Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы және еліміздегі ең көне қалалардың бірі. Ежелгі қалалардың бірі болғанымен, қаланың инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді. Қай ұлт болса да, жүрекке жол асхана арқылы өтетіні сөзсіз. Қазақ халқы ежелден адамға күш-қуат беретін пайдалы тағамдарды тұтынған, оның адам денсаулығына тигізетін пайдасын мақал-мәтелдеріне қосқан. Яғни, қазақтың ата-бабаларында дәм тату, дұрыс тамақтану қасиеті жоғары. Қажет болған жағдайда олар өнімдерді күшті ынталандырушы немесе дененің қорғанысын арттыратын дәрі ретінде пайдаланды. Балаларға, қарттарға, балалы аналарға күш беретін астарды да дайындаған. Қазіргі таңда көне мен келешек көпірі саналатын қазақтың алтын бесігі Түркістандағы ең тартымды орындардың қатарында ұлттық мейрамханалар мен тағамдар бар. Солардың бірі – «Керуен сарай» көпсалалы кешенінде орналасқан «Сандық» ұлттық мейрамханасы.
Сандық – қазақ халқының мәдениетінің ең көне тұрмыстық нысандарының бірі. Жатақхана жиһазының айнымас бөлігі – бұл әр үйге қажетті құндылықтарды сақтау және тасымалдау үшін қолданылатын өнім. Қазіргі уақытта 3 филиалы бар мейрамхана 2020 жылы Шымкентте, Түркістанда 2021 жылдың 24 қыркүйегінде ашылды. Компания басшысы – Руслан Берденов. Айтуынша, Шымкент, Түркістан және Алматыдан бөлек бұл ұлттық мейрамхана тағы 20 елде, әсіресе, Дубайда ашылады деген жоспарлар жасалуда.
«Сандық» ұлттық мейрамханасы қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тағамдарын жаңғыртып, ас әзірлеу, дастархан жаю, қонақжайлылық дәстүрлерін көрсету, күнделікті тұрмыс заттарын көрсету мақсатында ашылды. Мейрамхана келушілеріне ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдар мен маусымдық ас мәзірін ұсынады. Мысалы, қыс айларында ысталған, кептірілген, тұздалған еттен ас әзірленеді. Ал мамырдың аяғында көптеген емдік шөптер ұсынылып, жемістер мен көкөністерден сусындар дайындалады.
Қазақ халқының ұлттық дәстүрі мен көне мұрасын сақтау мақсатында «Сандық» мейрамханасы шығыс стилінде безендірілді. Расында, Қазақстанның оңтүстік өңірі ежелден ағаш ою, керамика, кілем тоқу, киіз жасау, зергерлік өнерімен әйгілі. Осы тұрғыда мейрамхана қазақтың халық қолөнері мен теріден жасалған бұйымдарымен, сондай-ақ, Қожа Ахмет Ясауидің 3 метрлік үлкен «мөр» баспасының көшірмесімен қонақтардың назарын аударады. Мейрамхана залының ортасындағы шаңырақты және бұрыштағы сандықтағы көрпе мен жастықтарды көрген қонақтар ауылда қонақ болғандай сезім кешетіні сөзсіз. Сандық мейрамханасының интерьерін жасау кезінде алға қойылған әрбір заттың мағынасына үлкен мән берілген. Әсіресе, әр өңірден 18 ғасырдағы сандықтар мен домбыралар, 19 ғасырда қолданылған қолдан жасалған кілемдер арнайы жиналған. Сондай-ақ, Түркиядан жиһаздар, көрпе-жастықтар әкелінді. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақтың домбыра» демекші, мұнда әрбір қонаққа домбырамен ән айтып, күй тартуға мүмкіндік жасалған. Оның үстіне мейрамханаға келген осы көңілді қонақтардың шотына 15% жеңілдік берілетіні тағы бар. Енді аталған мейрамханадағы бірнеше қазақ ұлттық деликатестеріне тоқталайық.
Ұлпершек
Ұлпершек жылқының жүрегінен дайындалады. Жүректің екі жағындағы құлақшалар кесіліп, қанды жақсылап ағызады. Содан кейін жүректің жіңішке жағын кесіп, ұн салынған қапшыққа салып, бір ай бойы салқын жерде сақтайды. Сосын ішіне жіңішке кесілген ет пен май салынады. Кесілген жақтары мұқият тігіледі. Қазанға салып, су, тұз қосып қайнатады. Салқындағаннан кейін оны кесіп, табаққа салып, жасыл пиязбен безендіреді. Бұл тағамды тұрмысқа шығып, алысқа ұзатылып кеткен қызға арнап төркіні әзірлеген. Астарында қайда жүрседе қыз ата-анасының жүрегінде екенін есте сақтайтынын жеткізетін бұл тағам ата-анасының сәлемі ретінде әзірленетін болған.
Ұлтабар
Ұлтабар қойдың қарнынан дайындалады. Толық тазаланған соң тұздап, қайнатады. Бұл тағам қазақ дәстүрінде деликатес ретінде қолданылған. Ас пісіретін адам өзі отырған үйдің жаңа келініне ұл тапсын деген мақсатта әзірленетін ас түрі.
Қазақ халқы дәмде береке, бірлік бар деп, қонаққа келгенді ас ішпей жібермейді. Ал «Сандық» ұлттық мейрамханасы қазақтың қайталанбас құндылықтарына ерекше мән беріп, дала иісі мен балдай дәмі бар ұлттық тағамдарын ұсынып, баршаға қуаныш пен жайлылық сыйлап келеді.
М.АКБАШ,
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің студенті.