделікті өмірдің басты ұстанымы ретінде қарауымыз қажет. Себебі, кәмелетке толмағандардың өміріне, балалық шағының әрбір кезеңіне, оның тұлғалық қалыптасуына, әлеуметтенуіне, өмірден өз орын табуына әркез ересектер жауапты екендігін естен шығармағанымыз абзал.
А.Маханбетова, педагогика ғылымдарының кандидаты