ТҮРКІСТАН: «ҚОНЫС АУДАРУ» ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ 3900-ДЕН АСА БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ — Төрттаған
Среда, 25 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «ҚОНЫС АУДАРУ» ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ 3900-ДЕН АСА БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

22.04.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: «ҚОНЫС АУДАРУ» ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ 3900-ДЕН АСА БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Сәуір айының 19-21 күндері Түркістан облысында «Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Солтүстік өңірлерге «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.
19 сәуір күні Мақтаарал ауданында басталған жәрмеңке 20 сәуірде Сайрам ауданында жалғасып, бүгін Түркістан қаласында қорытындыланды.
Жәрмеңке барысында Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстарынан келген 76 маман оңтүстік өңіріне қарасты Сарыағаш, Келес, Сайрам, Ордабасы аудандарын аралады. Аталған жәрмеңкеде 4 өңір бойынша барлығы 3934 бос орын ұсынылды.
Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашов мәлімдеді.
Спикердің сөзінше, 3 күннің ішінде 500 отбасы, мүшелерін қоса есептегенде 2000-ға жуық түркістандық теріскейге көшуге ниет білдіріп отыр. Жалпы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы аясында 2015 жылдан бері Түркістан облысынан еліміздің жұмыс күші жетіспейтін Солтүстік өңірлерге халықты қоныстандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, облыстан 2015-2022 жылдар аралығында 11 892 адам қоныс аударған. 2022 жылдың қорытындысымен республика бойынша 6 587 квота белгіленсе, оның 32,3%-на Түркістан облысынан қоныс аударды. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдармен салыстырғанда 3 есеге дейін ұлғайған.
Сондай-ақ, биыл республика бойынша 6727 квота бөлініп отыр. Қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау көрсететін Абай, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстары болып белгіленді. Бөлінген квота негізінде, биыл жыл басынан бері Түркістан облысынан 34 отбасы, 79 адам қоныс аударды.
Брифингте сөз алған Павлодар қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Меруерт Есембаева аймаққа аса қажет мамандықтарға тоқталды.
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы аясында 2015 жылдан бері Түркістан облысынан еліміздің жұмыс күші жетіспейтін Солтүстік өңірлерге халықты қоныстандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал Павлодар облысы оңтүстіктен солтүстікке көшу бағдарламасына 2017 жылдан бері қатысып келеді. Соның нәтижесінде осы уақытқа дейін Павлодар облысына 15 мыңнан аса адам көшіп келіп, жұмыс күші артуда. Былтыр 2500-ден аса адам қоныс аударса, биыл 2800 адам көшіп келеді деп жоспарланып отыр. Павлодар облысы жалпы 1750 бірлік бос жұмыс ұсынатын болады. Оның ішінде медицина, көлік, өнеркәсіп, құрылыс, ауылшаруашылығы сынды мамандықтар қарастырылған. Жыл басынан бастап, Павлодар өңіріне 600-ден астам адам көшіп келіп үлгерді», — деді ол.
Сонымен қатар, солтүстік өңірлеріне қоныс аударғандардың жұмысқа қабілеттілер қатарынан өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуымен қатар, ауыл шаруашылығы саласында мал, егін шаруашылығымен айналысуға арнайы жер алып, өз істерін ашуға қолдау көрсетілген.
«Жалпы өңіраралық қоныс бағдарламасы шеңберінде Шығыс Қазақстан облысына 4000-ға жуық азамат қоныс аударды. Оның ішінде Түркістан облысынан 223 адам қоныс аударған. Олардың әлеуметтік тұрмыс жағдайы біздің тараптан барынша қолдау жасалады. Мәселен тұрғын үймен, жер мәселесі, балабақша, мектеп, мемлекет тарапынан берілетін қаржымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, біз биыл бірінші рет Түркістан облысына келіп, үлкен жәрмеңкеге қатысып отырмыз. «Қоныс аудару» жәрмеңкесі аясында біздің өңірімізге көшіп келуге қызығушылық танытқандардың қатары едәуір өсті. Келем деушілерге біз қолдау көрсетуге дайынбыз», — деді ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының өкілі Альбина Уақбаева.
Еске сала кетсек, Ұлттық жоба аясында Солтүстік өңірлерге қоныс аударушыларды ынталандыру мақсатында әлеуметтік қолдаулар қарастырылған. Мәселен, қоныс аудару барысында отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК яғни, 241 500 теңге мөлшерінде материалдық көмек беріледі. Тұрғын үйді жалға алу мен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөнінен шығыстарды өтеу бойынша ауылдық және қалалық жерлерге қоныстануына қарай көмек көрсетіледі.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА «КҮМІС ЖАС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 178 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«АУЫЛ АМАНАТЫ» — АУЫЛ ХАЛҚЫНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБА

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14.06.2025
8
ТҮРКІСТАН:  ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

14.06.2025
9
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

14.06.2025
8
Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары
Жаңалықтар

Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары

14.06.2025
6
ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН

14.06.2025
8
МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13.06.2025
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
160

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.