Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаевтың төрағалығымен аудан аумағындағы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасына қарасты мешіттердің құжаттарын заңдастыру мақсатында арнайы жиналыс болып өтті. Жиналысқа ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және тиісті сала басшылары қатысты.
Аудандық орталық мешіттің мәліметіне сәйкес, 37 мешіттің 3-де мемлекеттік актісі жоқ атап айтқанда, Шаға ауылдық округі, Қазақстанның 30 жылдығы елді мекеніндегі «Аш-Шариф», Иассы ауылдық округі, Шобанақ елді мекеніндегі «Махмут ата», Бабайқорған ауылдық округі, Үлгілі елді мекеніндегі «Үлгілі» мешіті.
Сондай-ақ, 32 мешітте мекен-жай тіркелімі (адресный регистр) жоқ, атап айтқанда, «Тағайлы ата», «Әбдімәлік ата», «Әш-Шариф», «Имам Ағзам», «Жаңа Иқан», «Иқан», «Қаумиддин ат-Итқани», «Хазіреті Дәуіт», «Юсуф ата», «Ар Рахман», «Нұртас», «Қалымбет ишан», «Еңбекші Диқан», «Фатиха», «Бостандық», «Әбдікәрім ата», «Махмут ата», «Жұмаділлә», «Ахли ислам», «Мысыр», «Иман нұры», «Бабай», «Үлгілі», «Дәуіт», «Шорнақ», «Сунақ ата», «Байғозы батыр», «Аша», «Майдантал», «Сауран», «Бибі айша» мешіттері.

Сонымен қатар, Жаңа Иқан ауылдық округі, Ибата елді мекені және Үшқайық ауылдық округі, С.Қожанов елді мекенінде жаңадан медресе ғимараты салынуда. Көптеген мешіт ғимараттарының мемлекеттік актісінде жалға алу мерзімі өтіп кеткен, қабылдау актісі жасалмаған. Аталған жағдайлар мешіт ғимараттарының заңдастырылуына кері әсерін тигізіп отыр.
Жиын соңында осы аталған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар айтылып, хаттамаға түсіріліп, ауылдық округ әкімдері мен тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев қорытындылады.