Қазақстандықтар бір-ақ сәтте компанияларда қаржы пирамидасының белгілерінің бар-жоғын тексере алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпарттық агенттігі.
Қаржылық мониторинг агенттігі әзірлеген Telegram мессенджеріндегі бот азаматтарға қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың әрекеттерінен қорғануға көмектеседі.
«Пайдаланушыға компанияның/ұйымның сайтына, Instagram парақшасына, Vkontakte тобына немесе Telegram арнасына https://internet.zzz (com, ru, kz және т.б.) немесе интернет.zzz (com, ru, kz және т.б.) форматта сілтеме енгізу жеткілікті. Сонымен қатар, сізге табыс ұсынатын компанияның БСН арқылы тексеруге болады. Іске қосудың бірінші кезеңінде Telegram мессенджерінде бір аккаунттан тәулігіне 5 реттен көп сұрау жіберу мүмкін емес», — деп жазды агенттіктен.
2022 жылы қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидаларын ұйымдастыру фактісі бойынша 85 қылмыстық істі аяқтады. Биыл 29 қаржы пирамидасы жойылды. 15 іс бойынша үкім шығарылып, 23 адам сотталды.
Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидаларына тартатын алаяқтармен белсенді күресті жалғастыруда. Осыған орай азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.