Түркістан туризмі арқынды дамуда — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

Түркістан туризмі арқынды дамуда

09.11.2023
Мәдениет
0
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ РУХАНИ ЖӘНЕ ТАРИХИ ЕЛОРДАҒА АЙНАЛУДА

2023-2024 жылдары Түркістан облысында жалпы сомасы 41,7 млрд теңгеге туристік инвестициялық 18 жоба жоспарланған. Атап айтқанда, «Medina Palace» қонақ үйі, «Отау» ойын-сауық орталығы, фитнес-клубы, теннис орталығы және «Turkistan Mall» орталықтары сияқты жобалар іске асырылуда. 2022 жылы 15 туристік нысан пайдалануға берілді.

«Біз 2 елмен 80 бағыт бойынша халықаралық әуе қатынасын қалпына келтірдік. 74 ел үшін визасыз режим жаңартылды, құрлық шекаралары ашылды және елдер санын 100-ге дейін жеткізу жоспарланып отыр», — деді  А. Оралов.  Биыл жаңа құрал – туристік кэшбэк енгізу жоспарланып отыр. Бұл бағдарлама жолдамалар ресми туристік агенттіктерден сатып алынған жағдайда азаматтарға тур құнының 20%-на дейін қайтаруға мүмкіндік береді. Демалушылармен қатар, жергілікті туристік компаниялар да артықшылықтарға ие болады. Мысалы, Абай, Ұлытау облыстары сияқты жаңа бағыттарға шығындар сомасының 20%-ы қайтарылатын болса, Алматы, Бурабай сияқты танымал және сүйікті бағыттарға кэшбэк 10%-ды құрайтын болады.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

Сонымен қатар бүлдіршін саяхатшылар да назардан тыс қалмайды. Өткен жылы Kids go free бағдарламасы шеңберінде Қазақстан бойынша тегін әуе сапарын пайдалана алатын балалар саны 1 500-ге дейін жетті. Ал осы жылы 2 мың балаға дейін жеткізу көзделген. Бұл отбасылық демалыс үшін қосымша мүмкіндіктер. Одан бөлек, жыл басынан бері қонақүйлерде тұрған әрбір шетелдік туристерден Bed Tax салығы алынады. Жиналған қаражат жергілікті бюджетке бағытталып, өңірлерде туристік инфрақұрылымды дамытуға, туристердің демалыс орындарын абаттандыруға және туристік әлеуетті ілгерілету жөніндегі іс-шараларды өткізуге жұмсалады. Мәдениет және спорт министрлігі іске асырып жатқан жоғарыда барлық аталған шара бірінші кезекте отандастарымыздың дұрыс демалысын дамытуға бағытталған. Туристер арасында демалыс мәдениетін қалыптастыру – министрліктің негізгі міндеттерінің бірі.

«Түркістан шаһары – облыс орталығы ғана емес, еліміздегі ұлттық болмысымыздың, рухани қазынамыздың орталығы, түркі дүниесінің рухани астанасы. Топырағы талай сырды ішіне бүккен киелі және тарихи мекендер жетерлік. Облыс аумағында 1 754 тарихи-мәдени ескерткіш орналасқан. Бұл Түркістанның туристік әлеуеті өте жоғары екенін көрсетеді. Тарихи туризмнің алтын ұясы десек те артық болмайды. Сондықтан бұл қасиетті де киелі мекенімізді одан әрі дамыту біздің ортақ парызымыз», — деп айтып өтті мәдениет және спорт министрі. Министрдің айтуынша, туризмді насихаттау мақсатында халықаралық платформаларда жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, TripAdvisor платформасында 40-тан астам туризм нысаны, 37 қонақ үй енгізілді. IZI.Travel халықаралық туристік платформасында 100 туристік нысанның координаттары мен 3 тілде аудио нұсқаулықтар енгізілді. Сонымен қатар ішкі туризмді насихаттау мақсатында «Neo Nomad» ауқымды акциясы басталды. «Neo Nomad» заманауи көшпенді атағын және құнды сыйлық жыл бойы 20 туристік фототүсірілімде суретке түскен туристер алады.

Әлемге назар салатын болсақ, экономиканың үздіксіз дамуына ілесіп және техниканың  жаңалануына байланысты Халықаралық туризм күн өткен сайын қанатын кеңге жаюда. Көлік-коммуникациясы  қолайлы болған сайын қарым-қатынас, жүріс-тұрыс қарқын алып келеді. Адамдардың табысы жоғарылай бастаса, бірдеңе ойлай бастайды. Яғни дүниені кезіп, саяхаттау екінің бірінде болатын арман. Кәсіпкерлер мен тұрақты капиталы бар байлар онсызда әлемді шарлауды күн тәртібіне қояды. Осылайша туризм бүгінгі күннің жаңа өрлеуі болып отыр. Құрлықтарды кесіп, теңіздерді кешіп бөтен ел мен бейтаныс жерлерді көру  адамдардың көксегені. Жер шарындағы саяхат ежелден бар екені анық. Әскери және ғылыми экспедиция ретінде қалыптасып өмірге келген. Алайда, ол  ішінаралық қана болып келген еді. ХХІ ғасыр басталғалы саяхат пен туризмнің дәуірі туды деуге болады. Ақшасы бар адам материалдық жақтан қанағаттанып ылғи да қарап отырмас еді. Ол үшін өзге дүниеден рухани ләззат алу керек болады. Сол сәтте ішпегенді ішіп, көрмегенді көріп рақаттануды ойлаған адам туризмге ден қояды. Ғаламшарға зер сала қарасақ, туризмнің заманы жүріп жатыр, оның өсу жылдамдығы мықты. Тек кезектегі «індеттің» тосқауыл болып, жұрттың қол аяғын байлап қойғаны болмаса, дүние қалыбына келіп, сабасына түссе туризм саласы дүр ете қалайын деп тұр.

ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізілген: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, көне Отырар мен Сауран қалашықтары, Отырар ауданындағы Арыстан баб кесенесі,  Бәйдібек би ауданындағы Бәйдібек ата, Домалақ ана кесенелері мен Ақмешіт үңгірі, Түлкібас аудандарының қайталанбас әсем табиғаты, Ақсу-Жабағылы, Қаратау қорықтары, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бәрі-бәрі осы облыста орналасқан. Өткен жылдың өзінде Түркістанға 1 миллионнан астам турист келген. Саяхаттаушылардың басым көпшілігі Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, АҚШ, ҚХР, Германия және Италия азаматтары болып отыр. Бұл дегеніңіз қызығушылықтың өте жоғары екенін аңғартады Шетелдіктерден бөлек өзіміздің Қазақстанның барлық аймағынан шипажайларға, тарихи орындарға келушілер дені көп. Туризм Оңтүстік үшін таптырмас табыс көзі болғалы тұр. Облыс орталығы мәдени астана ретінде алдағы уақыттарда талай туристі қонақжайлықпен қарсы алатыны анық.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Мәдениет саласындағы инфрақұрылым қарқынды дамып келеді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҰЛТТЫҚ МЕЙРАМХАНА ТУРИСТЕРДІ ТАҢ ҚАЛДЫРУДА

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

10.06.2025
7
ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

10.06.2025
6
ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Мәдениет

ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

08.06.2025
3
ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ

04.06.2025
4
ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

30.10.2024
13
МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!
Мәдениет

МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!

06.09.2024
12

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.