ӘУЕЖАЙ – ТҮРКІСТАННЫҢ ЖАҢА ТАРТЫЛЫС АЙМАҒЫ — Төрттаған
Понедельник, 2 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ӘУЕЖАЙ – ТҮРКІСТАННЫҢ ЖАҢА ТАРТЫЛЫС АЙМАҒЫ

17.01.2024
Жаңалықтар
0
ӘУЕЖАЙ – ТҮРКІСТАННЫҢ ЖАҢА ТАРТЫЛЫС АЙМАҒЫ

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

”AMANAT» партиясы дамыған аймақтар қуатты экономиканың тұғыры болуы керек деген тұжырымды басшылыққа алады. Партияның саяси тұғырнамасында халықаралық стандарттарға сай транспорттық логистиканы құру басымдыққа ие бағдар болып бекіген.
Түркістан қаласындағы «Hazret Sultan» халықаралық әуежайы осыдан 3 жыл бұрын пайдалануға берілген еліміздегі заманауи үлгідегі инновациялық және технологиялық талаптарға сай келетін әуе айлақтарының бірі. Бүгін Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Алмаханұлы Абишов бастаған бірқатар облыстық мәслихат депутаттары Түркістан қаласының әуежайына барып, стратегиялық маңызы бар нысанның қызметімен танысты, даму бағдарламасын талқылады.
Айта кету керек, Түркістан облысы үшін ғана емес, тұтас Орталық Азия аймағы үшін жолаушылар мен жүк тасымалдауда айрықша орны бар әуе айлағының өркендеп, қанат жаюы «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасында қамтылған. Осы бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жол картасында Түркістан әуежайының халықаралық бағыттар бойынша ұшу географиясын кеңейтуге қатысты басымдық белгіленіп, күні кеше Түркістан – Әбу-Даби бағыты бойынша тұрақты әуе рейсі ашылды. Партиялық міндеттердің іске асырылу барысын депутат әріптестерімен бірге «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы партиялық фракция жетекшісі Алтынсары Дүйсенбекұлы Үмбетәлиев, партияның облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева қадағалады.
Стратегиялық маңызы бар нысанды басқаруда мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында «Turkistan International Airport» ЖШС-мен келісімшарт түзілген. Депутаттар әуе айлағының техникалық және технологиялық жабдықталуымен танысты. Әуе кемелерінің қауіпсіз қонуын қамтитын заманауи бақылау жүйелерінің қызметі, жолаушыларды қолайлы инфрақұрылыммен қамту, багаж және жүк тасымалын ұйымдастыру тәжірибелері жөнінде кең мағлұмат алды. Авиациялық қызметті қамтудың жер үстіндегі техникалық дайындығымен танысып шықты. Өкілді мемлекеттік органның мүшелеріне әуе айлағындағы ұшақтарды техникалық нормативтерге сай қауіпсіз қондыру мен ұшыруға байланысты техникалардың дайындығы, ұшу-қону жолағын күтіп-ұстауға жұмылдырылған техникалар, авариялық қызмет құрылымдарының жабдықталуы, жүктерді тексерудің лабороториялық мүмкіндіктері баяндалды. Компанияның алға қойған стратегиялық мақсаттары таныстырылып, айлақтың әуе кеңістігін кеңейтудегі іргелі қадамдары сараланды.
Қазіргі уақытта Түркістан халықаралық әуежайы Стамбул, Эль-Кувейт, Абу-Даби бағыттары бойынша 3 халықаралық және Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды, Қостанай маршруттары бойынша 7 республикаішілік әуе бағыттарына қызмет көрсетеді. Компания алдағы уақытта ұшу географиясын кеңейту, жүк тасымалы динамикасын арттыру міндеттемесін айқындаған.
Әуежайға авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың ИКАО мен ИАТА кодтары берілген. Түркістан әуежайы ИКАО-ның 1-ші санатына жатады. Әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 450 жолаушы немесе жылына 3 млн. жолаушыға қызмет көрсете алады. Әуежайдың ұшу-қону жолағы параметрінің 3300м х 45 м болуы және аэродром жабынының көтергіштік қабілетінің 80/F/C/W/T болуы барлық әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді. Әуежай бір мезетте 2 халықаралық немесе 4 ішкі рейстерге қызмет көрсете алады.
Әуежайдың жалпы ауданы — 905 гектарды, аэровокзалдың ауданы — 10750 шаршы метрді құрайды. 2023 жылы әуежайдың жолаушылар ағыны 359,5 мың жолаушыны құрады. Оның ішінде 65,1 мың адам – халықаралық бағыттар бойынша қызмет алса, 294,3 мың адам – ішкі рейстер бойынша қызмет алған. Еліміздегі әуежайлардың ішінен Түркістан әуежайы жолаушылар ағыны және авиамаршруттардың саны бойынша жетінші орынға, апталық рейстердің саны бойынша тоғызыншы орынға табан тіреген.
Маркетолог мамандар жүргізген талдаулар бойынша, авиабилеттерге Түркістан әуежайында қолданылатын тиімді тарифтер Қызылорда облысы және Шымкент қаласы тұрғындарының Түркістан әуежайы арқылы ұшуына оң әсерін берген. Одан бөлек, Түркістан қаласына Стамбул және Эль-Кувейт қалаларына ұшу үшін келетін Өзбекстан тұрғындарының саны артқан. Жолаушылар үшін тиімді тарифтер желісін ұсыну – Түркістан әуе айлағы айқындап отырған стратегиялық даму бағдары болып бекітілген.
«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы Түркістанның тарихи және рухани орталық мәртебесін ілгерілетуде Түркістан әуежайының әлеуетін кеңейтуге үлесін қосып, қалаға келушілер санын арттыруда нағыз тартылыс аймағы болуына жәрдемші болады.
Әуежайдың осы және өзге де қызметі таразыланып, талданған жиында облыстық мәслихат депутаттары бірқатар маңызды ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, тұрғындар қауіпсіздігін қамтуда, оның ішінде халықаралық деңгейдегі тарихи жәдігеріміз – Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің қорғалуын ұйымдастыруда әуе кемелерінің бағдарлық маршрутын қала сырты аймақтарымен бекіту жөнінде «Казаэронавигация» ұйымына хат жолдау ұйғарылды. Сондай-ақ жиында әуежайдың операторлық ұйымын белгілеуде және онымен жасалатын келісімшартты бекітуде облыстық мәслихат депутаттары алдында тыңдау өткізу талабы қойылатыны айтылды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ЖЕР – ЕЛ БАЙЛЫҒЫ, ХАЛЫҚТЫҢ МЕНШІГІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бөдене өсірумен айналысу – берекелі кәсіптердің бірі

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
5
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
353
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
214
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.