ТҮРКІСТАН: ШЫНАЙЫ ӨНЕРДІҢ ЖАНКҮЙЕРІ — Төрттаған
Понедельник, 26 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ТҮРКІСТАН: ШЫНАЙЫ ӨНЕРДІҢ ЖАНКҮЙЕРІ

24.11.2023
Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: ШЫНАЙЫ ӨНЕРДІҢ ЖАНКҮЙЕРІ

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Қазақстанның халық артисі Р.Сейтметовтің 2000-шы жылдары «тақыр жерден театр ашқаны» бүгінде тарихқа айналды. Бүгінде Р.Сейтметовтің атын иеленген театрдың тұсауы  сонау 1938 жылы теміржолшыларға арнап салынған клубтың ғимаратында кесіліп еді. Алақандай сахнада сүбелі дүние қоюдың қаншама қиындығын бастан өткердік. Алғашында театр деген ұғым санасына сіңбеген Түркістан халқын қойылымға келтіру өте ауырға соқты. Сол кездегі 200 мың халқы бар Түркістаннан 3-4 қана көрермен келгенін көргенде, жаның құлазып сала беретін.

Сол жылдары бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі қоғамның белді мүшесі екенін ескеріп, мектеп оқушыларын мейлінше театрға тартуды қолға алдық. Осы жауапты істі жүргізуде Нәлтаева Пернекүл Сейтбекқызының атқарған еңбегі том-том кітапқа сымайтын хикаяттарға толы болды. Кез-келген жаңа істің басында қабілетті, жігерлі қызметкердің тұрғаны, жүгі ауыр арбаның дөңгелегі өрге өрлеуіне орасан ықпал ететіні аян.

Жаңақорған ауданының Талап елді мекенінде дүниеге келген Пернекүл Сейтбекқызы 2001 жылы театрдың Бас әкімгері болып қызметке қабылданды. Оның қызметі – жауапты, әрі өте ауыр. Көрерменді театрға келтіру, қойылым көруге тәрбиелеу, ынтасын қалыптастыру мәселесі – театрдың басты стратегиясына жатады. Қандай да бір жаңа істің даңғыл жолға түскенге дейін өтетін ойлы-шұқырлы тұсы мол болмақ. Сондай ауыр кезеңге тап болғанына қарамастан білек сыбана күрескен, театрға түркістандықтарды жетелеп әкелгендей болып жанын салған белді қызметкер Пернеш болды. Оның өз ісіне адалдығы, бойындағы «кісімен тілдесе білу» таланты – театрдың көрерменін көбейтіп, іздеп келетін деңгейге жеткізді.

Әлі есімде… Қараша айында Пернеш кабинетіме келіп: «Сәке, әне-міне дегенше жаңа жыл келеді. Басты жоспарымды оқушылар толтырады. Ештеңе білмеймін, маған Жаңа Жылдық ертегі дайындап беріңіз!» деп тапсырма берді. Сөйткенше болған жоқ, Пернешке ілесе кірген әріптесіміз Нәриза ханым жеңінде қанат секілді жалбырақтар тігілген төрт қара көйлекті көтеріп кіріп: «Сәке, қойылымға деп тігілген мына 4 көйлекті Райымбек ағай кигізбей тастады. Бұларды қайда жіберем?» деп алдыма әкеп тастай салды. Бір нәрсеге себеп бар ғой. Тап сол сәтте ашық тұрған тереземнен қарғалардың қарқылы естілсін. Не керек, 4 қара көйлекті – қарғаға айналдырып, жылан жылын қимай қоштастырып, жылқы жылын қуана күтіп алатын алғашқы ертегімді жаздым. Мектеп оқушылары керемет қабылдады. «Жоспарды толық орындадым» деп Пернеш бақытты.

Әдетте, театр әлемі дүйсенбі демалып, қалған күндері кешкісін ғана қойылым ойнап, күндізгі уақытты кезекті премьераға дайындыққа арнайды. Пернеште 7/24 кестесі тұрады. «Артистер демалсын да?» дегеніме қарамастан күніне үш сеансты тізіп қояды. Жәй қоймайды – залды лық толтырады.

