ТҮРКІСТАН: ТӨРТ ҚАҚПАЛЫ ҚАСИЕТТІ ШАҺАРДАҒЫ МҰРАЛАР ТАРИХЫ — Төрттаған
Пятница, 6 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ТҮРКІСТАН: ТӨРТ ҚАҚПАЛЫ ҚАСИЕТТІ ШАҺАРДАҒЫ МҰРАЛАР ТАРИХЫ

25.11.2023
Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: ТӨРТ ҚАҚПАЛЫ ҚАСИЕТТІ ШАҺАРДАҒЫ МҰРАЛАР ТАРИХЫ

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Бүгінгі мақаламызда кесене тарихы туралы тың ақпараттарды оқырман назарына ұсынып отырмыз. Тарихи мұраларды дәріптеу мақсатынн көздейтін бұл мақалада қанша ғасырлық мазарлар тарихы мен кесененің терең тарихы туралы сөз болмақ.

Әзірет Сұлтан кесенесі де  I-V мен VII-VIII ғғ. және IX-XII ғғ. дейін үздіксіз пайдаланлып келген мазарат үстіне салынған, міне тап сол ғасырлардан бастап қала қасиетті елді мекенге айналып, мұнда басқа жерлерден мәйіт алып келіп жерлеу рәсімі қалыптасады.

XII ғ. алғашқы кесене салынғаннан бастап қалыптасқан бұл үрдіс XIV ғ. аяғында Әмір Темір жаңа, алып кесенені салдырған соң кең қанат жайды. Түркістанға тек Қазақ жерлері емес, бүкіл Орталық Азиядан, Тұрфаннан, Қашғардан, Ауғаннан, Кауказдан адамдар ағыла бастады. Бұл кезде қала «Ясы-Түркістан» аталса (XIV-XV ғғ.), XVI ғ. бастап, «Хазірет-и Түркістан» деген атқа ие болды. «Әулиенің мазары – жұмақтың есігі» деген ұғым қалыптасып әрбір мұсылманның көкейінде «Түркістаннан топырақ бұйырса», «Әулиенің қасынан орын алсам» деген арман ұйып, ұрпақтарына өсиет етіп қалдырды. Міне, осылайша кесене маңынан орын ала-алмаған адамдарды қала маңындағы мазарларға жерлеу етек алды. Мұнда да сыймағасын жаңа мазараттар қалыптасты, олардың кейбірі белгілі бір тайпаға ғана арналды. Мысалы, «Шой» деген атау Оғыздардың IX-XII ғғ. 24 тайпасының бірінің аты, Шоймулла деген елді мекен де мазаратта бар, ал, Гауһар ана мазаратының оңтүстік бетін де Шойтөбе деген II-XIII-XV ғғ. өмір сүрген қала да сақталған. Түркістаннан Шымкентке шыға берісте «Қаракөз» мазараты бар, оны негізінен қаланың өзбек тұрғындары пайдаланған, қаланың оңтүстік-батысында «Еврей мазараты» жайғасқан, 1864 ж. еврейлердің саны бар жоғы 3-4 жанұя болса, 1897 ж. 489 адам, 1910 ж. 800 адамға жетті. 1897 ж. қала тұрғындарының 296 православие, 17 – старообрядтық, 46 – рим – католик, 9 -протестант, 498 – иудей дінін, ал, қалған 10387 – мұсылман дінін ұстағандар болды. Қаланың мешіттері 1908 ж. 41 – жетті, Мұнан басқа екі шіркеу, 1 синагога жұмыс істейтін.

Ресей деректерінде орыс әскерлері қаланы басып алған кезде Рәбия сұлтан бегім кесенесі Әзірет Сұлтан кесенесі мен оның айналасына жерлеу үшін алыс жерлерден алып келінген мәйіттерді сақтайтын жер болғандығы айтылады, «сөре» деп аталған киізге оралған мәйіттер бірінің үстіне бірі қаланып тұрған. Жерлеу рәсімі дүйсенбі, жұма күндері ғана өткізілген, онда  да 4 -5 адамға ғана жаназасын шығарып жерлеуге мүмкіндік болған. Әрбір жерленген сүйекті алып келгендер үлкен ас берген, оған бүкіл қала халқы мен жақын ауылдардың адамдары қатысқан. Әр сүйекке бірнеше ірі мал мен оншақты қой сойылған, қазан – қазан ас пісіріліп, палау бастырылған. Қанша адам жиналғанымен 4-5 жерде беріліп жатқан тамақты жеп тауысу мүмкін емес, сондықтан, бір күнде 4 – 5 адамды жерлеуге ғана рұқсат берілген. Мұның ақыры мәіттердің көптеп жиналып қалуына және кезек күтіп жатып қалуына әкеп соққан. Ақыры 1884 ж. Ресей әкімшілігі кесене мен оның маңына мәйіт жерлеуге қатаң тиым салады. Бұрынғы көне мазарлар үлкейіп, жаңа мазарлар саны да көбейе түсті, тіпті Күлтөбе – Ясы қаласының айналасы ғана емес үсті де түгел мазаратқа айналды. Енді мазарлардың нөмірі бойынша қай жерде орналасқанын анықтайық.

