ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АВСТРИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ — Төрттаған
Понедельник, 16 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АВСТРИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

16.10.2023
Жаңалықтар
0
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АВСТРИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Мемлекет басшысының Жолдауында елімізге инвестиция тарту мәселесіне де ерекше тоқталды. Елдегі экономикалық жағдай соған тікелей байланысты. Демек, бұл өңір басшыларының да тікелей міндетіне кірмек.
Қазір қай салада болмасын отандық өнімді дамыту өзекті мәселе болып отыр. Әсіресе, халықтың күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарларының басым бөлігін отандық табиғи, таза өнімдердің құрауы аса маңызды. Алайда, бүгінгідей ашық экономикалық кеңістікте шетел өнімдерін ығыстыру жоғары бәсекелестікпен қатар, тауар өткізудегі жүйелі жұмысты да талап етеді. Олай дейтініміз, сапасы жағынан елімізде өндірілетін өнімдер шетелдіктерден қалыс қалып отырған жоқ, бірақ, біздің елде шикізатты өткізу, терең өңдеу тұрғысынан біршама қиындықтар бар.
Міне, осы қиындықтарды еңсеру мақсатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне инвесторлар тарту арқылы кәсіпорындар салу, жаңа жұмыс орындарын ашу жайында тапсырма берген болатын.
Өңір басшысының тапсырмасы аясында бүгін Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов Австриялық инвесторларды қабылдады.
Құрамында Австрияның Вена қаласында орналасқан «Hilfswerk International» компаниясының басшысы Стефан Фритз және аталмыш компанияның қаржы директоры Бернард Степанек, болгариялық Стоянка Монолчева бар делегацияны «Hilfswerk International» компаниясының Орталық Азиядағы өкілдері тәжікістандық Умет Асланов бастап алып келді.
Аудан әкімімен қатар аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Толыбаев пен Жетісай ауданы бойынша Ұлттық кәсіпкерлік палатасының директоры Талғат Бапаев қатысқан кездесу барысында Австрия инвесторлары аудандағы шаруа қожалықтарының өндірген жеміс-жидек, бақша өнімдерінің экспортқа шығырылмайтын бөліктерін жергілікті жерде қайта өңдеу, яғни, суглимация жасау арқылы дайын өнімдер шығаруды жоспарлап отырғандықтарын, осы орайда, компания қазіргі таңда Ынтымақ ауыл округі, Әден ата ауылында арнайы өндіріс орнын ашу үшін жер қарастырып, құжаттандыру жұмыстарының жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен бірге, жергілікті дихандардың өсірген ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау, сақтау және сату барысында туындайтын мәселелерді шешуге, көмектесуге атсалысатындарын жеткізді.
Өз кезегінде аудан әкімі Серік Үсенұлы аудан аумағында өндірілетін дақылдардың басым бөлігін мақта шикізаты құрайтынын, бақша мен көкөністің де жеткілікті мөлшерде егілетінін және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға ниетті кез-келген шетелдік инвесторға аудан әкімдігі тарапынан заң аясында қолдау мен көмек көрсетілетінін айтты.
«Бүгінде ауданға келген инвесторлардың бәрі бірдей кәсіпорын немесе зауыт-фабрикалар салады деген сөз емес.
Біз қазір әртүрлі салаларда халықаралық деңгейде жұмыс істеп жүрген шет елдік компанияларды ауданға шақырып, аудандағы шикізат түрлерімен таныстырып жатырмыз. Ауыл шаруашылығы саласында өндірілетін шикізаттарды терең өңдейтін кәсіпорындар салу жайлы ұсыныстарымызды жасап жатырмыз. Біздің оларға, олардың бізге жасаған ұсыныстары терең зерделеніп, зерттеліп, тиімділігі мен пайдасына толық көз жеткізген жағдайда ғана екіжақты келісім-шарт жасайтын боламыз» дейді аудан әкімі.
Шет елдік инвесторлар аудан әкімінің қабылдауынан соң аудандық «Кәсіпкерлік орталығында» ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесіп пікір алмасты. Сұрақтарына жауап берді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Ж.ЕРАЛИЕВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ 51 ЖОБА МАҚҰЛДАНҒАН

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП ӨКІЛДЕРІ БӘЙДІБЕК ЖӘНЕ СОЗАҚ АУДАНДАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14.06.2025
3
ТҮРКІСТАН:  ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

14.06.2025
3
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

14.06.2025
3
Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары
Жаңалықтар

Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары

14.06.2025
3
ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН

14.06.2025
3
МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.