Мобильді төлем: заңсыз кәсіпкерліктің жолын кеседі — Төрттаған
Воскресенье, 18 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Экономика

Мобильді төлем: заңсыз кәсіпкерліктің жолын кеседі

17.01.2024
Экономика
0
Мобильді төлем: заңсыз кәсіпкерліктің жолын кеседі

READ ALSO

Қазақстанның онлайн-платформадағы ұлттық павильондары: жаһандық саудада отандық брендті ілгерілетуге жаңа қадам

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІНІҢ ЖАҢА ДӘУІРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА

Жаңа жылмен бірге қабаттаса кірген «жаңашыл жүйе» тұрғындардың жүйкесіне тиді. Сатушылар мобильді аударымдарды қабылдаудан бас тартып, ал, сатып алушының қалтасында нақты ақша болмай, түсінбестік орнап жатыр. 
Естеріңізге сала кетейік, 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілері мемлекетке табысы туралы есеп (декларация) бере бастайды, ал, мобильді төлемдер мен аударымдар бақылауға алынады.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары мобильді аударымдарды тексеру заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығару мақсатында қолға алынды деп түсіндіруде.
«Кейбір кәсіпкерлер сатылған тауарлар немесе қызметтер үшін төлемді мобильді аударымдар арқылы алады. Әдетте, бұл аударымдарда кассалық аппарат, POS-терминал немесе QR-код пайдаланылмайды. Мұндай жағдайда түбіртек берілмей, тұтынушылардың құқықтары бұзылады. Мемлекет барлық мобильді аударымдарды тексермейді. Тек бір азаматтың картасына  үш ай қатарынан ай сайын әртүрлі 100 тұлғадан немесе одан да көп мобильді аударымдар түссе, яғни кәсіпкерлік қызметтің белгілері байқалған жағдайда ғана тексеру жүргізілетін болады» дейді сала мамандары.
Десек де, мұны бәрі бірдей түсініп жатыр дей алмаймыз. Балаларымызды күнделікті балабақша, мектеп, қосымша курстарына тасымалдау үшін «Яндекс такси» қызметіне жүгінеміз. Жүргізушілер бүгінде мобильді төлемді қабылдаудан бас тартып, нақты ақша талап етуге көшті.
«Өзімнің жеке көлігім жоқ. Жалданып жұмыс істейтін біз секілді азаматтарға бұл  қолайсыз. Күні-түні үй бетін көрмей тапқан табысымыздың бір бөлігі көлік иесіне, қалғаны бензинге, солардан артылғанын ғана үйге апарамыз. Екі күннің бірінде ескі көлігіміз бұзылып, қаңтарылып тұрып қалатын кезіміз көп. Тәулік бойы жұмыс істейтін  дүкендер бар, олардың қаржылық айналымы үлкен, солардың өзі мобильді аударымнан бас тартып отыр. Жаңа жылдан бастап отбасымызбен талайдан бері ұстап көрмеген теңгемен қайта қауышып, қолма-қол ақшамен жұмыс істеуге көштік» дейді жүргізуші Бекнұр Қали.
Нақты кімдердің мобильді аударымдары тексерілетіні туралы дұрыс түсінбей жүрген жалғыз Бекнұр емес.  Мемлекеттік кірістер комитеті мамандарының түсіндіруінше, жеке тұлғалар бұрынғыша өздерінің жеке мақсаттары үшін туыстарына, достарына, ата-аналарына, балаларына және басқа да өмірлік жағдайларға байланысты мобильді аударымдар жасай алады. Бұған ешқандай шектеу қойылмаған. Егер сіз банктің қосымшасындағы QR-кодпен төлем жасасаңыз,  бұл – заңды. Өйткені, QR-код қосымшасы бизнеске арналған. Алайда, сіз аударым арқылы 3 ай көлемінде 300 адамға қаржы жіберсеңіз немесе тура осындай тәсілмен банк картаңызға ақша түссе, онда сіз кәсіпкерлікпен жасырын айналысып жүрсіз деген сөз.
Сонымен қатар, кейбір орындарда кәсіпкердің қолма-қол ақшамен төлем жасауды талап етуі заңсыз және ол талап тұтынушылардың құқықтарын бұзады. Кәсіпкерлер мобильді төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін бірінші рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған хаттама толтырылып, ескерту жасалады, ал бұл әрекет тағы қайталанса – 147 680 теңге (40 АЕК) көлемінде айыппұл салынады (ӘҚБтК-нің 194-бабы).
Тұтынушылар қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы тұрғылықты жерлері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына жүгіне алады. Ол үшін 1414 сенім телефоны жұмыс істейді немесе болған жайды бейнежазбаға түсіріп, оны Wipon Cashbech қосымшасы арқылы кірістер органдарына жолдауға болады. Ал, такси жүргізушілері жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. Мұны «e-Salyq Business», «Egov Mobile» және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары («Halyq bank», «Kaspi bank», «BankCenterCredit») арқылы іске асыруға болады. Сондай-ақ, олар қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін онлайн режимде кәсіпкерлік банк шотын ашса, тұтынушылардың төлемдері сол шотқа түсіп тұрады. Қолында смартфоны бар такси жүргізушісіне кассалық аппарат немесе POS-терминал алып жүру қажеттігі туындамайды. Сондықтан салықтан жалтарып, айыппұл арқалағанша,  салықтық міндеттемелерді адал орындау әлдеқайда тиімді болғалы тұр. Өйткені, қазір елімізде бизнес жүргізуге және оны дамытуға қолайлы жағдай жасалған. Салық режимдерінің тәртібі жеңілдетіліп, оның мөлшерлемелері қызмет түріне байланысты тек 1-4%-ды ғана құрап отыр. Келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін кәсіпкер мобильді аударымдарды қабылдап, уақтылы салық төлеп отырса болғаны. Бұл ретте мобильді аударымдарды тексеру адал салық төлеушілерге әсер етпейді. Әділдік және міндетті салық салу принциптері жүзеге асырылған жерде түсінбестік орын алмайды. Сонымен қатар, банктер мемлекеттік кірістер комитетіне кәсіпкерлік қызметке байланысты шоттар жөнінде мәліметтерді бере бастады. Банктер ақпаратты кезең-кезеңімен беруде. Мәселен, былтырдан бастап мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары бойынша (2022 жылдың қорытындысы бойынша) мәліметтер тексерілуде. Ал, биылдан бастап мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары (2023 жылдың қорытындысы бойынша) декларация тапсырады. 2025-2026 жылдан бастап халықтың кіріс-шығысы анықталатын болады.
Сала мамандары адал салық төлеуге алып баратын бұл өзгерістің өмірімізге етене сіңіп кететініне сенімді. Сол сіңісті болып кеткенше ел арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тура келеді.
Заңға жүгінсек, мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлікпен айналысуына тыйым салынған. Бірақ олардың жұбайларының бизнес жүргізуге құқы бар. Қандай төлем болса да, ақша кәсібіңізге байланысты ашылған банк шотыңызға түсіп отырса болғаны, ешкім тергеп-тексермейді.
Әлеуметтік желі арқылы қайырымдылықпен айналысушы азаматтардың шоттарына да жүздеген, мыңдаған адамнан ақша түседі. Мұндай жағдайда төлемдердің мақсаты мен себебін анықтау үшін  тексеру жүргізіліп, камералық бақылау аясында хабарлама жолданғаннан кейін салық төлеуші хабарламаға түсіндірме бере алады. Сонымен қатар, олардың қолында қайырымдылық көмек ретінде қабылданғанын растайтын құжат болуы міндетті. Бір ескеретін жайт, салық заңнамасына енгізіліп жатқан өзгерістер жаңа салық түріне жатпайды. Кәсіпкерлер салық режимін бұған дейін қандай негізде жүзеге асырған болса, алдағы уақытта да салық есептерін дәл солай жүргізе береді. Бұл өзгеріс табыс көзіне сай салық төлеп жүрген кәсіпкерлерге әсер етпейді, тек заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталғанын баса айтқымыз келеді.
А.ПАЙЫСХАН
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Бөдене өсірумен айналысу – берекелі кәсіптердің бірі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

