Қазақстанның онлайн-платформадағы ұлттық павильондары: жаһандық саудада отандық брендті ілгерілетуге жаңа қадам — Төрттаған
Воскресенье, 25 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Экономика

Қазақстанның онлайн-платформадағы ұлттық павильондары: жаһандық саудада отандық брендті ілгерілетуге жаңа қадам

05.05.2025
Экономика
0
Қазақстанның онлайн-платформадағы ұлттық павильондары: жаһандық саудада отандық брендті ілгерілетуге жаңа қадам

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІНІҢ ЖАҢА ДӘУІРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА

ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА 1 МЛРД. 750 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

Экспорттық әлеуетті кеңейту және қазақстандық тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілету мақсатында Азиядағы ең ірі B2C алаңдарының бірі саналатын Қытайдың JD.com платформасында Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонын дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Бүгінгі таңда ұлттық павильонда азық-түлік, косметика, бал және басқа да сұранысқа ие тауар санаттарын қоса алғанда, 15 қазақстандық тауар өндірушінің 44 өнім түрі ұсынылған.
Павильон іске қосылған сәттен бастап сатылған өнімнің жалпы көлемі 2,4 млн юаньды құрады, оның 1,18 млн юаньнан астамы — 2024 жылға тиесілі.

Қазақстандық өнімдер онлайн сату алаңынан бөлек, Қытайдағы офлайн-көрмелерде және B2B-презентацияларда тұрақты түрде ұсынылады. Бұл сауда байланыстарын нығайтуға, брендтердің танымалдылығын арттыруға және экспорттық географияны кеңейтуге ықпал етеді.
Негізгі бағыттардың бірі — ҚХР нарығында тез танымал болып келе жатқан электрондық сауданың жаңа форматы — стриминг-сатуды дамыту.

Мәселен, өткен жылдың қараша айында Қытайдың халықаралық импорттық көрмесі (CIIE 2024) аясында, Jiangsu Soho Holding Group Co Ltd,серіктестерінің қолдауымен Douyin (TikTok аналогы) платформасы арқылы стриминг жүргізілді. Онда Қазақстанның ұлттық стриминг-павильонының ресми ашылуы өтті.

Тікелей эфирде қытайлық тұтынушылар өнімдермен нақты уақыт режимінде танысуға, сұрақтар қоюға және сатып алуды дереу рәсімдеуге мүмкіндік алды. Трансляция қорытындысы бойынша сату көлемі 450 мың юаньды құрады, бұл осы ілгерілету арнасының жоғары тиімділігін және тұтынушылардың Қазақстаннан келетін тауарларға деген қызығушылығын растады.

«Біздің міндетіміз — қазақстандық өнімнің жетекші цифрлық сауда алаңдарында жүйелі түрде болуын қамтамасыз ету. Біз экспортты JD.com, Alibaba.com, Europages, Noon және TikTok дүкені платформалары арқылы белсенді түрде дамытамыз. Бұл отандық компанияларға жаңа нарықтарға шығуға, экспорттық кірісті ұлғайтуға және жаһандық сауда тізбектеріне кірігуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті QazTrade АҚ Бас директоры Айтмұхамед Алдажаров.

QazTrade аналитикалық деректеріне сәйкес, 2024 жылы әлемде онлайн-сатып алушылар саны 2,71 млрд адамға жетті, ал электрондық сауда нарығының жаһандық көлемі 6,3 трлн АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 8,76% — ға артық.

Қазақстан Республикасында өткен жылдың қорытындысы бойынша электрондық сауда көлемі 3,2 трлн теңгені құрады, бұл бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінің 14,5% — на тең.

2029 жылға дейінгі болжамдар жаһандық онлайн-нарықтың одан әрі өсуін көрсетеді: пайдаланушылар саны 3,6 млрд адамға жетеді деп күтілуде, бұл ретте Қытай e-commerce әлемдік нарығындағы жетекші үлесті сақтайды. Бұл дәл Қытай бағытында қазақстандық қатысуды одан әрі нығайтудың стратегиялық маңыздылығын көрсетеді.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Түркістан облысында Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне 5 млн теңге көлемінде біржолғы қаржылай көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, тыл еңбеккерлері және жеңіске үлес қосқан басқа санаттардағы азаматтарға 50-100 мың теңге аралығында берілмек. Жалпы Түркістан облысында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген 3 017 адамға біржолғы ақшалай әлеуметтік көмек көрсету үшін аудан-қала бюджеті есебінен 212,8 млн теңге қаржы қаралған. Бұл жайында Түркістан облысының Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанабілов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді. «Түркістан облысынан Ұлы Отан соғысына 140 мыңнан астам азамат аттанып, оның 70 мыңы елге оралды. Оның ішінде 51-і Совет Одағының батыры, 1-і Халық қаһарманы және 8-і III дәрежелі «Даңқ» ордені кавалері атағын алған. Бүгінгі таңда облыс көлемінде 8 ҰОС ардагері бар. Оларға тек мереке қарсаңында ғана емес, жыл көлемінде түрлі көмек көрсетіліп, бірқатар жеңілдіктер қарастырылған»- деді спикер. Айта кетерлігі, Түркістан облысы бойынша Ұлы Отан соғысың ардагерлері мен Жеңіске қосқан елеулі үлесі бар 3008 азаматқа «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медальдар табысталса, 8 соғыс ардагеріне Мемлекет басшысының атынан арнайы құттықтау адресаты тапсырылып, ҰОС ардагерлері мен олардың отбасы мүшелерімен жеке кездесулер өткізілетін болады. Сонымен қатар, брифингке қатысқан Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Байғұтов облыс аумағында ҰОС ардагерлері мен Жеңіске үлес қосқан азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және әлеуметтік қолдау көрсетуге мұқтаждығын анықтау мақсатында әлеуметтік карта жасақталғанын жеткізді. «Осы әлеуметтік карта негізінде жыл бойы ардагерлердің және олардың отбасыларының қажеттіліктеріне сәйкес аудан-қала әкімдіктері және демеушілер тарапынан жеңілдіктер мен әлеуметтік қолдаулар көрсетіледі. Сондай-ақ, медициналық тексерулер мен оңалту қызметтері ұйымдастырылады. Жалпы жыл басынан бері 61 тыл еңбеккері санаторийлік-курорттық емдеумен және басқармаға қарасты мекемелерде сауықтыру қызметтерімен қамтамасыз етілді.» — деді Самат Талғатұлы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қапшағай су қоймасы екінші жыл қатарынан 100% толды

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІНІҢ ЖАҢА ДӘУІРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІНІҢ ЖАҢА ДӘУІРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА

25.04.2025
7
ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА 1 МЛРД. 750 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА 1 МЛРД. 750 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

23.05.2024
3
ОНЛАЙН ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАНДАЙ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ ҚАБЫЛДАУҒА МІНДЕТТІ?
Экономика

ОНЛАЙН ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАНДАЙ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ ҚАБЫЛДАУҒА МІНДЕТТІ?

18.01.2024
15
Мобильді төлем: заңсыз кәсіпкерліктің жолын кеседі
Экономика

Мобильді төлем: заңсыз кәсіпкерліктің жолын кеседі

17.01.2024
4
ТҮРКІСТАН: АҒАШ ШЕБЕРІ ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕП КЕЛЕДІ
Экономика

ТҮРКІСТАН: АҒАШ ШЕБЕРІ ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕП КЕЛЕДІ

14.01.2024
25
Халықтың әл-ауқатын көтеру: міндет пен меже
Экономика

Халықтың әл-ауқатын көтеру: міндет пен меже

14.01.2024
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
352
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.