Мәдениет саласындағы инфрақұрылым қарқынды дамып келеді — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

Мәдениет саласындағы инфрақұрылым қарқынды дамып келеді

09.11.2023
Мәдениет
0
ТҮРКІСТАН: МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРГЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУ КЕРЕК

Жалпы Мәдениет саласындағы инфрақұрылым тәуелсіздік жылдарынан бергі уақытта қарқынды дамып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында тың серпіліс алды. Аталған стратегиялық құжатта 2025 жылға дейін елімізде 1 500 мәдениет нысанының құрылысы мен жөндеу жұмыстары жоспарланған. Былтыр ғана республикада 22 нысанның құрылысы мен 287 объектіге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биылғы жоспар бойынша 40 объектінің құрылысы мен 260 нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізілуі тиіс. Олардың ішінде Түркістан өңірінде 15 мәдениет нысанына жөндеу және 3 нысанына құрылыс жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. Сонымен қатар Түркістан өңірінде биыл «Гауһар Ана», «Отырар», «Сауран» визит-орталықтары ашылып, туристерге қолайлы жағдай жасалмақ. Мәдениет және өнер саласында «Umai» ұлттық сыйлығы, «DALA DAUYSY» республикалық байқауы, «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы сияқты бірқатар ауқымды жобаны жүзеге асыру жалғастырылады.

Олардан бөлек, бұрын еш жерде шығармалары жарық көрмеген қаламгерлерді қолдау мақсатында «Жаңа қазақ әдебиеті» сериясы қолға алынды. Жақын арада 14 кітап жарық көріп, 42 мың тиражбен республикалық және облыстық кітапханаларға таратылу жоспарланып отыр. Сонымен қатар биыл алғаш рет еліміздің 18 бен 29 жасқа дейінгі жас жазушылары мен ақындарына арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық беріледі. Бұл сыйлық осы жылдан бастап жыл сайын «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» деген 4 номинация бойынша берілмек.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

Сонымен қатар талантты, өзіндік ерекшелігі бар шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды қолдау мақсатында «Рухани қазына» республикалық фестивальі өткізілетін болады. Мәдениет саласы қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында өтетін бұл фестиваль аясында үздік мамандар үшін 500 мың теңге, ал үздік мәдениет мекемесі үшін 1 млн теңгені жеңіп алу мүмкіндігі бар. Түркістан облысында 3 мыңнан астам бала мен жасөспірім тегін үйірмелермен және 20 мыңнан астамы секцияларымен қамтылды (2022 жылы 1,6 млрд теңге бөлінді). Биыл осы жобаны жүзеге асыруды жалғас жалғасады. Мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысты жалғастыру мақсатында 2023 жылы 560 мыңнан астам бала мен жасөспірімді қамту үшін жергілікті атқарушы органдардан 86,7 млрд теңге бөлінді (2023 жылы Түркістан облысында 4,6 млрд теңге қарастырылған).

«Ел спортының ертеңін еселеу, санасы сергек, бойы шымыр ұрпақ тәрбиелеу – әрқайсымыздың борышты міндетіміз. Бұл мақсатқа қол жеткізудегі маңызды мәселе – спорттық инфрақұрылымды дамыту арқылы халықтың қолжетімділігін арттыру», — деді ол. Осы бағыттағы жұмыстар стратегиялық құжаттар аясында жалғасын табатын болады. Мәселен, 2025 жылға дейін 113 жаңа спорт нысаны салынып, жұмыс істеп тұрған 26 нысан қайта жаңғыртылады. Жалпы спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында, біріншіден, еліміздегі барлық спорттық инфрақұрылымды тексеру, екіншіден, спорт нысандарын санау әдістемесіне өзгерістер енгізу, үшіншіден, спорттық инфрақұрылымның бірыңғай тізімін қалыптастыруды жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде тапшылық бар өңірлерде, шалғай ауылдарда тез салынатын модульдік нысандарды құру жұмыстарын жүргізілмек.

Сала қызметкерлерін әлеуметтік қамтамасыз ету бағытында сабақтан тыс спорттық секцияларды өткізгені үшін дене шынықтыру мұғалімдеріне лауазымдық жалақыдан 100% қосымша ақы төленеді, мектеп-интернаттардың жаттықтырушы-оқытушыларына олардың біліктілігіне қарай 6 мың теңгеден 22 мың теңгеге дейін санат бойынша үстемақы енгізілді. Мамандар әлеуметтік тұрғыда қолдау үшін жаңа шешімдер қабылданатынын жеткізді. Жаттықтырушы-оқытушыларға топтарды басқарғаны үшін, сондай-ақ айрықша спорттық атақтары үшін үстемақылар мен қосымша ақылардың жаңа түрлерін енгізу жоспарланып отыр. Мәдениет және спорт министрінің айтуынша, жалпы жоғары спорт жетістіктері саласында алдымызда бұдан да үлкен міндеттер тұр. Ұлттық құрама командалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың штаты 1 000-нан 3 000-ға дейін ұлғайтылды. Бұл мемлекеттен қаржыландырылатын атлеттердің пулын кеңейтуге және ұлттық құрамдағы орын үшін бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді. Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондарына, олардың жаттықтырушыларына өмір бойы төленетін ай сайынғы төлемнің мөлшері 24-тен 100 айлық есептік көрсеткішке дейін артты.

