Қоғамдық сенімді қалыптастыру – уақыт талабы — Төрттаған
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Қоғамдық сенімді қалыптастыру – уақыт талабы

26.10.2023
Қоғам
0
Қоғамдық сенімді қалыптастыру – уақыт талабы

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Жуырда елордамыз Астанада «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының І республикалық форумы өткені белгілі. Форумға еліміздің барлық өңірінен келген 2500-ден астам мәслихат депутаты, Парламент Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері,  партияның саяси кеңесінің мүшелері, ҮЕҰ өкілдері, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері қатысты. Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары да осы жиыннан табылды.
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларының нәтижесі ретінде депутаттар мен мәслихаттар жұмысындағы өзгерістерді ілгерілету мақсатында ұйымдастырылған форумның расымен де маңызы жоғары болды. Сонымен қатар, бұл форум бұрынғылардан ерекше болғанын айта кеткен жөн. Ең басты артықшылығы,  жаңа саяси жүйе өкілдері – бір мандатты және мажоритарлық жүйемен сайланған мәслихат депутаттары осы жиында бас қосты.
Екіншіден, депутаттардың форумға толық дайындықпен келуіне жағдай жасалды. Депутаттар көтеретін мәселелерінің табиғатына қарай  әртүрлі секцияларға бөлінді. Бұл да форумның тиімділігін арттыруға көмектесті. Айта кетерлігі, форум секцияларына дарқан даламыздың Сарыарқа, Алатау, Жайық секілді халқымыз үшін киелі мекендерінің атауы берілгені ерекше қуантты. Секция атауларының өзі елге адал қызмет ету бәрімізге ортақ мүдде мен міндет екенін аңғартып тұрды.
Мұны жиында сөйлеген сөзінде ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, партия төрағасы Ерлан Қошанов та атап өтті.
– Баршамызды бір миссия – мемлекет пен халыққа адал, риясыз қызмет ету миссиясы біріктіреді. Бүгінгі жиынның символы ретінде Қазақстанның туы бейнеленген депутаттық төсбелгіні бекерге алып отырған жоқпыз. Мұның мағынасы терең. Өткен жылы, партияның съезінде Мемлекет басшысы: «Мәслихат депутатының төсбелгісі оны халық сайлағанын білдіреді және депутат тек халықтың мүддесі үшін қызмет етуі керек» деген еді. Сондықтан бізге қойылатын талап та аса жоғары болатынын естен шығармайық. Сайлаушылар басқаларға кешіргенді, бізге кешірмейді, – деді ол.
Үшінші ерекшелік – депутаттардың белсенділігі. Жиынға келген әрбір депутаттың өз айтары бар. Өзекті мәселелерді ашық айтып, халық пен билік арасындағы көпір бола алды. Секцияларда талқыланған мәселелердің көп болғаны соншалық, уақыт жетпей қалып жатты. Дегенмен, сауал қойып үлгермеген депутаттар да ескерусіз қалмады. Олар үшін арнайы мессенджерлерде чат ашылып, сұрақтарды жолдау мүмкіндігі пайда болды. Өзім де облыстық мәслихат депутаты ретінде сауалымды қойдым және жақын арада жауап аламын деп сенемін.  Бұл Президентіміз айтқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асып жатқанының көрінісі деп білемін.
Төртіншіден – «Аманат» партиясының Саяси менеджмент академиясы әртүрлі бағыттағы тренингтерді ұйымдастырды. Депутаттардың ұсынысы болғандықтан, партияның орталық аппараты  уақыттың өте тығыз екендігіне қарамастан біліктілігімізді арттыруға көмектесті. Мысалы, біздің «Алатау» сессиясында білікті тренер, психология ғылымдарының докторы, профессор Лейла Асылбекова ханым депутаттарға көпшілік алдында сөз сөйлеудің психологиялық әдіс-тәсілдерін таныстырып, тәжірибесімен бөлісті. Бұл тренинг тыңдаушылар тарапынан өте жақсы қабылданды, себебі, Лейла ханым өте маңызды және өзекті мәселелерді қозғап, депутаттардың көптеген сұрақтарына жақсы мысал келтіре отырып, өзінің ойын нақты жеткізе алды. Тренинг соңында Лейла ханыммен жақынырақ танысып, оны түркістандық студенттерге дәріс беруге шақырдым. Профессор Түркістанға келуге уәде берді.
Менің ойымша, қазіргі уақытта еліміз үшін ең үлкен қауіп-қатерлердің бірі –  қоғамдық сенім деңгейі. Ол туралы көп сын айтылуы да түсінікті. Халықтың сөзін билікке жеткізуші депутаттардың жиі бас қосып, жауапты органдарға тікелей сұрақ қоя алатын осындай интерактивті платформаның пайда болуы қоғамдық сенімді арттыра түсетіні анық. Сондықтан «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының бірінші республикалық форумының өтуі – маңызды қадам болды деп айта аламыз.
Форумда «әттеген-ай» дейтін сәттер де болғанын жасырмаймыз. Жоғарыда айтқанымыздай, аталмыш іс-шараға партияның барлық деңгейдегі депутаттары қатысты. Солардың кейбірі министрлерге аудандық немесе облыстық деңгейде шеше алатын сұрақтарды қойып отырды. Бұл одан да маңыздырақ мәселелерді екінші орынға ысырып тастады. Сондықтан жаңадан сайланған депутаттарға әлі де тәжірибе жинап, сауатын көтеру керек. «Көш жүре түзеледі» демекші, болашақта депутаттар мұндай жиындарда  жалпы халыққа ортақ мәселелерге көбірек уақыт арнауға тырысады деп үміттенемін.
Алғашқы қадам өзімізден болсын деп, форум аяқталғаннан кейін  саяси менеджмент академиясы басшыларымен кездесіп, алдағы уақытта университетімізде облысымыздағы депутаттардың біліктілігін арттыруға арналған бірлескен тренингтер өткізуге келістік.
Жалпы форум жұмысы сәтті өтті. Билік тармақтарының өзара байланысын нығайтып, ортақ конструктивті шешімдер қабылдауға көмектесетін мұндай жиындардың жиі ұйымдастырылғаны дұрыс.
Форумнан түйген тағы бір ойым, өңірлерді дамытуға баса назар аударылуы керек. Президентіміз де бұл мәселені қайта-қайта көтеріп жүргенін білеміз. Себебі, жылдар бойы аудан және облыс орталықтарында қордаланған күрделі мәселелер көп, олардың басым көпшілігі осы форумда талқыланды. Проблемалар тиісті министрліктерге жеткізілді, енді осы іс-шаралардың оң шешімін табуы үшін қоғамдық, яғни партиялық және депутаттық бақылау өте маңызды. Шындығында, ауылдар мен өңірлердің жағдайы жақсармай, Қазақстан дамымайды. Бұл мәселе сөз жүзінде қалмай, нақты іске асуына баршамыз жауаптымыз.
Ж.ТЕМІРБЕКОВА,
облыстық мәслихат депутаты,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Болашақтың бағдаршамы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕДЕ ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
12
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.