Алаяқтар жер сипатып кетпесін — Төрттаған
Суббота, 5 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алаяқтар жер сипатып кетпесін

14.01.2024
Жаңалықтар
0
Алаяқтар жер сипатып кетпесін

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Тауарларға ғаламтор арқылы тапсырыс беру бүгінде үйреншікті жайтқа айналды. Үйден шықпай-ақ, қолыңыздағы смартфонмен керегіңізді сатып алуға болады. Әрине, бұл күні бойы жұмысбасты болып жүретін адамдарға ыңғайлы-ақ. Оларға шопинг жасау үшін дүкен аралауға мүмкіндік бола бермейді. Өкінішке қарай, интернеттегі сауданың бәрі сәтті бола бермейді. Сондықтан да «Fingramota.kz» халықтың қаржылық сауатын арттыру жобасы алаяқтардан барынша сақтануды ескертеді. 
Интернет-дүкен – кепілдік емес
Ғаламтор арқылы сатып алудың тиімді тәсілі – интернет-дүкендерге шолу жасау.  Алдымен интернет-дүкеннің барлық мәліметіне көз жүгіртіп, толық мәліметті зерделеп алыңыз. Сатып алушы тауарға тапсырыс береді, ол үшін төлем жасайды, бірақ жеткізуші тауарды тиісті уақытында жібермейді, қоңырауларға жауап бермейді. Тіпті мүлдем жоғалып кетуі де мүмкін. Интернет-дүкеннің қолдау көрсету қызметіне арыз жазу арқылы алаяқты табуға болады. Олар тапсырыс берілген тауардың жоғалып кету ықтималдылығын анықтайды. Мұндай жағдайда тұтынушыға ақшаны тез арада қайтарып береді. Егер кінә  курьерлік компания тарапынан орын алса, онда полицияға өтініш жазу керек.
Дұрысы мұндай проблеманы болдырмау үшін сатып алуды жүзеге асырмай тұрып, сатушының  қандай рейтингте тұрғанын, ол туралы қандай пікір қалыптасқанын зерттеп білген жөн. Осы мәліметтер негізінде қандай да тұжырымдар жасауға болады. Мысалы, сатушының қызметіне қысқа уақыт ішінде 5-10 пікір түссе, онда бұдан күдіктенуге болады. Іздеу жүйелерінен сатушының атын іздеңіз, мүмкін сіз олар туралы қызықты деректер табарсыз, бұл сіздің келеңсіз жағдайларға тап болмауыңызға көмектеседі.
Жеке берілген хабарландырулардың тәуекелі жоғары
Жарнамасы жер жарып, адамды еріксіз баурап алатын хабарландыруларға да ауызды ашып, көзді жұмып сенуге болмайды. Алаяқтардың әдеттегі «жұмыс» схемасы мынадай: сатып алушы өзіне қажетті өнімді тапқан кезде, «сатушы» басқа қалада екенін және тауарды пошта арқылы жібере алатынын айтады. Бұл ретте ол сатып алушыға поштаның немесе кең таралған курьерлік қызметтің жаңа сервисінің пайда болғанын айтады. Сондай-ақ, сізді үйден шықпай-ақ сатып алу бойынша төлемді 2 рет басу арқылы жүргізуге және бірнеше күннен кейін курьермен үйге жеткізу мүмкіндігінің бар екеніне сендіреді. Ол үшін сатушы порталда сәлемдеме рәсімін өзі «жасайды» және сатып алушыға сілтеме жібереді, оны ашып, сатып алушы өз картасының мәліметтерін енгізуі керек. Деректерді енгізгеннен кейін сатып алушының картасынан сатылған тауардың ақшасын ғана емес, барлық ақшаңызды алып қояды.
«Сатушыдан» сілтеме жасайтын порталдың өзі дизайн бойынша олардың логотиптері бар нақты пошта қызметтері сияқты жасалғандықтан ажырату қиын. Шын мәнінде олардың фишингтік сайт екенін браузердегі мәтіндік жол бойынша ғана білуге болады. Мұндай қызметтің бар-жоғын білу үшін ашылатын фишинг бетінде көрсетілген телефон нөмірлеріне емес, сайт жұмыс істейтін компанияның өзіне ресми телефондар арқылы қоңырау шалған дұрыс.
Шындық сіз күткендей болмайды
Алаяқтар жөнелтілімді нақты пошта арқылы жіберген  күнде де оларға сенім жоқ. Себебі, хат-хабарларда алаяқ сатушы тауарды ең жақсы жағынан көрсететін фотосуреттерді жіберуі мүмкін. Сатып алушы келісілген тауарға толығымен ақы төлейді. Алайда, жөнелтілім келіп, сатып алушы тауарды қуана отырып ашқан кезде, тауар өте сапасыз болып шығуы мүмкін. Сіздің шағымға сатушы қайтаруды қабылдамайтынын, себебі ол фотосуретті алдын-ала жібергенін және сатып алушы кемшіліктерін бірден көрмегені үшін «өзі кінәлі» екендігін айтып, жауап береді.
Нәтижесінде, ресми түрде бәрі жақсы, ақшасын төлеп қойдыңыз, тауарды алдыңыз, бірақ іс жүзінде бұл тауар сіз күткен және айтылған сапасына сәйкес келмейді. Мұндай жағдайда шығынның орнын қалай да толтыру үшін сатып алушы сатушымен ішінара алдын-ала төлем жайында келісе алады, ал, қалған соманы тауарды алып, қабылдағаннан кейін аударуына болады.
Сонымен, интернет арқылы сауда жасағанда алаяқтық жағдайларға тап болмас үшін, кейбір қарапайым қағидаларды есте сақтаған жөн. Мәселен, егер тауарды интернет-дүкен арқылы сатып алсаңыз, сатушының рейтингін қарап, ол жайындағы пікірлерді оқыңыз. Тауарды басқа қаладағы сатушыдан хабарландыру бойынша сатып алғанда, жөнелтілімді ресми жеткізу қызметі арқылы жібергеніне көз жеткізіңіз. Сондай-ақ, қолайсыз жағдайларды болдырмас үшін пошта арқылы жіберілгеннен кейін бүкіл соманың 20 немесе 30 пайызын төлеп, қалған сомасын тауарды алған кезде төлеңіз. Сізге тапсырысты курьерлік қызмет сервисі арқылы төлеуді ұсынса, онда осы курьерлік қызметтің ресми телефондарына қоңырау шалып, мұндай сервистің бар-жоғын нақтылап алсаңыз болады. Сатушымен жазысқан бүкіл хабарды саудаңыз толық біткенше сақтаңыз. Бұл алданған жағдайда дәлел бола алады. Ақшаңыздан айырылып, тауарды алмаған болсаңыз, құқық қорғау органдарына бүкіл скриншоттарды ұсынып, өтініш жаза аласыз. Қаржылық сауатыңызды арттырсаңыз алаяқтардың арандатушылығынан аман қаласыз.
А.ПАЙЫСХАН
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

КӨПТІҢ ТІЛЕУІМЕН ЕЛ ТҮЛЕЙДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бізге цифрлық платформа құрмай болмайды

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
4
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.