ДЕРТКЕ ДАУА, ЖАНҒА ШИПА — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ДЕРТКЕ ДАУА, ЖАНҒА ШИПА

11.11.2023
Қоғам
0
Сайрам ауданының туристерге берері мол

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Сайрам ауданына қарасты «Манкент» шипажайы аумағынан 1210 метр тереңдіктен жылы су табылған. Судың түсі аздап сарғыштау, мөлдір. Жағымсыз исі, дәмі жоқ. Ыдыста ұзақ тұрса аз ғана қоңырқай түсті тұнба түзеді.
Курортология институты зерттеулерінің қорытындысы бойынша бұл су сульфатты-хлорлы-натрийлі, шамалы минералды шипалы жылы сулар қатарына жатады. Минералдылығы бір литрде 2,2 грамм. Химиялық құрамы тұрақты. Қышқылдығынан негіздігі басым. Жер бетіне шыққандагы жылуы 39 градус.
Құрамында денсаулыққа аса пайдалы күкірт, темір, натрий, йод, бром, тағы басқа да элементтері бар «Манкент» шипалы суын ішуге де, ванна түрінде де кеңінен пайдалануға болады.
Суды қашан, қалай пайдалануды науқастың жай-күйіне, жүрек, асқазан, ішек, бауыр, ет, бүйрек сияқты ағзаларының жағдайына, ауруының түріне қарап емдеуші дәрігер белгілейді.
Суды алғаш ішкенде оның мөлшері 100-260 мл-ден аспауы керек. Бір тәулікте ішуге пайдаланылатын шипалы судың мөлшері науқастың әр кило салмағына шаққанда 3,3 мл. деп есептелінеді.
Асқазан сөлінің қышқылдығы көп болса, суды тамақтан 10-15 минут бұрын асықпай, сораптап ішкен жөн. Осылай ішкенде су асказанға көбірек тұрып, оның қызметін жақсартады.
Асқазан сөлінің қышқылдығы аз болса, суды тамақтан 1-1,5 сағат бұрын тез ішу керек.
Мұндайда су асқазанда көп кідірместен лезде ішекке өтіп, оның қызметін күшейтеді де, асқазан қызметі баяулайды, қышкылдығы да азаяды.
Асқазан сөлінің қышқылдығы қалыпты жағдайдан ауытқымаған болса, шипалы суды тамақтан 35-40 минут бұрын ішеді.
Жылыдай ішілген су асказанның, ішектің, өт жолдарының қозғалысын реттейді, тырысқанын, түйілгенін кетіреді, өттің, іштің жүруін жақсартады. Зәрді қуалайды.
Шипалы су асқазанды, ұлтабарды жууға, өт жүргізуге (дюбаж), ішекті, қын ауруларын емдеуге қолданылады. Онымен мұрынды, ауызды, тамақты шаюға да болады.
Көп жыл бойы бақылаудың нәтижесінде «Манкент» шипалы суын мына төмендегідей ауруларды емдеуге пайдалануға болатыны байқалды: мұрын ішінің кебуі, мұрыннан су аға беретін аллергиялы ринит, қызыл иектің қабынуы, жиі қайталайтын тамақ баспасы; асқазан гастриті мен ұлтабар ішектің қабынуы, асқазан, ішек жаралары, өт калтасының қабынуы, өт жолдарының ауруы, тоқ ішек кеселдері; буын аурулары, ревматизмнен, бруцеллезден калған буын артриттері, омыртқа остеохондрозы, бел ауру; уйқы бұзылуы, жүйке жұқарып, көңілдің қошы кетуі; әйелдердің жыныс аурулары; зоб ауруы; жұқпалы емес тері аурулары, қаны аздық.
2007 жылғы сәуірдің 1-інен бастап осы заманға сай физиотерапевтикалық және бальнеотерапевтикалық медициналық кондырғылардың көп түрімен жабдықталған, күніне 650-700 адам қабылдауларға есептелген, жаңа, екі қабатты емдеу ғимараты іске қосылды.
Емдеу ғимаратының бірінші қабаты сумен емдеу шараларына арналған. Онда ванна бөлімшесі, су массажы, ішекті жуу және геникологиялық жуу бөлмелері, Шарко душы, айналмалы-сепкіш душы және сауна, жүзу бассейні, суда жүздіріп омыртқаны созып емдейтін бассейн бар.
Екінші қабатта физиотерапевтикалық, болжау-диагностикалық, қол массажы, парафинді-өзекеритпен емдеу бөлмелері, сонымен қатар, жоғары білікті дәрігер мамандардың (кардиолог, гениколог, уролог, гастроэнтеролог) қабылдау бөлмелері орналасқан.
