Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2023» республикалық фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова ашып беріп, қатысушы ұжымдарға сәттілік тіледі.
Жыл сайын өтетін фестиваль мәдени-демалыс, кітапхана және музей саласы бойынша үздіктерді анықтайды. Байқауда музей саласы бойынша «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның директоры, «Құрмет» орденінің иегері Сәуле Бурбаева, «Kazmuseum.kz» жобасының авторы, музей сарапшысы Нұрсерік Жолбарыс, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің ғылыми хатшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Саялбек Гиззатов, кітапхана саласы бойынша
ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Бақытжамал Оспанова, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ғылыми кітапханасының басшысы, «Құрмет» орденінің иегері Бақытжан Оразалиев,
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Ғазиза Нұрғалиева, Мәдениет сарайы, үйі және клуб салалары бойынша «Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Сейдуллаұлы, Астана қаласы әкімдігінің Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының директоры, «Құрмет» орденінің иегері Ерлан Дәкенов,
«Қазақ әуендері» АҚ вице-президенті Нұрболат Мұсағалиев қазылық етеді.
Айта кетейік, 27 қараша — 1 желтоқсан күндері аралығында өтетін іс-шараның басты мақсаты – мәдениет және өнер саласы ұйымдарының шығармашылық жетістіктерін анықтау, талантты, өзіндік ерекшелігі бар шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды қолдау, ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің ең жақсы дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту, дамыту, насихаттау және қатысушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, өңірлердің мәдени мұрасын таныстыру, қызметкерлердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау.