«АУЫЛ АМАНАТЫ» — АУЫЛ ХАЛҚЫНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБА — Төрттаған
Понедельник, 16 февраля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«АУЫЛ АМАНАТЫ» — АУЫЛ ХАЛҚЫНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБА

22.04.2023
Жаңалықтар
0
«АУЫЛ АМАНАТЫ» — АУЫЛ ХАЛҚЫНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБА

READ ALSO

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы ел экономикасының жаңа қозғаушы күші екенін айтып, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдаудың маңыздылығын атап өткен болатын. Осы мақсатта елімізде «Ауыл аманаты» жобасы қолға алынып, өңірлерде пилоттық жоба ретінде жүзеге асып келеді. Биыл аталған жоба Түркістан облысында жүзеге асады деп күтілуде. Оған республикалық бюджеттен 11 млрд. теңге бөлінбек. Бұл жобаға өңірдегі 16 ауданның 32 ауылдық округіндегі жергілікті тұрғындар қатысады.
Түркістан облысы кәсіпкерлерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қаржылай қолдау бағдарламаларына баулу және сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуге аудан және қалаларда түсіндіру үшін арнайы жұмысшы топ құрылған. Бүгін аталған жұмысшы топ Отырар ауданына арнайы жұмыс сапарымен келіп, микроқаржы ұйым жетекшілері және ауыл шаруашылығы кооперативтері өкілдерінің және ауыл тұрғындарының қатысуымен жиын өткізді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Ержан Оралбай ашып, жұмысшы топпен таныстырды.
Мұнан соң Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Қанат Сыдықов, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Таңатар Жақыпбаев және микроқаржы ұйым жетекшілері жобаның мақсаты мен тиімді жақтарын айтып, өз кәсіпкерлігін ашамын, дамытамын деген шаруаларға арналған қолдаулар мен жеңілдіктер жайында түсінік беріп өтті.
— «Ауыл аманаты» жобасының мақсаты — ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, аграрлық бизнесті ілгерілету мәселелерін шешуге бағытталған. Ең бастысы, кез-келген ауыл тұрғынына қолжетімді етіп, жобаларды шағын инвестициялармен жүзеге асыруға мүмкіндік беруге қол жеткіземіз. Осындай жобалар арқылы біз ауыл халқының табысын арттырамыз» — дейді жұмысшы топтың өкілі, Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Қанат Сыдықов.
Кездесуде тұрғындар жеңілдетілген несие алу, субсидияға қол жеткізу, сауатты бизнес-жоспар құру тағы да басқа ауыл мәселелері бойынша сұрақтар қойып, тұщымды жауап алды.
Айта кету керек, жобаға қатысуға кез-келген адам өтініш бере алады. Ұсынылған бизнес жоспардың қажеттілігі, тиімділігі ескеріле отырып, шешім қабылданады. Мамандардың айтуынша жобаға қатысуға биылғы жылы Отырар ауданы бойынша Балтакөл және Қарғалы ауыл округтері кіріп отыр. Мемлекеттік қолдау нәтижесінде бұл жоба қатысушыларына 2,5 пайызбен несие беру көзделуде. Егер мал шаруашылығын қолға алғыңыз келсе – 7 жылға, ал басқа кәсіпті нәсібіңізге айналдырар болсаңыз – 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Тек бір шарты бар. Үйіңізді кепілге қоясыз.
Сонымен қатар кәсібін кеңейтуге ниетті жастарға 2,5 пайызбен несие беру де басталмақ. Оған 21-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Олар шағын несие алу үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелген және кәсіпкерлікпен айналысқанына 5 жыл болуы тиіс.
Кездесуден соң мамандар тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, қаржылық ұйым өкілдері кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті жастарға несие алу жайында кеңестерін берді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: «ҚОНЫС АУДАРУ» ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ 3900-ДЕН АСА БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН «МЕН КӘСІПКЕР» ЖОБАСЫ БАСТАЛАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Әлемде

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

21.01.2026
6
Әлемде

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

21.01.2026
10
Әлемде

2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге шолу

21.01.2026
7
Әлемде

«БЖЗҚ» АҚ 2025 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелерін ұсынды

21.01.2026
6
Әлемде

Жыл басынан бері «БЖЗҚ» АҚ 40 млн-ға жуық қызмет көрсетті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшыларға зейнетақы капиталын қалыптастыру қызметтерінің кең спектрін ұсына отырып, олардың тізбесін үнемі жаңартып, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында белсене жұмыс істеуде. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.

21.01.2026
6
Әлемде

Отандастарымыздың жинақталған таза инвестициялық кірісі 13,43 трлн теңгеден асты

21.01.2026
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
446

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
390
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
293
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
234
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
200

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.