Картада мазарларды нөмірлеп шықтық, көшелерді рим цифрымен белгіледік:

1 – 2. Шоймулла – 1 және Шоймулла – 2 мазараттары.

Қазіргі Түркістан реставрациясы, Нан зауыты, Су – канал басқармасы, Бала бақша орналасқан жерлер.

3. Н.Төреқұлов көшесі мен С.Қожанов көшелерінің қиылысар тұсы, № 15 мектептің оңтүстік – батысы, тұрғын үйлер

4. Т.Бокин көшесі мен С: Қожанов көшелерінің қиылысар тұсы, тіс емдеу орталығы, мед. училищенің шығыс беті.

5. Тәуке хан көшесі мен Т.Бокин көшесінің қиылысы мен оның солтүстігі, тұрғын үйлер.

6. Т.Бокин көшесі мен С: Қожанов көшелерінің қиылысы, Хамза мектебі, Шығыс жекпе – жегі мектебі, бұрынғы қалалық, аудандық әкімшіліктер, «Жалын» кинотеатры, «Алпамыс» қонақ үйі т.б.

7. «Түркістан» қонақ үйі оның солт. –шығыс беті, «Наурыз» кафесі, Балалар бақшасы, Әл – Фараби көшесі мен Хақназар хан көшелерінің бойы, Юсупов көшесіне дейінгі үйлер.

8. «Айтолсын» қонақ үйінен Ғ.Мүсірепов көшесіне дейінгі жерлер, бұрынғы прокуратура, қалалық архитектураның орны, «Қазтелеком» басқармасы, «Эдем» қонақ үйі мен оның шығыс беті.

9. Жолбарыс хан көшесі мен І.Жансүгіров көшесінің қиылысы, Военкомат пен оның ауласы, І.Жансүгіров көшесінің солтүстік беті (Ибрахим Шейх – Ахмет Ясауи ұлының мазары), тұрғын үйлер.

10. А.Байтұрсынов мектебі мен оның ауласы, Жолбарыс хан көшесі мен Тәуке хан (Б.Саттарханов) көшелерінің қиылысы мен шығыс бетіндегі тұрғын үйлер. 11. Жолбарыс хан көшесі мен Б.Саттарханов (Тәуке хан) көшелерінің қиылысы мен оңтүстік беті, тұрғын үйлер.

12. Ясы – Күлтөбе қалашығының үсті мен оңтүстік – шығыс беткейі.

13. Арнаулы балалар интернаты мен оның ауласы.

14. Ахмет Ясауи мешітінің ауласының оңтүстігі, батысы және Жәудір ана мешітіне дейінгі аралық.

15. Құмшық ата мешітінің айналасы.

16. Ескі Түркістанның Иқан қақпасынан Гаухар анаға барар көшенің бас жағындағы жерлер.

17-18-19. Тоған көшесінің екі жағында.

20. Ишан ата мазары  – Түркістанның оңтүстік бұрышынан бұрынғы Отырар жолына дейінгі аралықта.

21. Тәкиә қақпасына қарама – қарсы жар.

22. Еврей мазаратының солтүстік беті.

23. Жеті ата мазараты.

24. Ортақ мазараты.

25. Отырар жолы бойында.

26. Гауһар ана жолы бойында.

27. Әлқожа ата мазараты.

28. Бұрынғы Иқан жолы бойында.

29. Бала би мазараты.

30. Қаракөз мазараты.

31. Мекшем мазараты.

32. Гауһар ана мазараты.

33. Еврей мазараты.

Көшелер:

I – Тәуке хан – Б.Саттарханов даңғылы.

II – Н.Төреқұлов көшесі.

III – С.Қожанов көшесі.

IV – Әл – Фараби көшесі.

V – Әмір Темір – Қазбек би көшесі.

VI – Юсупов көшесі.

VII – Хақназар хан көшесі.

VIII – Ғ.Мүсірепов көшесі.

IX – Әйтеке би көшесі.

X – У.Жансүгіров көшесі.

XI – Тоған көшесі.

XII – Әлқожа ата кесенесі

XIII – М.Әбенова көшесі.

XIV – Гауһар ана жолы.

 

М.Қ.Тұяқбаев, т.ғ.к. тарихшы – археолог

Үркінбаева Айгүл Жәнібекқызы. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік

тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкері

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ТАРИХИ МҰРА – ӨРКЕНИЕТ ӨЛШЕМІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ясауи мұрасы

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
12
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
354
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.