Президент ұсыныстары — өркениеттілікке бастар қадам — Төрттаған
Среда, 8 апреля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Президент ұсыныстары — өркениеттілікке бастар қадам

25.10.2023
Қоғам
0
Президент ұсыныстары — өркениеттілікке бастар қадам

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын тыңдадық. Онда елге қажетті көптеген өзекті мәселелер айтылды. Әсіресе, ауыл шаруашылығы, өндіріс салаларында жасалып жатқан реформалар жайлы кеңірек тоқталды. Соның ішінде бізде ауыл шаруашылығы саласында көптеген мүмкіндіктер әлі толық пайдаланылмай келе жатқаны айтылды. Өндірілген өнімдердің көбісі өңделмей шығатынын, сондықтан болашақта өнімді өңдеуді 70 пайызға жеткізу қажеттігін Үкіметтің алдына мәселе етіп қойды.  Екінші бір мәселе, ауыл шаруашылығы техникаларының 80 пайызы әбден тозған. Сол үшін жылына олардың 10 пайызын жаңалап отыру керек!

Мемлекет басшысы еліміздегі ең өзекті саналатын су мәселесіне де айрықша тоқталды. Судың жетіспеушілігіне байланысты қазіргі таңда бұрынғыдай ескі тәсілмен суды көп пайдаланатын дақылдарды егуді азайту керектігін айтты. Сонымен қатар, суды пайдалануда жаңа технологияларды енгізу қажеттігі де тілге тиек болды. Осыларды айта келе Президент  республикамызда Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылатынын хабарлады. Иә, бұл министрлік керек еді. Себебі, Өзбек­станнан, Қырғызстаннан келетін судың проблемалары өз дәрежесінде шешілмей жүргендіктен, биыл, мысалы, Жамбыл облысының алты ауданында төтенше жағдай жарияланды. Егістікке су жетпей, қурап кетті. Сонымен қатар Президент энергияға қатысты елімізде атом электр стансасын салу керек пе, жоқ па деген үлкен талқылаулар жүріп жатқанын,  әртүрлі пікірлер туындағанын айта келе, республикада референдум өткізу керек деген шешім ұсынды. Яғни халықтың ұсынысы ескеріледі деген сөз. Ал, менің жеке пікірім, Қазақстанға атом электр стансасы керек. Өйткені, елімізде электр энергиясы жетіспеушілігі қазірден байқалып жатыр. Келешекте бұдан да қиын болуы ықтимал. Президент бұл мәселені референдум арқылы шешуді дұрыс көріп отыр.

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ

Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

Тағы бір мәселе, бүгінде аудандық білім, денсаулық, спорт салалары облысқа қарайды, Қасым-Жомарт Тоқаев солардың барлығын ауданға қайтару жайын қайта қарауды ұсынды. Егер бұл салалар ауданға қайтарылса, олардың жұмыстары тиімдірек бола түсер еді. Сондықтан бұл мәселені Президент дұрыс көтерді деп есептеймін. Жалпы, бұл Жолдауда Қазақстанның болашағына, дамып өркендеуіне арналған маңызды мәселелер көтерілді. Осылардың барлығы жүзеге асып жатса, еліміздің әлеуметтік жағдайы жақсара түсер еді деген ойдамын.

С.ӘБДІҚҰЛОВ,

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Судың да сұрауы бар

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жолдау ел әлеуетін көтеруге жаңа бағыт береді

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ

10.03.2026
6
Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
Жаңалықтар

Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

10.03.2026
6
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ РЕЙДТІК ШАРАЛАР ҰЙЫМАСТЫРЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ РЕЙДТІК ШАРАЛАР ҰЙЫМАСТЫРЫЛДЫ

10.03.2026
7
ТҮРКІСТАНДАҒЫ СТАДИОНДА ФУТБОЛДАН ТАРТЫСТЫ МАТЧ ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ СТАДИОНДА ФУТБОЛДАН ТАРТЫСТЫ МАТЧ ӨТТІ

08.03.2026
4
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»
Қоғам

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

10.09.2025
4
ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ
Қоғам

ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ

10.09.2025
11

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
455

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
392
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
331
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
285
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
216

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.