ЧЕМПИОН КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІН ЖЕРЛЕСТЕРІНЕ АРНАДЫ — Төрттаған
Воскресенье, 15 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Спорт

ЧЕМПИОН КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІН ЖЕРЛЕСТЕРІНЕ АРНАДЫ

05.11.2023
Спорт
0
ЧЕМПИОН КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІН ЖЕРЛЕСТЕРІНЕ АРНАДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ЗАМАНАУИ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістанда алғаш рет «Мұз шоуы» өтті

Жұмабек Ернар Бақдәулетұлы Түлкібас ауданы, Шақпақ баба елді мекенінің тұрғыны. 17 жастағы бозбала жақында ғана Уфа қаласынан еліміздің көк байрағын желбіретіп, ауданымыздың абыройын асқақтатып, үлкен қуанышпен елге оралды. Иә, ол Белбеу күресінен Әлем чемпионатында жүлделі ІІІ орынды иемденіп, кезекті жеңісін жерлестеріне арнаған еді. Табаны туған жеріне тиген бойда жерлестері чемпионын ерекше сыйластықпен, ілтипаттылықпен күтіп алды. Мақтап, марапаттап, ақ баталарын берді. Аудандық мәслихаттық депутаты Бейбіт Тулешов те, ел ағасы Серік Барлыбаев та қуанышын ортақтасқан ағаларының ортасынан табылып, Ернардың спорт жанашырына айналды.
Ел ағалары рухани және материалдық тұрғысынан көмектесіп, Ернардың үлкен чемпионаттарда бақ сынауына мүмкіндіктер беріп келеді.
-Мені ең әуелі спортқа дағдыландырып, бойымды түрлі жаттығулармен жаттықтырып үйреткен өзімнің әкем Бақдәулет Сейдалиев. Әкеден артық мектеп, ұстаз жоқ деп ойлаймын. Содан кейін қазақша күрес пен дзюдоның қыр сырына үңілдіріп, спортқа деген махабатымды әрмен қарай дамыта білген Керімбаев Қасымхан ағайым болды. Ал дәл осы белбеу күресіне Қасымхан ағайымның ұлы Керімбаев Асланбек ағайым жаттықтырды.
Алғашқы үлкен жарысым Қазақстан чемпионатына қатысуым болды. Ол Ақтау қаласында өткен еді. Сол чемпионатта Қазақстан чемпионы атандым. Осы жеңістен кейін Башқұртстан еліндегі Уфа қаласына жолдама алдым. Дайындықтар мен жаттығулар үзілген жоқ. Мен үшін жаттығу уақытын үзбеу, үнемі дайындықта жүру-міндет әрі талап деп ойлаймын. Уақыт сәті келіп, Уфа қаласына аман-есен барып келдік. Ол жерде әлем чемпионатынан ІІІ орынды иемдендім. Жеңіс оңайлықпен келмейтінін күллі спортшылар біледі. Ол үшін мықты дайындықтың қажет екені айдан анық. Жалпы, мен айналысып жүрген бұл спорт түрі Қызылорда қаласында және біздің Түлкібас ауданында мықты дамыған. Осы спорт түрін меңгеремін деуші азаматтарға мүмкіндіктер де қарастырылған.
Алдағы жоспарлар жетерлік. Соған жету үшін әрекет ете білуім керек. Мен үшін ең басты талап пен мақсат- осы спортты тастамай, Әлем чемпионы болу. Бастысы, армандар орындалады. Мен оған сенемін. Ал, қазіргі ең ыстық әрі ең алғашқы жеңісімді мен барша тілеулес болған жерлестеріме арнаймын. Сіздердің тілеулеріңіз бен берген баталарыңыздың арқасында мен әлі талай жетістікке жетіп, асулардан асатыныма сенімдімін. Тілектеріңіз бен ілтипаттарыңызға мың алғыс,- дейді белбеу күресінен Әлем чемпионатының ІІІ орын иегері Ернар Бақдәулетұлы.
Ернарды кезекті жеңісімен біз де құттықтаймыз. Алдағы жоспарлары іске асып, ел маңдайына біткен Батыр атануына тілектеспіз. Жолың ақ болсын, азамат!
А.Мәмет
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ВОЛЕЙБОЛДАН АУДАНДЫҚ МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ АРАСЫНДА ЖАРЫС ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

КЕРЕЙТ ЕЛІ БАТЫР ҰЛЫНЫҢ ЕСІМІН ҰЛЫҚТАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ЗАМАНАУИ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Спорт

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ЗАМАНАУИ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

04.06.2025
3
Түркістанда алғаш рет  «Мұз шоуы» өтті
Спорт

Түркістанда алғаш рет «Мұз шоуы» өтті

05.05.2025
3
ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ГІР СПОРТЫНАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ
Жаңалықтар

ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ГІР СПОРТЫНАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ

05.05.2025
4
«НАУРЫЗНАМА»: ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТІП ЖАТЫР
Спорт

«НАУРЫЗНАМА»: ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТІП ЖАТЫР

20.03.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢНАН АСТАМ МЕКТЕП ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢНАН АСТАМ МЕКТЕП ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

11.09.2024
5
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАР АРАСЫНДА СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ
Спорт

ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАР АРАСЫНДА СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

31.08.2024
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.