Қазіргі ақпараттың көбі – фейк — Төрттаған
Вторник, 26 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

 Қазіргі ақпараттың көбі – фейк

20.04.2024
Қоғам
0

Қазіргі ақпараттың көбі – фейк. Өйткені ақпарат та бизнес. Сондықтан ақша табу үшін фейк ақпарат ойлап табу әлдекімдерге өте тиімді.

2. Адам баласының түрлі конспирологиялық фейк ақпараттарға сенуіне оның белгілі бір саяси идеологияға деген сенімі, санасының когнитивті ойлау қабілеті және ақпаратты қабылдау психологиясы әсер етеді. Мысалы, либералды идеологиялық көзқарастағы америкалықтар Трамп әкесінің Ку-клукс-клан мүшесі болғанына сенеді. Ал консервативті көзқарастағы америкалықтар Трамптың демократтар бастаған педофилдер кабаласына қарсы жалғыз күресіп жатқанына сенеді. Осы екі конспирология өткен жылы ең көп тараған жалған ақпараттар тізімінде болды. Одан бөлек, жалған ақпарат сіздің өмірлік құндылықтарыңыз бен сіздің ойлау шеңберіңізге икемделген болса, оның рас не өтірігін тексермей бөлісу ықтималдығы артады. Содан соң, адам баласы желіде көрген ақпараттың шын не өтірігін және ресурстың қаншалықты сенімді екенін анықтай алмаса, ол қабылдау психологиясына, яғни сол мақалада көрсетілген барлық дерекке тікелей сену процесіне жүгінеді. Адамдардың жалған ақпаратқа бірден сенбеуі үшін екі бағытта жұмыс істеуіміз керек. Адам баласының сыни ойлау қабілетін арттыру, яғни желідегі кез келген ақпаратқа скептикалық тұрғыдан қарап, ондағы деректерге фактчекиң жасауды үйрету керек. Сондай-ақ азаматтардың медиа мен билікке сенімін арттыру қажет. Ол үшін медиа барынша кәсіби әрі объективті, ал басқарушы органдар барынша әділ әрі ашық жұмыс істеуі тиіс. Бұл, әрине, утопиялық көзқарас, бірақ біздің ұмтылатын биік сол болуға тиіс.

READ ALSO

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар

Ынтымақ – Қазақстанның күш-қуаты мен жастар болашағының негізі

3. Жалған ақпарат таратушылар әдейі немесе өзі білмей таратушылар болып екіге бөлінеді. Өзі білмей тарататындар қатарына өз жұмысын кәсіби деңгейде істемейтін журналистерді және ақпаратты тексермей бөлісе салатын азаматтарды кіріктіре аламыз. Ал әдейі таратушылар түрлі мотивтермен әрекет етеді. Мысалы, әдейі жалған ақпарат тарататындардың саяси мотиві болуы мүмкін. Діни көзқарасы басым консерватор америкалықтар Трамптың билікке келгенін тікелей Құдайдың бұйрығы деп сенеді және олар Трамптың жалғыз өзі шайтанға бағынатын педофилдер тобына қарсы күресіп жатқанына да сенеді. Бұл Qanon конспирологиясы атауымен белгілі. NPR ресурсының 2020 жылғы сауалнамасының нәтижесіне орай америкалықтардың 17 пайызы жоғарыдағы конспирологияға толық сенетін болып шықты. Бұл олардың саяси әрі діни идеологиясының жалған ақпаратпен сәйкес келуінен болып отыр. Мұндай азаматтар өз мүддесін, яғни жоғарыдағы сенімін таратуды өз өмірлік миссиясы деп тауып, соны барынша таратуға күш салады. Вакцинаға қарсы үгіт-насихатпен айналысатын азаматтар идеологиялық тұрғыдан өздерінің бет алған бағытын дұрыс деп біледі және өз көзқарасына сай емес барлық деректерді жоққа шығарады. Яғни олардың вакцинаға қарсы ойын өзгерту мүмкін емес дерлік. Жалған ақпарат таратуға адамдарды итермелейтін өзге де мотивтер бар. Біреулер әзіл аралас пранк үшін жалған ақпарат таратса, тағы біреулер өзіне көптің назарын аудартқысы келіп сол әрекетке барады. Сонымен қатар сатиралық бағыттағы медиа ресурстар да ақпаратты ойдан құрастырып  таратады. Оны шын не өтірігін анықтамайтын азаматтар оқып, жалған ақпаратты одан әрі таратуға үлес қосады.

Дайындаған Б.МҰРАТҚЫЗЫ

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Алаяқтармен күресті тоқтатпаймыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Фейк ақпарат ойлап табу әлдекімдерге өте тиімді

Оқи отырыңызМақалалар

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар
Қоғам

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар

21.08.2025
4
Ынтымақ – Қазақстанның күш-қуаты мен жастар болашағының негізі
Қоғам

Ынтымақ – Қазақстанның күш-қуаты мен жастар болашағының негізі

20.08.2025
3
ЫНТЫМАҚ БАР ЖЕРДЕ – ЫРЫС БАР
Қоғам

ЫНТЫМАҚ БАР ЖЕРДЕ – ЫРЫС БАР

20.08.2025
4
ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
4
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
434

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
357
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
220
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
169
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.