Бөдене өсірумен айналысу – берекелі кәсіптердің бірі — Төрттаған
Воскресенье, 1 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бөдене өсірумен айналысу – берекелі кәсіптердің бірі

17.01.2024
Жаңалықтар
0
Бөдене өсірумен айналысу – берекелі кәсіптердің бірі

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Иә, иә, бөдене өсірумен айналысу – бүгінде берекелі кәсіптердің бірі. Өзі жұдырықтай ғана, жұмыртқасы кішкене болғаннан соң ба, оны өсіруге былайғы жұрт аса көңіл бөле бермейді. Ал, бөдене өсірумен айналысатындар  одан көл-көсір пайда тауып отырғандарын жасырмайды. 
Бөдене қырғауылдар тұқымдастарына жатады. Ақшыл жолақты кішкене сұр құс еліміздің шөл далалары мен аса биік емес тау етектерінде ұялайды. Сол жерлерде қыстап та қалады.
Ал, осы бөденені өсіруге Бәйдібек ауданы, Шаян ауылының тұрғыны Ғалымжан Тұрдалының көңілі қалай ауды? Өзінен сұрап көрейік.
– 2001 жыл мен үшін өте ауыр болды. Ішім бүріп ауырып, аз ғана уақыттың ішінде кәдімгідей жүдеп қалдым. Ішкенімді ішкендей құсып тастаушы едім. Тіптен, судың өзін сіңіре алмадым. Бұл кезде мен Алматы қаласында «Қазақстан-1» ұлттық арнасында жұмыс істеп жүрген едім. Қаралмаған дәрігерім жоқ. Содан бір күні таныс жігіт кездесіп қалды. Ол менің мына түрімді көріп шошып кетті. Мен жағдайымның мүшкіл екенін жасырмадым.
– Ғалымжан, сен саспа. Мен бөдене өсіремін. Соның жұмыртқасын беріп тұрамын. Шикілей жұт. Әлі-ақ шауып кетесің, – деді.
Мен оған сенбедім. Сонда да бөдене жұмыртқасын ішіп көргім келді. Досым күнде бір қорап жұмыртқа әкеліп тастайды. Мен оны жарып, уызын шикідей жұтамын. Байқаймын, денсаулығым күн санап жақсарып келеді. Осылай жағдайым бірте-бірте оңала бастады. Енді, міне, көріп тұрсыз, ауырған адамға ұқсаймын ба? – деп күледі кәсіпкер Ғалымжан.
Мұнан соң ол бөдененің пайдасы жөнінде іздене бастапты. Санкт-Петербург қаласындағы радиациялық гигиена ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары ақ егеуқұйрыққа жүргізген тәжірибе кезінде бөдене жұмыртқасынан дайындалған тағамды жеген адамда сәулелі ауру болмайтынын, болған күнде де жеңіл өтетінін білген. Жапония мен Қытай бірнеше ғасырдан бері бөдене еті мен жұмыртқасын халық медицинасында пайдаланады екен. Ал, Жапония мектеп оқушысының таңертеңгі ас мәзіріне бөдененің екі жұмыртқасын міндетті түрде енгізетін көрінеді. Ол балаларды бөртпе мен диатезден құтқарады. Сондай-ақ, баланың ойлау қабілетін арттырады. Қысқасы, бөдене жұмыртқасы анемияға, бас ауруына, демікпе мен туберкулезге, қан қысымының көтеріліп және түсіп кетуін реттеуге, суық тию мен тұмауға, асқазан және ішек ауруларына, әсіресе асқазан жарасы мен гастритке ем екенін Ғалымжан өз ауруынан айыққан соң іздене жүріп, әртүрлі басылымдардан біліп алыпты. Мұнан соң ол бөдене асырауға бет бұрады.
Бұл күнде оның бағымында 1300 бөдене бар. Оны 2000-ға жеткізуді жоспарлап отыр. Таяуда Ғалымжан Созақ ауданына барып, өндіріс орындары басшыларымен кездесіп, бөдене жұмыртқасын тұрақты жеткізіп беру жөнінде сөйлескен. Олар әр күн сайын 5000 дана бөдене жұмыртқасын алып тұруға құмбыл. «Сол үшін бөденені көбейтуім керек» дейді кәсіпкер. Ғалымжан сонымен қатар таяуда Ташкент қаласына барып, бөдене етінен сорпа жасауды үйреніп қайтыпты. Кәсіпкер Ғалымжан Тұрдалы бөденемен қатар түйеқұс та өсіреді екен.
– Бөдене өсірудің өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, бөдене тұратын орынның температурасын үнемі қадағалап отыру қажет. Кіп-кішкентай құс тазалықты сүйеді. Бөдене балапандарын екі сағат сайын тамақтандырамыз. Бөдене балапандарын өсірудің алғашқы аптасында қатты пісірілген, майдалап ұнтақталған тауық немесе бөдене жұмыртқаларын, оның қабығын, дақыл жармаларын, одан кейін балапандарға арналған зауыт жемдерін береміз, – дейді кәсіпкер.
Ғалымжан бизнесті қолдау қорынан 1 миллион 380 мың теңге несие алған. Әйткенмен, бұл қаржы аздық ететін сияқты. Бір ғана бөлмедегі ауаны реттеп отыратын аппарат сатып алуға қыруар қаржы жұмсапты. Бөдене мен түйеқұсты өз есебінен көбейту арқылы табысын бірте-бірте еселеп келе жатқан Ғалымжан бүгінде 5 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Кәсіпкердің ендігі мақсаты – бөдене шаруашылығын одан әрі дамыту. Бұл үшін бөдене еті мен жұмыртқасын сататын шағын дүкен ашуды көздеп отыр.
Біріншіден, бөдене – адам денсаулығы үшін таптырмас ем. Екіншіден, берекелі бизнес. Сондықтан бұл кәсіпті одан әрі дамыта берсем, – дейді кәсіпкер бізбен қоштасып тұрып.
Оған сәттілік тіледік.
С.ОЛЖАБАЙ, Бәйдібек ауданы.
Суретті түсірген Қ.ШЕРІМ.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ӘУЕЖАЙ – ТҮРКІСТАННЫҢ ЖАҢА ТАРТЫЛЫС АЙМАҒЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мобильді төлем: заңсыз кәсіпкерліктің жолын кеседі

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
353
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
214
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
159
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.