СОЗАҚТА ҚАРТТАР МЕН АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

СОЗАҚТА ҚАРТТАР МЕН АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

30.09.2023
Жаңалықтар
0
СОЗАҚТА ҚАРТТАР МЕН АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Бүгін Созақ аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне арналған «Ата қайратты болса-бала ғибратты болады» атты мерекелік іс-шара өтті.
Салтанатты жиынға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков қатысып, ақсақалдар мен әжелерді құттықтады.
– Халқымызда «Қариясы бар ел – қазыналы ел» деген тағылымды сөз бар. Біз әрқашан қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз. Әркез алдыңғы буын аға-апаларымыздың ел дамуы жолындағы ерен ерлігі мен қажырлы еңбегін үлгі тұтамыз. Өйткені, ғұмыры ғибратқа толы ардақты ардагерлердің жүріп өткен жолы – өнеге мен тағылым мектебі,-деген аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы еңбек жолымен үлгі болып жүрген аға буын өкілдеріне алғыс хат табыс етіп, құрмет көрсетті.
Сонымен қатар, қарттарға деген ізгі тілегін арнаған аудандық мәслихаттың төрағасы Ордабек Жәмиев, «Аманат» партиясының Созақ аудандық филиалының төрағасы Ернар Сағындықов қазыналы қарияларды аудандық мәслихат аппараты және «Аманат» партиясының алғыс хаттары мен марапаттады.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов бильярдтан аудан ардагерлері арасында өткізілген жарыста орын алған ардагерлерге арнайы диплом мен сый-сияпат табыс етіп, құттықтауын жеткізді.
«Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік орталығында өткен спорттық сайысқа 70 жасқа дейінгі және 70 жастан асқан қариялар екі топқа бөлініп өзара бақ сынасқан болатын.
Дәлдік пен ептіліктерін, жақсы ойын өрнегін көрсеткен 70 жастан асқан ардагерлер арасында I орын Беков Құлахмет, II орын Сәрсен Кеңес, III орынды Нажимов Шубай иеленіп, 70 жасқа дейінгі ардагерлер арасында І орын Маханов Ерғали, II орынды Жасұланов Ержан, III орынмен Аханов Қондыбай марапатталды.
«Сырлы Созақ» ардагерлер хор ұжымы мен өнерпаз ардагерлер және “Мыңжылқы” мәдениет үйінің әншілері халық әндерін орындалып, меркелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ORDABASY: АУДАН ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРДІ АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.