Сонымен қатар чемпиондар мен олардың жаттықтырушыларын өмір бойы қамтамасыз ету мөлшері 4 есе өсіп, спорт төрешілерінің жалақысы 2024 жылға қарай негізгі лауазымдық жалақының 100%-на дейін көтеріледі. Заңнамалық тұрғыда спортшыларға Ұлттық біріңғай тестілеуді тапсырмай, жоғарғы оқу орнына түсу үшін грант беру туралы норма енгізілді. Оған қоса, олимпиадалық резервті дайындау пирамидасы күшейтілді. Пилоттық режимде Республикалық спорт колледжінің базасында Жаттығу орталығы өз жұмысын бастады. Спорт саласындағы білікті мамандарды даярлау мақсатында 2000 жылдардың басынан бері құрылысы тоқтап қалған Олимпиадалық жаттығу орталығы қайта қолға алынды. Олимпиадалық жаттығу орталығы осы жылы, ал Олимпиадалық даярлау орталығының құрылысы 2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Өңірлік құрамалармен жұмысты бір жүйеге келтіру мақсатында Астана қаласында және Ақтөбе, Алматы, Жетісу облыстарында Спортты дамыту дирекциялары ашылды. Биыл қалған 16 өңірде осындай құрылымдар салынатын болады. 2025 жылға дейін 8 өңірде спорттық мектеп-интернат-колледждер ашылады (Астана, Шымкент қалаларында, Алматы, Абай, Атырау, Маңғыстау, Қостанай және Ұлытау облыстарында).

Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың айтуныша, келесі жұмыс бағыты – Парижде өтетін 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына сапалы дайындықты қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда «Париж-2024» дайындық бағдарламасы бекітілді. Оның маңызды тармақтарының бірі – заманауи жабдықтарды сатып алудың жаңа нормаларын бекіту.

Мәдениет және спорт министрінің айтуынша, спорттық медицинаны жаңғыртпай, инновациялық технологияларды енгізбей, заманауи спорттық құрал-жабдықтарды жаңартпай, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарды көбірек өткізбей, жоғары нәтижелерге жету мүмкін емес. Бұл бағытта кешенді ғылыми топтар құру, ұлттық құрама командаларды спорт дәрігері, травматолог, реабилитолог, нутрициолог, спорттық медицина бойынша физиотерапевт, спорт психологтары, массажистер және өзге де мамандармен жасақтау жөнінде шаралар қабылдау жоспарлануда.

«Сонымен қатар біз оқу-жаттығу процестері мен спорттық іс-шараларға қатысатын спортшыларға жедел шұғыл көмек көрсету бойынша фармакологиялық құралдар тізбесін жаңарту, инновациялық спорттық технологияларды енгізу бойынша жұмыс істейтін боламыз. Еліміз жылдан-жылға қарыштап дамып, ұлттық спорт та қанат жайып, еліміздің рухын көтеріп ел мақтанышына айналуда», — деді Асхат Оралов.

Бұл бағытта ұлттық спортты, ат спорты мен ат туризмін заманға сай жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі биыл да жалғасын табады. Министрдің айтуынша, Қазақстан 2024 жылы Қазақстан Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарын өткізу мүмкіндігіне ие болды. Жыл соңына дейін бұлардан да бөлек тың жобалар қолға алынып, ел спорты еселене бермек. Министрдің айтуынша, мемлекет қабылдаған шараларға байланысты бизнестің инвестициялық белсенділігі артты. Мәселен, 2021 жылы 226 млрд теңгеге 100-ден астам инвестициялық жоба енгізілсе, ал 2022 жылы 34,7 млрд теңгеге 123 инвестициялық жоба іске асырылды және 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында салаға 513 млрд теңге тартылды.

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 691 МӘДЕНИЕТ МЕКЕМЕСІ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Түркістан туризмі арқынды дамуда

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

10.06.2025
7
ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

10.06.2025
6
ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Мәдениет

ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

08.06.2025
3
ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ

04.06.2025
4
ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

30.10.2024
13
МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!
Мәдениет

МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!

06.09.2024
12

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.