БОРАЛДАЙ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ — Төрттаған
Среда, 3 сентября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

БОРАЛДАЙ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ

08.11.2023
Қоғам
0
БОРАЛДАЙ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ

READ ALSO

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар

Ынтымақ – Қазақстанның күш-қуаты мен жастар болашағының негізі

«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» биылғы жылы өзінің құрылғанына он жыл толуын атап өткелі жатыр. Бұрынғы Шардара, Арыс, Отырар, Түркістан және Боралдай орман қорғау мекемелерінің 119 мың гектар жерінен құрылған бұл парк жергілікті маңызға ие ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатында.
Осы парктің Боралдай филиалының 6308 гектар учаскесі туристік және рекреациялық қызмет аймағына кіреді. Бұл аймақтың белгілі бір бөлігінде экологиялық соқпақтар, демалыс орындары орналасқан.
Жыл сайын көктем айларынан бастап жаз айларының соңына дейін филиалдың ерекше жерлерін көруге келетін азаматтар саны бірден болмаса да, біртіндеп артып келеді. Бірақ келушілер арасында экотуризм мәдениетін қалыптастыру көп еңбекті қажет етуде. Дегенмен, еңбектене отырып табиғатта саяхаттау, демалу мәдениетін қалыптастырамыз деген сеніміміз бар.
Біздегі басты мақсат – Қаратау мен Боралдай тауының әсем табиғатын елге паш ету. Келген туристер біздің табиғатымызды көріп, танысу арқылы өздеріне қуат алып, керемет көңіл күйге бөленсе, онда мақсатымыздың орындалғаны деп білеміз. Сол үшін біздің филиалдың қызметкерлері филиал аумағындағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін орман өрттерінен, сұғанақтардан, өзге де кері әсерлерден қорғау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді. Сонымен бірге аумақтың санитарлық тазалығы басты назарда.
Филиалдың туристерге көрсететін керемет жерлері өте көп. Дегенмен, біздегі туризмді дамытудағы кедергі – жол мәселелері. Биылғы жылы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» туристік орындар тізбесіне еніп отыр. Ендігі жерде жергілікті атқарушы билік тарапынан жол мәселелеріне де көңіл бөлініп, кезең-кезеңмен шешімін табады деген ойдамыз.
Жалпы алғанда Боралдай филиалы аумағының туризмді дамытудағы әлеуеті жоғары.
Б.ШЫНАРБЕКҰЛЫ,
«Сырдария-Түркістан МӨТП» КММ-і Боралдай филиалының туризм маманы.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ҚАҢЛЫ ДӘУІРІНЕ ТИЕСІЛІ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕР ТАБЫЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ЕРЛІК, АБЫРОЙ, МІНДЕТ

Оқи отырыңызМақалалар

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар
Қоғам

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар

21.08.2025
4
Ынтымақ – Қазақстанның күш-қуаты мен жастар болашағының негізі
Қоғам

Ынтымақ – Қазақстанның күш-қуаты мен жастар болашағының негізі

20.08.2025
3
ЫНТЫМАҚ БАР ЖЕРДЕ – ЫРЫС БАР
Қоғам

ЫНТЫМАҚ БАР ЖЕРДЕ – ЫРЫС БАР

20.08.2025
4
ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
4
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
4
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
434

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
358
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
220
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
170
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.