Қараспандықтардың алшаң адымы — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қараспандықтардың алшаң адымы

07.11.2023
Жаңалықтар
0
Қараспандықтардың алшаң адымы

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Қараспан ауылының тұрғындарымен кездесті. Жиында әкім ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жүргізіліп отырған жұмыстарға тоқталды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында ауылдарды дамытуға назар аударуды тапсырған болатын. Бүгінде облысымызда аталмыш бағдарлама бойынша елді мекендерде түрлі жұмыстар атқарылып, жүзеге асырылуда. Мәселен, Қараспан ауылында 96 мүшесі бар «Зере-Агро» ауыл шаруашылығы өнеркәсіптік кешені жұмыс істейді. Аталған ауылда «Ырыс» МҚҰ-ға 13 адам құжат өткізген (құны 84,9 миллион теңге), оның 12-сі мақұлданған. Бірақ 15,6 миллион теңгенің
3 жобасы  қаржыландырылды. Несие негізінен мал шаруашылығы саласы бойынша алынған. Ауыл округі бойынша кірістердің жылдық жоспары 64,9 миллион теңге болса, 8 айдың қорытындысымен округ бойынша жоспарланған бюджет кірістері 107 пайызға орындалған. Сонымен қатар, соңғы 7 айда ауылға 810 миллион теңгелік жеке инвестиция тартылған. Ауыл бюджетіне түскен бұл қаржылар ауылды дамытуға жұмсалмақ.
Сондай-ақ кездесу барысында шаруалар ағын су мен жайылымдық жер мәселесі туралы сөз қозғады. Мәселен, Қараспан ауылдық округіндегі 4852 гектар суармалы жерді ағын сумен қамтамасыз ететін 22 канал бар. Қараспан магистраль каналын күрделі жөндеуден өткізу үшін 2022-2024 жылдарға қаржы қаралған. Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстары басталып, 10 шақырымы бетондалып жатыр. Сонымен қатар, осы жылдың қазан-қараша айларында «Р-8-А, Р-10, Р-12, Р-14» каналының 11,5 шақырымына механикалық тазалау жүргізу жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысының игерілмей жатқан жерді ортақ меншікке алу тапсырмасы бойынша аталған ауылда жүйелі жұмыстар бар. Ауыл округі бойынша жайылымдық жердің жалпы ауданы 18 368 гектарды құраса, оның ішінде 1 884 гектары елді мекендердің ортақ жайылымдық жері ретінде 2019-2022 жылдары бекітіліп берілген. Биыл мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша жалпы ауданы 1 529 гектар жайылымдық жерді аудандық қорға қайтарып, ортақ жайылымға бекітіп беру жоспарланған.
Сонымен қатар, жиында су мәселесі туралы айтылды. Мәселен, 14 елді мекеннің 7-еуі орталықтандырылған ауыз сумен қамтылса, «Таза су» МКК 5 елді мекенге (Көлтоған, Төреарық, Ақжол, Жаңатұрмыс, Ақпан), «Қажымұқан-Қараспан ТСЖ» өндірістік бекеті арқылы Батыр ата және Берген елді мекендеріне ауыз су таратумен айналысады.
Екі жыл бұрын 3 нысан, яғни 4 елді мекенге (Қараспан, Бейсен, Мақташы және Сары-арық) ауыз су жүйесінің құрылысы басталып, оның ішінде, Қараспан ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Қазіргі таңда Бейсен-Мақташы ауылдарына су жеткізу бойынша құрылыс жүргізіліп, сығымдау жұмыстарымен бірге есептеуіш құралдары орнатылуда. Сондай-ақ, Сарыарық, Ақшуақ, М.Мәметова және Табиғат көшелеріне «Таза су» мекемесі арқылы ауыз су жүйесі пайдалануға берілді. Берген ауылындағы мектепке баратын жолға, Мақташы ауылындағы Мұратбаев, Жабаев, Әбдібеков, Өмешбаев, Исабеков, Адамбеков көшесіне, Бейсен ауылындағы Алтынсарин, Оңтаев, Қостөбе көшесі Қараспан ауылындағы Қонысов, Қ.Бекмұратов көшесі орташа жөндеуден өтіп, Қараспан ауылының Әл-Фараби, Ырыс көшелеріне тас төселді.
Аудан әкімінің мәліметінше, 8 елді мекенге (Батыр ата, Берген, Көлтоған, Төреарық, Қараспан, Бейсен, Мақташы және Ақжол) табиғи газ жүйесінің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін «көгілдір отынға» қосылмақ.
Ауылды абаттандыру бойынша Қараспан, Мәдениет, Сарыарық, Төреарық ауылдарына ойын алаңшасын орнату жоспарда бар. Сонымен бірге, денсаулық сақтау саласында бірқатар нысандардың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Айталық, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Көлтоған елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік пункт іске қосылса, Төреарық ауылында дәл осындай нысанның құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Ал білім саласы бойынша Мақташы елді мекенінен 200 орынды мектепке қаржы қаралып, жыл соңына дейін  пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
 А. ПАЙЫСХАН.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ЕЛ АЗАМАТТАРЫ ЖАҢА СПОРТ АЛАҢЫН АШТЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Киелі құндылық

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.