ҰЛТТАР ТАТУЛЫҒЫ – БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ — Төрттаған
Суббота, 7 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҰЛТТАР ТАТУЛЫҒЫ – БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ

06.12.2023
Жаңалықтар
0
ҰЛТТАР ТАТУЛЫҒЫ – БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық Ақсақалдар кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Жиналысты аудандық кеңес төрағасы Оразбек Әміреев ашып, жүргізіп отырды. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, Сауран аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы мен мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ аудандық филиалының мамандары, аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшелері қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап өтсек, «Жастарды салт-дәстүр мен әдет-ғұрып мазмұнымен тәрбиелеу» және «Ел бірлігі-татулықтан басталады» атты тақырыпта атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды.
“Елдің бірлігі мен ынтымағы ең асыл қасиет. «Бірлігі бар елдің белін ешкім сындырмас», — дейді ұлы халқымыз. Еліміздегі ұлттар бірлік пен татулықты әрдайым ту етіп келеді. Қазақ халқының қамқорлығын көрген 130-дан аса ұлт өкілі еліміздің өркендеуі мен дамуы үшін еңбек етіп жатыр. Олардың тілі мен салт-санасы бөлек болғанымен, қазақ халқымен жүрегі бір, тілегі бір. Қазіргі таңда ауданымызда түрлі ұлттың өкілдері тұрады. Оның ішінде өзбек этно-мәдени орталығы жұмыс жасайды. Ауданымызда жалпы саны — 46 мектеп болса, соның 21-і аралас мектептер. Осындағы оқушылар бір үйдің баласындай білім алуда», — деді Бақытжан Кеңесбекұлы.
Жиын барысында ата-бабамыздың салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптарын кеңінен насихаттау туралы ой-пікірлер ортаға салынды. Өскелең жастарымыз қашанда «Үлкенге құрмет — кішіге ізет» көрсете отырып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу қажеттігі айтылды.
Иә, бірлік — бәріміздің де басты мұратымыз. Ең бастысы, көп ұлтты Қазақстандағы ұлтаралық, дінаралық келісім мен татулық — халқымыздың әл-ауқаты жақсаруының, ел экономикасы өркендеуінің басты кепілі. Қай заманда болмасын сан қилы кезеңдерді бастан өткерген еліміз қиындықтарды бірлесіп жеңіп отырған. Бірін бірі сабыр сақтауға шақырып, «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деп ынтымақ бірлігін бекіте түскен. Демек тындырымды тірліктің, дамудың да, бейбітшіліктің де бастауы бірлік екені сөзсіз.
Жиналыстың күн тәртібіне сәйкес, ел бірілігі туралы кеңінен насихаттау туралы көпшілік тарапынан көптеген ұсыныс пікірлер тыңдалды. Айтылған мәселелер хаттамаға түсіріліп, алдағы уақытта бірлесе жұмыс жүргізетін болып уағдаласты.
Сонымен бірге, осы күні Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев аудан аумағындағы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасына қарасты имамдармен кездесіп, пікір алмасты. Ауданның бас имамы Бауыржан Ақауов бүгінгі таңда Сауран ауданы бойынша діни ахуал жайлы кеңінен баяндап өтті. Сауран ауданында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасына қарасты — 37 мешіт, 16-намазхана жұмыс істейді. 37 мешітте 56 діни қызметкер жұмыс жасайды.
Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев ауданға қарасты барлық мешіттер мен намазханалардың құжаттарын заңдастыру мақсатында тез арада рәсімдеу керектігін айтты. Бұл бойынша тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, мешіттерге бейне бақылау камераларын қою мәселесі сөз болды. Бүгінгі күнге дейін көптеген мешіттерде бейне бақылау камералары қойылмаған екен. Осы бойынша ауылдық окрутердегі жеке кәсіпкерлерді тарта отырып, жұмыс жүргізу қажеттігін мәлім етті.
Сонымен қатар, имамдарға мешітке келетін жамағатқа, түрлі деңгейдегі астарда елді бірлікке, ынтымаққа шақыруда жүйелі жұмыс жүргізу керектігі нақтыланды. Осы орайда, дін өкілдерінің қоғам алдындағы міндеттері, жамағатты жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтарып, қоғамдық істерде белсенділік таныту керектігі айтылды. Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев дін өкілдері тарапынан айтылған барлық ұсыныстарына қолдау көрсететінін жеткізді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

САУРАНДА “АТА-БАБА ДӘСТҮРІ — ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУЫ” АТТЫ БАЙҚАУ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

МЕШІТ ҚҰЖАТТАРЫН ЗАҢДАСТЫРУ ТАЛАП ЕТІЛДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

03.06.2025
4
Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
5
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.