Республика күніне орай Түркістан облысында бірқатар нысандар ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Түлкібас ауданы, Шұқырбұлақ ауылында жаңа медициналық тірек ашылып, ел игілігіне берілді. Бұл жерде жалпы тәжірибелі дәрігер, акушер, фельдшер және медбике ауыл тұрғындарына қызмет етеді.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ауылдардағы әлеуметтік мәселелерді шешу, әсіресе медициналық тірек ашу міндетін жүктеген еді. Қазақстан бойынша медициналық тірегі жоқ 650 ауылдың мәселесі шешілетіндігін айтқан болатын.
Міне, Түлкібас ауданында Жолдауда айтылған мәселе өз шешімін тауып жатыр.
Мерекеге орай ұйымдастырылған шараға Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов, аудандық мәслихаттың хатшысы Хамит Байысбаев, аудандық аурухананың бас дәрігері Жанат Тогайбекова арнайы қатысып, жергілікті тұрғындарды жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады.
Ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелер ризашылықтарын білдіріп, қуаныштарымен бөлісіп, ақ баталарын берді.
Елді мекен тұрғындарына қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында биыл аудан аумағындағы медициналық тіректі қажет ететін 15 елді мекеннің 4-еуіне заманауи жаңа нысан соғылып, бүгінгі таңда соның 2-і пайдалануға беріліп отыр. Қалған 2 нысан (Рысқұл, Ақбиік) жыл соңына дейін беріледі деп күтілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар бұнымен тоқтап қалмай, келесі жылы 5 елді мекенде медициналық нысан салу жоспарланып отыр.
Сарыағашта дәрігерлік амбулатория тұрғындардың игілігіне берілді.
Сарыағаш ауданында 25 қазан – Республика күні ерекше аталып өтуде. Салтанатты түрде бірнеше жаңа нысандар ашылып, пайдалануға берілуде. Нысандардың ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы барып қатысып, лентасын қиды.
Солардың бірі, Қабланбек ауылдық округі, Жонарық елді мекеніндегі тәулігіне 25 тұрғынды қабылдай алатын медициналық алғашқы көмек көрсететін дәрігерлік амбулатория. Салтанатты шараға қатысқан аудан басшысы Арман Абдуллаев тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
— Сіздерді ұлттық мерекемен құттықтай отырып, мұндай медициналық нысандар өз кезегінде орталыққа қатынап уақыт жоғалтпай, көпшілікке тұрғылықты жерде ем қабылдауға мүмкіндік жасайды. «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы». Осы мақсатта үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған денсаулық саласы қызметкерлерінің еңбегіне табыс тілеймін, – деді аудан басшысы.
Дәрігерлік амбулатория заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталдаған.Медициналық нысан әрбір азаматтың диагнозын нақты анықтап, тиісті ем-шараларды дер кезінде қабылдап, медицианлық көмек көрсете алады.
Салтанатты шара барысында қуаныштарын бөлісуге келген аудан басшысына ауыл тұрғындары өз ризашылықтарын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, ақ баталарын берді.
Дертіне шипа іздеген ауыл халқы осы пунктке келіп, дәрігерлердің нұсқаулығы бойынша ем-шараларын қабылдай алады.
Сарыағаш ауданындағы елді мекен таза ауыз сумен қамтылды.
Бүгін Республика күніне орай Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Жаңатұрмыс елді мекенінде ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындарға таза, сапалы ауыз су берілді.
Ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісуге аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып, елді мекен тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтау сөз сөйлеп, құттықтады.
Жаңатұрмыс елді мекеніне ауыз су жүргізу жұмыстарын мердігер мекеме «Корпарация Силур» ЖШС 2021 жылы бастап, бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарын толығымен аяқталып, пайдалануға беріліп отыр. Аталған су жүйесі елді мекендегі 480 тұрғын үй сапалы таза ауыз сумен қамтылады.
Ордабасыдағы үш ауылда модульдікполиуия пункті ашылды. Республика күніне орай Темірлан, Бадам, Шұбарсу ауылдарының орталығынан модульдік полиция пункті ашылды.
Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған кабинеттің ашылу салтанатына аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудандық Полиция бөлімінің басшысы Ғалымжан Қуашбаев, зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары қатысты.
Аудан басшысы Азат Оралбаев полиция қызметкерлерін жаңа кабинеттің ашылуымен құттықтап, қызметтеріне сәттілік тіледі.
Айта кетерлігі, облыста пилоттық жоба ретінде қолға алынған жаңа форматтағы кеңселер алғаш болып ауданда ашылғалы отыр.
Жаңа жоба өз жемісін берген жағдайда ауданның басқа ауылдарында да аталған кеңсені ашу көзделуде.
Жалпы ауданда 9 учаскелік полиция пункті болса, Шұбар ауылында жаңа, заманауи үлгідегі полиция кеңсесінің ғимараты тұрғызылуда.
Мұнан бөлек Бөген ауылындағы учаскелік полиция пунктіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.