БОЛАШАҚҚА БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРЕДІ — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

БОЛАШАҚҚА БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРЕДІ

19.10.2023
Қоғам
0
БОЛАШАҚҚА БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРЕДІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Президенттің кезекті Жолдауынан көңілге бір­ден қона кеткен мәселерге тоқталар болсам, ең ал­ды­мен ауыл-аймақты да­мы­ту мақсатында қолға алын­ға­лы отырған баста­малар ұнады. Оның ішінде жер­гі­лікті биліктің әлеуе­тін арт­тырып, өз про­бле­маларын өздері жедел ше­шетіндей бюджет қарас­ты­ру керек дегені бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі еді.
Жалпы қоғам алға жылжу үшін оған қозғау са­ла­тын күш керек. Жолдау сол күштің рөлін атқарып, жаңа бағдарламаға жол ашып, болашаққа бағыт-бағдар береді. Тек оны тиімді пайдалану әркімнің іскерлік қарым-қатынас қабілетіне байланысты. Мем­лекет басшысы мәселен, ұлттық бизнестің әле­уетін арттыру керек дегенді осымен бірнеше рет қай­та­лады. Шын мәнінде де, бүгіінгі қоғам үшін биз­нес­тің әлеуетін арттырудың маңызы зор. Оның қа­жет­тілігін білеміз, бірақ соны қалай жүзеге асыру керек де­ген­ге келгенде, тағы да аяғына жем түскен аттай кібір­тектеп қаламыз. Себебі бұрынғы жүйеге әбден қа­лыптасып қалған ескі кадрлармен жаңа жүйе құру мүмкін емес. Президент кадр саясаты мәселесін де орынды қозғады. Міне, осы айтылған мәселелер қалай жүзеге асады екен деп қарап отырмай, оның ертерек іс жүзіне аса беруіне баршамыз бір кісідей атсалыссақ алынбайтын асу, бағындырмайтын белес болмайды. Сондай-ақ, бұл Жолдауды мақта­шылардың пайдасына шешілді десек болады.
Дарбаза – Мақтаарал темір жолын салу көптен бері айтылып жүрген мәселе еді. Президент Жол­дауында бұл мәселеге де назар аударылды. Су ресурстары және ирригация министірлігін құру ке­рек дегені де қолдануға тұрарлық. Өйткені, суды тір­шілік көзі дейтін болсақ, соңғы кездері бұл мәселе күн тәртібінен түспей тұр. Тіршілік көзін тиімді пай­даланудың маңызы зор екенін ескерсек, мұны да орынды айтылды деп есептеуге болады. Мен өзім ауыл шаруашылығы маманы болғандықтан Жол­даудағы жаңалықтарды рет-ретімен саралап көрейін.
Бірінші, бізге келетін ағын су 3 мемлекеттен өтіп келетінін ескерсек жаңадан Су ресурстары және ирригация министірлігі ауадай қажет. Сусыз өнім де,өмір де жоқ. Тек көршілермен ұтылмайтын мәмі­леге келіп, дипломатиялық келіссөздерді байыпты жүргізген жөн. Бұл саланың министірі бірінші ке­зек­те дипломат болу керек. Ішкі жағдайды реттеп, сала мамандары арқылы каналдарды, арық-атыздарды, қатаң бақылауда ұстау керек.
Екінші, Дарбаза – Мақтаарал темір жолы. Түр­кістан облысының қиырдағы Мырзашөл айма­ғын­дағы «ақ алтынды» Мақтаарал ауданына темір жолдың баруы, тек қарым- қатынас үшін ғана емес, шекарада қалып қойған ауыл аймақтар үшін де, елімізді көкөніспен қамтамасыз етіп отырған ай­мақ­тар үшін де стратегиялық тұрғыдан өте маңызды. Әрі арзандау болар еді. Ойласып пішкен тон,келте болмаса керек.
Үшінші, отандық өнім өндірушілерді қолдау. Осы мәселемен 2000-шы жылдан бері айналысып келеміз. Неше түрлі қитұрқы әрекеттердің куәсіміз. Біріншіден, сатып алушылардың (магнаттардың) «берсең де бер бес теңге, бермесең де бер бес теңге» деген қылығы диқандарды қажытып бітті. Өнім өндірушілер өнімі піскен соң солардың айтқан бағасына өткізуге мәжбүр.
Егістігіңді суаратын ағын су өте қымбат. Амал жоқ, айтқан ақшасын төлеп аласың. Анти­моно­по­лиядағылар «сен тимесең, мен тиме» дейді. Сонда диқандардың құқығын кім қорғайды? Енді Жол­дау­дағы «Отандық өнім өндірушілерді қолдау» бағ­дар­ламасын оқып, біздің де қуанатын күніміз туды деп қуанып отырмыз.
Т.ҚАНАЕВ.
«Құрмет» Орденінің иегері, «Ақорда» шаруа қожалығының төрағасы.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ЖЕТІСАЙ: МАҚТАЛЫНЫҢ БАЛЫҒЫ САУДАҒА ШЫҚПАҚ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ЖОЛДАУ – ЖҰРТШЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЖАҚСАРУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА  «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

30.06.2025
2
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

28.06.2025
2
САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
3
ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
2
КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қоғам

КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.06.2025
2
БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ
Қоғам

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

27.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.