КЕЛЕС: 10 111 ЗАҢДЫ ТҰЛҒА МЕН ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР 250.00 ҮЛГІДЕГІ ДЕКЛАРАЦИЯ ТАПСЫРАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Қазақстанның онлайн-платформадағы ұлттық павильондары: жаһандық саудада отандық брендті ілгерілетуге жаңа қадам
Экономика

Қазақстанның онлайн-платформадағы ұлттық павильондары: жаһандық саудада отандық брендті ілгерілетуге жаңа қадам

05.05.2025
3
ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІНІҢ ЖАҢА ДӘУІРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІНІҢ ЖАҢА ДӘУІРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА

25.04.2025
6
ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА 1 МЛРД. 750 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА 1 МЛРД. 750 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

23.05.2024
3
ОНЛАЙН ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАНДАЙ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ ҚАБЫЛДАУҒА МІНДЕТТІ?
Экономика

ОНЛАЙН ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАНДАЙ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ ҚАБЫЛДАУҒА МІНДЕТТІ?

18.01.2024
15
ТҮРКІСТАН: АҒАШ ШЕБЕРІ ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕП КЕЛЕДІ
Экономика

ТҮРКІСТАН: АҒАШ ШЕБЕРІ ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕП КЕЛЕДІ

14.01.2024
25
Халықтың әл-ауқатын көтеру: міндет пен меже
Экономика

Халықтың әл-ауқатын көтеру: міндет пен меже

14.01.2024
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
428

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
349
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
211
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
152

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.