Жалған ақпаратқа алданбаңыз — Төрттаған
Среда, 11 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Жалған ақпаратқа алданбаңыз

13.04.2024
Қоғам
0
Жалған ақпаратқа алданбаңыз

Ақпараттық технологиялар жан-жақты дамыған қазіргі заманда есік алды емес, мұхиттың арғы жағындағы жаңалықты әп-сәтте естіп-көріп отырмыз. Ақпарат ағыны сәт сайын толасып, тереңіне батырып барады. Тіпті ненің шын, ал ненің жалған екенін бағамдау да оңай шаруа емес бүгінде.

Осы орайда американ жазушысы Джон Нейсбиттің: «Ақпарат ағынына ілесе алмай, білімнің жоқтығынан тереңге батып барамыз» деген сөзі еріксіз еске түседі. Өйткені бұл – бүгіннің шындығы. Әсіресе, бүкіл елдің үрейін қашырып, алаңдатып қойған коронавирус туралы таралып жатқан жаңалықтарда шек жоқ. Ал олардың бәрі бірдей шындыққа жанаспайтынын ойласаңыз, желдей ескен жалған ақпараттың зияны вирустан гөрі әлдеқайда көп екеніне көз жеткізесіз.

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНА ОРАЙ «ҮЗДІК МЕХАНИЗАТОР – 2025» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Әлеуметтік желілерде жарияланып, қолымыздағы телефонға келіп түсетін хабарламалар заман ақырды алдыңа алып келгендей күй кештіреді. «Өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай» жеткізетін небір айтқыштар ақпараттың рас-өтірігін ажырата алмайтындай етіп таратуда. Ал қазіргі қысылтаяң жағдайда онсыз да басы қатқан халық тағы да ақпараттың көптігі мен білімнің жоқтығынан фейк пен хайптың «құрбаны» болуда. Дәрігердің нұсқауынсыз жаппай дәрі сатып алушылар – дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі мен бағаның күрт көтерілуіне себепкер. Ал дәріханалар алдындағы ұзын-сонар кезек – вирустың тез таралуына таптырмас мүмкіндік.

Сондай-ақ емханалардағы жағдай мен дәрігерлер туралы алыпқашпа әңгімелер халықтың ақ халаттылар мен емдеу орындарына деген бұрынғы көзқарасын жойып, оларды емдеуші емес, керісінше, жан алушы Әзірейлдей көрсетеді. Ыстығы түспей жатса да, дәрігер шақырудан қорқып, өздігімен емделетіндер санының артуы да осыдан.

Атақты Ибн Сина жасап көрген тәжірибе ретінде ел арасына таралған мына бір мысалға қараңыз. Салмағы да, жасы да бірдей екі тоқтыны екі бөлек қораға қамап, алдарына тең көлемде жем-шөбін уақытылы салып тұрады. Жалғыз айырмашылық – екінші тоқты тұрған қораның бір бұрышына қасқырды қоса қамайды. Ал бірінші тоқты кең қорада жалғыз жатады. Қасқыр туралы ол, әрине, білмейді. Бірнеше күннен кейін қасқырмен көршілес болған тоқты өліп қалады. Оның себебі – бойды билеген қорқыныш пен үрей. Жанында көкжалдың тұрғаны, кез келген сәтте босап кетсе, момақан тоқтыдан түк қалдырмайтынын ойлаудың өзі қорқынышты.

Тәнге түскен жараға қарағанда, ой мен уайым осылай-ақ жанды жегідей жеп жібереді. Сондықтан жел сөзге еріп, өтірікке сеніп, өзіңіз бен айналаңызға кесіріңізді тигізбеуге тырысыңыз. Сіз таратқан жалған ақпараттың жаныңыздағыларға мысалдағы қасқырдай қорқыныш қамытын кигізіп қоймайтынына не кепіл?!
Таралып жатқан ақпараттың бәрін бірдей суға салған мақта сынды бойға сіңіре бермей, ақ-қарасын ажыратып, саралап-сараптап алғанымыз жөн.

 

Қ.МҰРАТҚЫЗЫ

 

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Елді дүрліктіру -ақылға қонымсыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Сонымен фейк дегеніміз не?

Оқи отырыңызМақалалар

Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНА ОРАЙ «ҮЗДІК МЕХАНИЗАТОР – 2025» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

05.06.2025
3
Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
12
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
164
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.