1999 жылдан бері мұнда Жанақорғаннан әкелінген саз-балшық та емге қолданылады.
Сондай-ақ, емдік шөптер қосылған иондалған ауаны тыныс жодарына жіберіп емдейтін тұзды шахтаға түсіріп өкпе демікпесін емдейтін арнайы жабдықталган жайлар бар.
Ал қажетті нәрселермен толық қамтамасыз етіліп, әсем безендірілген емдік дене тәрбиесі салынған күні бойы жаттығушылар үзілмейтінін айтпай өтуге болмайды.
Соңғы жылдары «Манкентте» әлемдік стандартқа сай сегіз жаңа жатақ, он жаңа коттедж іске қосылды. Бұлардағы әр бөлмеде кабельді теледидар, телефон, ванна-душ, басқа да демалуға керекті нәрселердің бәрі бар.
«Манкентте» барлық азық-түлік өз қосалқы шаруашылығында өндіріледі. Мұнда: сүт өнімдерін шығаратын ферма, қысы-жазы көкөніспен қатамасыз ететін бақша және жылыжай, мал бағып бордақылайтын ферма, наубайхана бар.
Соңғы жылдары 6,5 гектар жерге 7000 дана сәндік және жемістік ағаштар, 700 дана қарағай отырғызған.
Бүгінгі күндері кең байтақ республикамыздың түкпір-түкпірінен келіп денсаулығын түзетіп, тынығып қайтып жатқан жандардың саны жылдан жылға ұлгаюда, себебі «Манкент» шипажайында дем алу үшін де, ем алу үшін де барлық жағдайлар жасалған.
Жаңа үлгідегі үш асхана: № № асхана – 300 орынды, санаторияда демалушылар үшін әдемі безендірілген зал жене көптеген цехтар мен демалу бөлмелерімен; №2 асхана 200 орынды жанұялы жазғы демалу үшін, клуб, екі би, бір спорт алаңдары, кітапхана, көкпенбек көрікті бақ, әсерлі де әсем гүлзарлар, суы мөлдіреген қос бассейін, пошта, қалааралық сөйлесу пункті, ерлер, әйелдер шаштаразы, аяқкиім шеберханасы, биллиярд залы, шомылатын әуезі бар орыс моншасы мен фин саунасы, балалар ойнайтын атракцион, тәуліктің қайсы бір мезгілінде кірсеңіз де сусыны, тамағы, тағамы дайын кафе, бұған газет-журнал, балмұздақ, газды су сататын киоскілерді, дүкендер мен басқа да сауда орындарын қоссақ, демалушылар: Сайрам, Отырар, Арыстанбаб, Түркістан, Шымкент, Ташкент, Машат бағыттарына шығатын арнайы автобустарға отырып, көне мәдениет орындарын тамашалап, әулиелі жерлерге зиярат етіп қайта алатынын айтсақ, жоғарыдағы «барлық жағдай жасалған» деген сөзіміз дәлелдене түсері анық.
Айтпақшы, біле жүргеніңіз жөн. Шипажайды іскер әрі аймаққа сыйлы Хамрақұл Қорғанов ағамыз басқарады. Ол кісінің адамгершілігі мен ұтымды ұйымдастырушылығын жұрт жоғары бағалайды.
Дайындаған Ә.Төлегенов.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Сайрам ауданының туристерге берері мол

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Менің Қазақстаным» атты балалар кітапханалары арасында апталық өтті

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА  «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

30.06.2025
2
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

28.06.2025
2
САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
3
ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
2
КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қоғам

КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.06.2025
2
БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ
Қоғам

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

27.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.