Премьера болатын күні Пернеш – театрдың гүліне айналады. Үш күн қатарынан премьера қойғанда, 200 орынды көрермен залы толғаны былай тұрсын, арасына қойылымдардың бутафориялық тастарына дейін орындық болып кететін. Көрермендеріміз «жайлы орынға отырмадым» деп шағынбайтын. Осының бәрі Пернештің еңбегі.

2006 жылы Астанаға бір аптаға күнге гастрольдік сапарға барғандағы театрдың жетістігінің басында әлбетте Р.Сейтметов ағамыз тұрды. Дегенмен жағымды дақпырттың елге желдей есе жайылуына Пернештің сіңірген еңбегі ерен болды. Жәй адамдар кіре алмайтын Парламент үйіне біздің Пернеш театрға барғандай күнде барып, әр депутатты қойылымдарымызға шақырған жанкештілігі өз алдына бір төбе. Бір күні лифтіде Парламенттің бір қызметкері: «Сізді жиі көремін, қай депутаттың жәрдемшісі боласыз» деп сұрапты. Біздің Пернеш Парламент үйін өз үйіне айналдырып алған ғой. Міне, іскерлік қабілет! «Барған жерде – кетпеннің басын, болмаған жерде – балтаның сабын әкеледі» деген әдемі теңеу Пернеш секілді іскер жанға арнап айтылса керек. Премьераға дайындық тұсында шығармашылық топпен қатарласа шауып, түн жарымына дейін театрда жүрген Пернеш таңғы 8.30-да жауға шабар батырдай сақадай сай тұрады. Ұлы үйленгелі жатқан құдалыққа кезекті қойылымнан соң өзінің кешігіп келгені де ұмытылмас хикаят. Кешігіп келгеніне қарамастан «Сәке, ертегіге мынша оқушы келді» деп есеп беруді ұмытпағанын қайтерсіз. Бұл – Пернеш Нәлтаеваның жанкешті еңбекқорлығы мен ісіне деген махаббаты. Иә, ол  Р.Сейтметов атындағы драма театрының көркеюі мен өркендеуіне жастық қажыры мен махаббатын аямаған жан. Арпалысқа толы қызметтің қапталында ұлы мен қызын тәрбиелеп, оқытып, отбасылы қылған, перзенттерінің алдындағы  Аналық парызын толық өтеген Пернештің жігері мен мықтылығы кімді де болса мойындатқандай.

Театр тек шығармашылық топтан тұрмайды. Өліп-талып қойылған спектакльді көрерменіне жеткізіп, маңдай терін ағарту кезеңі көрермен жөніндегі Бас әкімгердің алғырлығына тікелей байланысты. Театрдың алғашқы аяққа тұру кезеңінде жансебіл еңбек болды. «Сенікі, менікі» деп жатпастан жұмыла көтергеннің арқасында театр аяғына тік тұрды.

Оның өз алдына «Жасөспірімдер театрын» ашып, өнер отауын құрғаны да – ерлікпен пара-пар бастама болды. 2001-2008 жылдар аралығындағы – Түркістан сазды-драма театрының аяққа тұру кезеңіндегі ауыртпашылықты бізбен иықтаса көтерген Пернеш Сейітбекқызы бүгінде Түркістан облыстық «Фараб» кітапханасының белді қызметкері. Бұл жерде де Пернештің ұйымдастырып жүрген іс-шаралары – мегаполистің мәдениет саласына үлгі боларлықтай керемет, қайталанбас көріністерімен «өз кейіпкерлерін» қуантып жүр.

Биыл 60 жасқа толып отырған аяулы әже, ардақты ана, қадірменді құрбы Пернекүл Сейтбекқызының өз халқына әлі де аянбай еңбек етері сөзсіз.

Драматург С.Қасымбек

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ҚОЛӨНЕР МЕН ДӘСТҮР ЖАСАРҚАН ІС-ШАРА ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ТӨЛ ӨНЕРДІ ТӨРГЕ ШЫҒАРҒАН ТӨРАҒА

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
10
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
353
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.