ЖЕТІСАЙ: МАҚТАЛЫНЫҢ БАЛЫҒЫ САУДАҒА ШЫҚПАҚ — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЖЕТІСАЙ: МАҚТАЛЫНЫҢ БАЛЫҒЫ САУДАҒА ШЫҚПАҚ

19.10.2023
Жаңалықтар
0
ЖЕТІСАЙ: МАҚТАЛЫНЫҢ БАЛЫҒЫ САУДАҒА ШЫҚПАҚ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында да «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді» деп нақтылап айтты.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы өз Жолдауында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, соның ішінде агроөнеркәсіптік кешенін субсидиялаудың ұзақ мерзімді жаңа тәсілдерін әзірлеуді тапсырды. Кәсіпкерлерге жерді жедел әрі ашық бөлудің тиімді әдістерін тұжырымдау жөнінде Үкімет алдына міндеттер қойған еді.

Осы орайда, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс аумағында балық шаруашылығын дамыту және инвестиция тарту бағытында жүйелі жұмыстар атқаруды облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына тапсырған болатын.

Мақталы ауылдық округінің жер көлемі 10022 гектар болса оның 8495,7 гектарын егістік алқап құрайды. Округке қарасты 11 елді мекенде 9133 тұрғын тату-тәтті мекен етуде.
Елдің негізгі күнкөрісі – жер және мал шаруашылығы дегенімізбен бір кездері мақта өндіруден алдыңғы орында тұратын өңірдің бүгінде қадірі қашқандай. Қараусыз қалған тік дренаждарды қайта қалпына келтірмей ауылшаруашылығымыз қайта жандануы екі ұдай дүние деген жергілікті тұрғындар мемлекеттік қолдлауға мұқтаж.
-Аудан басшылары мен окру­гіміздің әкіміне рахмет айтамыз, көшелерімізді жөндеп, жарық­тандырып берді. Күрделі мәсе­лелеріміздің бірі – ауыз су да шешімін тапты. Ауылымызға газ құбырлары тартылуда. Қыруар шаруалар атқарылуда. Әрине, мұның бәрі де қуантады. Алайда, жұмыссыздық мәсе­лесі әлі де болса қиын жағ­дай­да тұр. Жастарымыз ауылын, ата-анасы мен бала-шағасын ауылда қалдырып, қалаларда жұмыс істеп жүр. Егер, тік дре­наждар ілгерідегідей жұмыс іс­теп тұрса жердің тұзы да тө­мен­деп, құнарлығы артар еді. Жас­тарымыз қайта ауылға келіп, егіншілікпен айналысып, отба­сының жанында болатын еді. Бізде басты мәселе-тік дренаж. Құдайға шүкір, басқа мәсе­ле­ле­ріміз біртіндеп шешімін тауып келеді, -деді ауыл азаматтары.
Жанға батқан жанайқайын жабырқай жеткізген ел ағала­рының алға тартып отырған уәждері орынды да. Кедірі жоқ түзу жол да, жарқыраған жарық шам да көңілің тоқ кезде жаны­ңа медет. Ал, бала шағаны та­рықтырмай, қатарынан қал­дыр­май асырап, бағу үшін жұмыс керек. Өз елінен жұмыстың ың­ғайын көрмеген ауылдықтар шалғайдан талғажау іздеп әуре.
Дегенмен, береке мен несібенің кілтін ауылдан тапқан мақталылықтар бар. Сондай жоқтан бар жасап, өзгеше кә­сіпті игеріп келе жатқан жер­гі­лікті тұрғын Сүндет Абылаев. Сүндет өзі туып-өскен шө­лейт­ті 3 жылдан бері балық асы­райтын айдынға айналдырып келеді.
-Қарап отырсақ, Жетісайы­мыздың өзінде жоқ деген нәр­сенің өзі жоқ. Кәсіптің барлық түрі дамуда. Тіпті, бөдене асы­рап, кәсіпке айналдырғандар бар екен. Ендігі жерде бә­се­ке­лестігі төмен кәсіптің түріне кел­сек біздің ауданда балық өсіріп, кәсіпке айналдырып жүргендер жоқтың қасы. Бұл шаруаны 2015 жылдан бері ойластырып жүргеніммен істің көзін таппай келдім. Содан, 2021 жылы осы балық өсіруді қолға алып, жан-жақтан сұрастырып, ақыл-кеңестер алып, тәуекелмен бел буып, кірісіп кеттім. Осылайша он гектар жерімнің 5 гектарын үш бөлікке бөліп қаздырып, суды тоғандап қауыз жасадық. Збростың маңы болғандықтан ағын судан тапшылық жоқ. Ал­ғашында Алматыдан 40 мың шабақ алып келдім. Келесіде уылдырықтан өндірдік. Жалпы, уылдырығы бар, шабағы бар бір миллионнан астам балық­тан қазіргі таңда 200 мыңдай балық өсіп жетіліп келеді. Мұ­ның өзі алғаш бастағандар үшін тәуір нәтиже болып есеп­теледі. Балыққа жемді жер­гі­лікті бидай мен жүгеріні май­да­лап береміз. Арасында кебек те беріп жатамыз. Құдай қаласа 2024 жылы көктемде базарға шығарамын. Әр балық екі келіден тартады деген болжамымыз да бар.
