Түркістан облысы полиция департаменті тарапынан облыс тұрғындарымен кездесу, зейнеткерлермен әңгімелесу, мессенджерлер арқылы алдын алу сипатындағы бейнероликтер мен суреттер тарату – интернет-алаяқтық фактілерінің алдын алу үшін осы жұмыстардың барлығын полиция қызметкерлері күнделікті жүргізеді. Адамдарға облыс тұрғындарына қатысты қолданатын кең таралған айла-тәсілдер, олардан қорғану амалдары туралы айтылады.
Қазіргі таңда ең кең тараған қылмыс түрлерінің бірі алаяқтық, оның ішінде қаржы қызметтерінің сандық форматқа ауысуына байланысты жиілеп кеткен интернет-алаяқтықтар болып отыр. Алайда шығыны көп интернет-алаяқтық фактілерінің азаятын түрі жоқ.
Алаяқтардың транзакциялар жүргізу, алдын ала төлем талап ету және ақша аудару туралы күмәнді ұсыныстарына сенбеген жөн. Жедел уәкілдер зейнеткерлердің әрқайсысына алаяқтармен сөйлескен кезде қолданатын әрекеттер алгоритмін түсіндіріп берді.
Алаяқтық атаулының алуан түрін меңгергендер айылын жиятын күн байқалмайды. Халықты судағы балықтай көрген табанының бүрі жоқ алаяқтар енді интернет арқылы қарапайым жұртшылықтың қалтасын қағып, соқыр тиынына дейін алып кетуден қымсынар емес. Жеңіл жол арқылы табысқа кенелгісі келетіндердің жасаған қылмысы төрт жыл бедерінде он есеге дейін артқаны ойландырмай қоймайды.
Интернет — платформаларда тауарларды сатып алу және банктер мен полиция өкілдерінен алаяқтық қоңыраулары сияқты дәстүрлі схемалардан басқа, алдаудың жаңа түрлерінің өсуі байқалады, оның ішінде зиянды қосымшаларды орнату және мессенджерлерде күдікті сілтемелерге өтуге сұрау салу.
Халықтың қаржылық сауаттылық деңгейінің төмендігіне байланысты әлеуметтік желідегі танымал видеохостингтер мен түрлі схемалар арқылы қылмыскерлердің құрбанына айналады.