«Жұмыс бар, тек істеймін деген ниет керек!» — Төрттаған
Вторник, 10 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Жұмыс бар, тек істеймін деген ниет керек!»

16.01.2024
Жаңалықтар
0
«Жұмыс бар, тек істеймін деген ниет керек!»

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ҚУАТЫ 1000 МВТ БОЛАТЫН БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ МАҚСАТЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫ КЕЛДІ

Халықты лайықты жұмыспен қамту және әділ еңбекақы төлеу – мемлекеттің ең маңызды әлеуметтік саясаты. Бұл бағытта елімізде бірнеше бағдарлама жүзеге асырылуда. Алайда, бізде еңбекке қабілетті, бірақ жұмыссыз жүрген азаматтардың көбі ресми тіркеле бермейді. Тіпті, мұндай бағдарламалар туралы мүлде білмейтіндер де бар. Сосын бұл мәселені құнттамайтын азаматтар да аз емес. Жұмыс табылатынына күмәнданатындар да бар. Әсіресе, ер азаматтар. Жұмыссыз еркектің не әйелінің, не балаларының алдында қадірі болмайды. Ілінген жұмысқа барып, табыс табуға тырысқан олардан бүгін зейнетақы, медициналық әлеуметтік міндетті сақтандыру қорларына жарна да түсіп жатқан жоқ. Яғни олар қазір емдеу мекемелерінен тегін ем-дом ала алмай жүр,  ертең ең төменгі зейнетақы алуға мәжбүр болады. 
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаевадан жұмыспен қамтуға қатысты мемлекеттік бағдарламаларды оқырмандарымызға тағы бір түсіндіріп беруін өтіндік.
 
