ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ҚАҢЛЫ ДӘУІРІНЕ ТИЕСІЛІ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕР ТАБЫЛДЫ — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ҚАҢЛЫ ДӘУІРІНЕ ТИЕСІЛІ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕР ТАБЫЛДЫ

08.11.2023
Мәдениет
0
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ҚАҢЛЫ ДӘУІРІНЕ ТИЕСІЛІ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕР ТАБЫЛДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысы, Ордабасы ауданына қарасты Сарыарық ауылы маңындағы үңгірден 2 мың жыл бұрынғы алтын сырға табылды.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық университетінің археологиялық жасағы «Ордабасы» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының қызметкерлерімен бірлесе Ордабасы ауданы Қараспан ауылы маңындағы ежелгі Қаңлы дәуіріне тиесілі көне қорым орнын тапты.
Тарихи жазбаларға қарағанда бұл жер бұрын тоналған. Бірақ соған қарамастан осындай жәдігердің сақталып қалуы археологтарды таңғалдырып отыр. Олар Қаңлы мемлекетіне тиесілі басқа да құнды артефактілердің табылып жатқанын айтады.
Қорым құрылым көлемінің үлкендігімен ерекшеленеді. Дәліздің ұзындығы 8,5 метр болса, тереңдігі — 4 метр, жерлеу камерасының тереңдігі — 5,2 метр. Мұндай тереңдіктегі қорымдар бұрын-соңды бұл аймақта кездеспеген. Жер қатпарын алған археологтар бұл отбасылық қорым болған деген болжамын білдіріп отыр. Жүргізілген ғылыми зерттеулер қорымдағы ер азаматтың, әйелдің және жас өскіннің сүйегі осыдан 2 мың жыл бұрын жерленген деген дәйекті дәлелдерді көрсетті. Қорымнан қыш құмыралар, әшекейлер, әйелдердің боянуына арналған сүрме және спираль тәрізді алтын сырға мен моншақ табылды. Бұл заттар – сол дәуірдегі қаңлы тайпасының ауқатты өмір сүргендігін айғақтайды дейді археологтар.
Археолог Александр Подушкин 2 мың жыл бұрын жасалған алтын әшекей жайлы өз ойын тебіреніспен жеткізді. Шиыршық үлгісінде әзірленген алтын сырға өте жақсы сақталған. 20 ғасыр бұрын сәнқой әйелдер мен қыз-келіншектер осындай алтын әшекейлерді пайдаланған.
— Бұл шиыршық түсті сырғаның басында иненің көзіндей ғана саңылау бар. Демек ол сырғаны байлауға арналған. Қазіргі заманның әйелдері үлкен әшекей бұйымдарға құмар келеді. Ол 2 мың жыл бұрын да солай болған. Себебі үлкен бұйым көзге жақсы көрінеді. Сақ тайпасына қарағанда қаңлылар алтынға сонша құмар болмаған. Дегенмен дәулетті адамдардың әйелдері оны сәндік бұйым ретінде қолданғанын аңғаруға болады, — деді А.Подушкин.
Археологтар үшін, әрине, бұл – өте үлкен олжа. Өйткені көне қорымдар бағзы замандардың өзінде аяусыз тоналған. Ғалымдар үшін бұл жолғы қазба жұмыстары өте сәтті болды. Олар 400 моншақтан тұратын алқа мен ақық тасы бар күміс сақина және кірпік бояуға арналған бұйымды да тауып алды.
Археологтарды тағы бір таңғалдырғаны – алтын мен күміс әшекейлер емес, керамикалық бұйымдар. Құмыраның мойны ұзын және өте жіңішке екен. Демек оған өте құнды бір сұйықтықты құйып, сақтаған. Бұл құмыралардың 2 мың жылдық тарихы бар. Әшекей мен құмыра формаларының өзі сол замандағы керамикалық өндірістің өте жоғары деңгейде болғанын айғақтайды.
Ғалымдардың айтуынша, мұнда бір кездері тіршілік қыз-қыз қайнап жатқан көне қала болған. Күлтөбе қалашығынан көне жазбалар бедерленген қыш кірпіштер де табылып жатыр. Ондағы мәтінді бүтін бір лингвистикалық материалға балауға болады. Мұндай керамикалық кестелерді оқумен әлемдік деңгейдегі палеолингвист Николас Симс-Уйльямс айналысып келеді. Ғалымдардың айтуынша, қыш кірпіштегі жазу көне арамей тілінде жазылған. Бұл ежелгі Қаңлы мемлекетіне қатысты тың деректерді ашуға септігін тигізеді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

БОРАЛДАЙ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

10.06.2025
7
ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

10.06.2025
6
ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Мәдениет

ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

08.06.2025
3
ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ

04.06.2025
4
ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

30.10.2024
13
МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!
Мәдениет

МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!

06.09.2024
12

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.