Істің көзін тапқан адамға қай шаруашылық та қиын емес. Естеріңізде болар, биыл қыс өте аязды болып су бетінде 20-25 см-ге дейін мұз қатты. Алғашында мұзды ойып қойсақ, келесі күні ойылған жері қайта мұзға айналып жүрді. Қашанғы бұлай жасай береміз деп 3-4 күннен соң мұз оюды да қойдық. Содан мұз еріп, күннің көзі жылығанда көлшігіміздегі балықты көрсек судың түбінде тіршілігін жалғастыруда екен. Міне, құдай қаласа, ендігі көктемде судың сұлу тіршілік иесін саудаға шығарамыз деп жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда тек қана шығынмен келеміз. Саудаға шығарған балықтан қайыр болса алдағы уақытта қауыздардың санын көбейтіп, балықты да арттырамыз деп ойлаймын.
Балықтан бөлек, қаз асырауды үйрендім. Оның да өзіндік асырау тәсілі бар. Қолымыздан келгенше зерттеп, үйреніп келеміз,-деді шөлдің суына балық асырап, жоқтан бар жасап, мырзашөлдіктерді таңдандырудан жалықпайтын Сүндет мырза.
Келесі кезекте Мақталы ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Марат Егізбаевпен сөйлесіп, ауылда атқарылып жатқан жұмыстар барысымен таныстық.
-Мақталы ауылдық округінде Мақталы мен Дархан ауылдарына қазіргі таңда газ құбырларын тарту бойынша қызу құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мақталы ауылы толығымен асфальттанған. Тек Алмалы елді мекенінде 4 көшеге асфальт төсеу қажет. Округте ауыз су мәселесі де шешілген. Демеушілер есебінен 18 көше жарықтандырылса, алдағы уақытта бұл жұмыс жалғасатын болады. Сержан Тастанбеков деген кәсіпкер 15 миллион теңгеге спорт кешенін салып, ауыл тұрғындары игілігін көруде.
Ауыл азаматтарының әл-ауқатын көтеру бойынша қолға алынған «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 48 азаматтың құжаты дайындалып, 17 азамат 2.5 пайыздық несие алуға мүмкіндік алды. Қазіргі таңда 5 азамат аталмыш несиемен қаржыландырылып, басқа облыстан асыл тұқымды мал басын алып келу жұмыстары жүргізілуде. Несие алушылар­дың басым көпшілігі ірі қара мал басын арттыруды көздеуде. Бір азамат автосервис орталығын ашпақ, шлакоблок пен жиһаз жасауға ниеттілер де бар. «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылғалы атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатары азаюда. Бұған дейін 130 ауылдық отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып келсе, биыл «Ауыл аманаты» жобасына қатысып, өз кәсібін бастағысы келетіндер қатары артып, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатары біртіндеп азайып келеді. Орайы келгенде айта кету керек, «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар арасында құжаттардың дұрыс еместігі де қолбайлау болуда. Іріленген Мақтаарал ауданы екіге бөлінгенде құжаттарын ауыстырмаған тұрғындар қатары көп. Осындай құжаттарды реттеу біршама уақыт алуда.
Ақылы қоғамдық жұмыс істейтін 57 тұрғынымыз бар,-деген ауылдық округтің бас­шысы өзге де көптеген жағымды жаңалықтарымен бөлісті.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІК ТҰРҒЫН БӨДЕНЕ ӨСІРІП, ТАБЫС ТАБУДА

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

БОЛАШАҚҚА БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРЕДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.