ТҮРКІСТАН: ҚОЛӨНЕР МЕН ДӘСТҮР ЖАСАРҚАН ІС-ШАРА ӨТТІ — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ТҮРКІСТАН: ҚОЛӨНЕР МЕН ДӘСТҮР ЖАСАРҚАН ІС-ШАРА ӨТТІ

24.11.2023
Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: ҚОЛӨНЕР МЕН ДӘСТҮР ЖАСАРҚАН ІС-ШАРА ӨТТІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Әйел заты кез-келген уақытта нәзіктік, сұлулық, махаббат, мейірімділік пен қамқорлықтың белгісі болып табылған. Бүгін түркістандық әйел-аналар мен қыз-келішектер «Әйел сұлу қашанда әдебімен» тақырыбында өткен шарада бас қосты. «Ұлы дала елі» орталығының төрінде журналист Мөлдір Нұрманмен ұйымдастырылған кездесудің басы кіреберіс дәлізге қаз-қатар қойылған ұлттық салт-дәстүрлерімізден сыр шертер жергілікті қолөнер шеберлерінің көрмесімен басталды.

Файеде әрбір шебердің туындыларымен жекелей танысып, ұлттық тағамдардан дәм татып, залға жайғасқандар Түркістан қалалық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік шарасына куә болды.  Кештің басты кейіпкері – Мөлдір Нұрман сахна төріне шақырылып, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан  Күзембаев пен Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев сөз алып, облыс көлемінде қолға алынған жобаның құндылығына ризалығын білдірді. Аудандарды ретімен аралай келе керуен көшін Түркістанға тіреген Мөлдір Нұрманға қонақжайлықтарын танытып, сый-құрметтерін ұсынды.

Жалпы ұлылардың ұлағаты, тағы­лымды өсиеттерінен ана – қоғамды қозғаушы күш, бірлік-тірлік негізі, ел бейнесін айқындайтын өмір айнасы, ел тұтқасы екендігін тереңірек ұғы­намыз. Әйел-ананың бейнесі қан­дай бол­са, сол елдің бейнесі, салт-дәстүрі сонымен өлшенеді.

Ежелгі ана-әжелеріміз қазақтың ұлттық салт-дәстүрін берік ұстанған. Көлеңдеген шағи, шайы көйлектерін, қарапайым қатипа тірсек жең пешпетін киіп, жаңа жауған ақша қардай аппақ шұлауышын тартып, кестелі, оқалы кимешегін салынып, көксауырдан оюла­ған, өкшесі ақ күмістен тіремелі көгала бас кебіс, былғарыдан мәсісін киетін. Өзінің аналық, әжелік сән-салтанатты ұнамды бейнесімен, көпке үлгі кейпімен жан біткенге мейірімді, жылы жүзімен ықыласы адамды өзіне баурап алатын.

«Ерін күткен әйелді ханым десе болады» дегендей үй иесі отағасының орны төрде. Астына екі қабаттап төсе­ген қалың жылы, ақ-қара киізден ойыс­тырып жасаған қарала сырмақтың үстінде малдас құрып қара да болса тағында отырған хан іспетті қастерлі, иығы көтеріңкі, ақ сақалы жайқалып, айбарлы ашаң жүзі жадырап ауыл-аймаққа, ағайын-туысқа әмірін жүр­гізіп отыратын отағасының аузынан шыққан лебізін қарт ана баяғы жар сыйлаған дағдысымен елпең қағып алып ұшып тұра келіп айналасына жеткізетін. Өзі отағасының қабағын бағып, тас шайдан түйіп-түйіп, самауырға салып қайнатқан шайына қойдың қою сүтінің кілегейін қосып, қаймақ қатып, қалампыр сарымайдың иісін бұрқыратып қою күрең шайды әзірлейді. Жаңа сүзген жылы-жұмсақ ақ ірімшіктен жапырақтап турап, қызыл­жарма құрттан жармалап, жаңа пісірген балқаймақтан – бәрінен шағын дөңгелек ағаш табағын толтырып шай­тақ­тайдың үстіне, отағасының алдына қояды. Шара­дағы балқаймақты аузына тосып, қызыл күрең шайды самауыр боса­ғанша тапжылмай құйып отырады. Ана отағасының алдына бір ауыз көлденең тіл қатпай, ымының ығымен құрақ ұшып отырғанда ұл-қыздары, күйеубала-келіндері, ата-енесін өзі­нен-өзі одан сайын құрметтейді.

Шараның тізгінін алған модератор, журналист Ақмарал Ғаниқызы еркін форматта өткен сұқбат-кездесудің сауалдарын қойып, Мөлдір Нұрманмен бірге қоғамдағы әйелдер арасындағы өткір әрі өзекті мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітті. Бүгінгі бала тәрбиесі, ата-ананың ролі, қыздардың әдебі жайында мардымды мысалдары мен пайымды пікірлерін жеткізген Мөлдір Нұрман аудиторияның сұрақтарын кеңінен қамтып өтті. Шараға қатысқан мектеп мұғалімдері мен орта арнаулы оқу орындарының студенттері тағылымды шарадан түйгеніміз мол деп, естелікке суретке түсіп тарасты.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: МУРАЛ – ӨНЕР МЕН ТАРИХТЫ ТОҒЫСТЫРҒАН ТУЫНДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ШЫНАЙЫ ӨНЕРДІҢ ЖАНКҮЙЕРІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА  «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

30.06.2025
2
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

28.06.2025
2
САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
3
ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
2
КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қоғам

КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.06.2025
2
БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ
Қоғам

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

27.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.