– Әсия Құралқызы, мемлекетітік бағдарламалар өңірдегі еңбекке қабілетті жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға қаншалықты септігін тигізуде?   
– Жұмыспен қамту – өте өзекті проблема. «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» осы мәселені түбегейлі шешу мақсатында қабылданған. Соның нәтижесінде былтыр Түркістан облысында 109 716 жұмыс орнын ашу жоспарланса, барлығы 133 620 жұмыс орны ашылып, жоспар 121,8%-ға орындалды. Атап айтқанда, 93 422 адам тұрақты, 40 198-і уақытша жұмысқа орналастырылды. Бұл – тәуір көрсеткіш.
Ұлттық жобалар аясында  іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалар бойынша  5 мың жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Нақты 432 жобаны іске асыру нәтижесінде 3 651 адам (73%) жұмысқа тартылды. Жұмысқа орналасқан 3 623 адаммен электрондық еңбек келісімшарты (ЭЕК) түзіліп, 3 485 адамға (95%) міндетті зейнетақы жарнасы (МЗЖ) аударылды.
 «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орнын құру» бағдарламасы бойынша 22 595 жұмыс орнын ашу көзделген. Бүгінгі таңда нақты 32 913 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.
 «Еңбек» бағыты бойынша 2023 жылы 91 521 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 54 406 адам (жоспар – 44 729 орын) тұрақты жұмысқа жолданды. Жұмысқа орналасқан адамдардың 81,9%-ына МЗЖ аударылып, олардың 74,7%-ымен ЭЕК түзілген. Ал, 37 115 адам (жоспар – 32 910 орын) уақытша субсидияланған жұмыс орындарына жолданды. Жұмысқа орналасқан адамдардың 97,9%-ына МЗЖ аударылып, 96,4%-ымен ЭЕК түзілген. Сонымен, өңіріміз бойынша
5 275 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 18 600 адам қоғамдық жұмыс орындарына, 9 007 адам «Жастар практикасы», 2 130 адам «Алғашқы жұмыс орны», 2 103 адам «Күміс жас» жобалары бойынша жұмысқа жолданды.
– «Ауыл аманаты» жобасы бір жылдың ішінде ауыл-аймақтағы жұмыссыздық мәселесін шешуге қаншалықты ықпал етті? 
– Өткен жылы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау аясында жаңа бизнес-
идеяларды дамытуға нақты 1 687 адамға грант берілді. Олардың бәрі жеке кәсіпкер ретінде салық органдарына тіркелді. Cонымен қатар, 594 жасқа былтырдан бастап жеңілдетілген 2,5 пайызбен 5 миллион теңгеге дейін шағын несие беру жоспарланды. Бүгінгі таңда конкурстық комиссияда 986 үміткердің бизнес-жобасы қаралып, 633 адамға шағын несие беру бойынша шешім шығарылды. Статистикалық мәліметке сәйкес, 2023 жылдың III тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 5,0%, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 1,7%, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,2%-ды құрады.
– Былтыр республика халқының саны 20 миллионға жетті. Демографиялық өсімге шетелден келген қандастарымыздың да қосқан үлесі аз болмаса керек…
– Әлбетте! Өткен жылы облысқа 855 отбасы, 1 263 этникалық қазақ қоныс аударып, қандас мәртебесін алды. Оның ішінде Өзбекстаннан – 1 216, Ауғанстаннан – 11, Тәжікстаннан – 11, Ресейден – 10,  Түркіменстаннан – 7, басқа да мемлекеттерден 8 адам келді. Этникалық қазақтардың басым көпшілігі негізінен өңіріміздің халқы тығыз орналасқан аймақтарына орналасты. Атап айтқанда, Сарыағаш ауданына – 429 адам, Ордабасы ауданына – 206, Қазығұрт ауданына – 188, Келес ауданына – 108, Сайрам ауданына – 69, Түлкібас ауданына – 64, Жетісай ауданына – 49, Мақтаарал ауданына – 52, Төлеби ауданына – 34, Шардара ауданына – 23, Түркістан қаласына – 24, Кентау қаласына – 10, Арыс қаласына – 5, Бәйдібек ауданына 2 адам  қоныстанды. Олардың басым көпшілігі арнайы оқу орындарын бітірмеген, сондықтан құрылыс саласында жұмыс істеп жүр. Бірқатары сауда-саттықпен және ауыл шаруашылығымен  айналысады. Жалпы, 797 адам немесе қандастардың 63,1%-ы еңбекке жарамды. Оның ішінде 17 адам жалдамалы жұмысшы, 580-і өзін- өзі жұмыспен қамтып отырса,  87-сі жұмыссыз, 113 адам басқа да санат сапында. Еңбекке жарамды  64 адамның білімі жоғары, ал, 334-і орта кәсіптік білім алған. Ал, 384 адам мектеп бітірген,  15 адамның орта білімі жоқ.
– Біз  шетелдік жұмыс күшіне әлі де мұқтажбыз ба? Көкейде жүрген тағы бір сұрақ, «Украинадан қашқандар Қазақстанды паналап отыр» деген қауесет қаншалықты рас? Біздің облысқа қанша босқын келді? 
– ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 541 бұйрығына сәйкес Түркістан облысы бойынша 2023 жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға 170 квота (І санат – 6,  ІІ санат – 44, ІІІ санат – 88, IV санат – 32)  бекітілді. Бөлінген квота негізінде өткен жылы 23 кәсіпорын мен ұйымға 133 шетел азаматына жұмыс істеуге рұқсат берілді.
Бүгінгі таңда, берілген рұқсат мерзімі аяқталмаған 129 шетелдік азамат 23 кәсіпорында жұмыс істеп жүр. Шетелдік жұмыс күшіне рұқсат алғаны және ұзартқаны үшін 87,8 млн. теңге салық алымы төленген.
Ал, босқын мәртебесін беру рәсімі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiш хатты тiркеу мен қарау қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 7 сәуірдегі №118 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Облысымызда 2 шетел азаматына (2 отбасы) пана іздеуші куәлігі (2 адам Украина елінен) және 10 шетел азаматына (4 отбасы) босқын куәлігі берілді. Оның төртеуі Украинаның, алтауы Ауғанстан Ислам Республикасының азаматтары. Осындай өтініштерді қарау барысында комиссия заңға сәйкес шешімдер шығаруда. Қосымша тексерулер қажет болған жағдайда бір жылға дейін мерзімін ұзартуға болады. Алдағы уақытта шағым немесе сот істері орын алған жағдайда заңға сәйкес пана іздеген адамдарды елден шығарып жіберуге жол берілмейді. Босқын мәртебесін беру бойынша құрылған комиссия пана іздеушілердің құжаттарын, олар берген ақпараттардың шынайылығын анықтап, жан-жақты зерделеп, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салып, бірге жұмыс жүргізіп келеді.
– Былтыр қараша айының алғашқы жартысында Түркістан облысы делегациясының құрамында Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының аудандары мен елді мекендеріне көшіп барған жерлестеріміздің хал-жағдайымен танысып қайтқан едік. Көпшілігі сонда тұрақтап, теріскейді түлетіп жатыр екен…
– Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі былтыр республика бойынша 6 727 квота бөліп, қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау көрсететін 7 өңір белгіленген болатын. Олардың қатарында Абай, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстары бар. Бөлінген квота негізінде Түркістан облысынан 475 отбасы, 1 953 адам қоныс аударды. Оның ішінде еңбекке жарамдысы 890 адам болса, оның 716-сы тұрақты жұмысқа орналасты.
Атап айтқанда, Павлодар облысына 165 отбасы (827 адам), Солтүстік Қазақстан облысына 212 отбасы (786 адам), Абай облысына 8 отбасы (23 адам), Ұлытау облысына 7 отбасы (37 адам), Шығыс Қазақстан облысына 27 отбасы (86 адам), Қостанай облысына 54 отбасы (190 адам) қоныс аударды.
Еңбексүйгіш, табиғаттың қатал сынынан қаймықпайтын түркістандықтар солтүстік өңірлерге тез бейімделіп жатыр. Бұл – қуанышты жағдай!
– Әңгімеңізге рахмет! Қызметтеріңізге табыс тілейміз!
 
Сұхбаттасқан С.ЖЕКСЕНБАЕВ
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

КЕЛЕС: АЛПАМЫС БАТЫР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА ӨҢІРДІҢ ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН: ҚУАТЫ 1000 МВТ БОЛАТЫН БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚУАТЫ 1000 МВТ БОЛАТЫН БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

05.06.2025
3
ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ МАҚСАТЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫ КЕЛДІ
Жаңалықтар

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ МАҚСАТЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫ КЕЛДІ

05.06.2025
3
ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР БАҚЫЛАНЫП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР БАҚЫЛАНЫП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

05.06.2025
3
СОЗАҚТА ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
Жаңалықтар

СОЗАҚТА ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

05.06.2025
3
ТҮРКІСТАНДА «САЛТАНАТ» БИ АНСАМБЛІНІҢ 70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ «БИ КЕРУЕНІ» КОНЦЕРТІ ӨТЕДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «САЛТАНАТ» БИ АНСАМБЛІНІҢ 70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ «БИ КЕРУЕНІ» КОНЦЕРТІ ӨТЕДІ

05.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

04.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.