ТҮРКІСТАНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН «МЕН КӘСІПКЕР» ЖОБАСЫ БАСТАЛАДЫ — Төрттаған
Вторник, 1 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН «МЕН КӘСІПКЕР» ЖОБАСЫ БАСТАЛАДЫ

23.04.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН «МЕН КӘСІПКЕР» ЖОБАСЫ БАСТАЛАДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында – келер жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыру. Қазіргі жұмыссыз жүрген жастарды кәсіппен баулып, жұмыспен қамту – ұлттың болашағына жасалып жатқан үлкен қадам, деп айтып өткен болатын.
Бұл орайда, биыл елімізде халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында биылдан бастап республика көлемінде жаңадан жобалар қолданысқа енгізілмек. Ол — тек қалада ғана емес ауылдық жердегі елді мекендерде де кәсіпкерлік бастамасы бар кәсіп ашуға ниетті адамдарды қолдауға арналған «Мен кәсіпкер» ауқымды жобасы.
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Әзірет Ыдырыстың айтуынша, «Мен Кәсіпкер» жобасы жалпы үш бағыт бойынша жұмыс істейтін болады. Алғашқысы – Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы болса, екінші бағыты – «Кәсіпке бағыт» жобасы. Үшінші бағыты – «Бір ауыл – бір өнім» жобасы.
«Мен Кәсіпкер» жобасына тек қыз-келіншектер ғана қатыса алады. Ал «Кәсіпке бағытқа» ер азаматтар мен әйел азаматшалар да қатыса алады. Мақсаты – ауылдық жердегі елді мекендерде орналасқан белгілі бір өнім шығарушы кәсіпкерлерге республика деңгейінде қолдау көрсету, кәсіпке баулу, оқытып біліктілігін арттырып, бизнес ашуды үйрету, — дейді Ә. Ыдырыс.
Айтып өткеніміздей, жобадағы бірінші бағыт Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы кәсіпкер әйелдер мен кәсіпкерлік бастамасы бар қыз-келіншектерге кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер береді, өтінімдер бойынша сұранысқа ие кәсіби оқытуларды ұйымдастырады. Сондай-ақ, кәсіп иелерінің ісін дамыту бойынша менторлық сүйемелдеу жұмыстары жасалады, кәсіпорындардың даму әлеуетін анықтау үшін ағымдағы бизнес жағдайына сыртқы бағалауды ұйымдастырып береді.
Бұдан бөлек, Әзірет Талғатұлы «Кәсіпке бағыт» жобасын да түсіндіріп өтті. Оның сөзінше, бұл бағытта әр өңірдің бейімделген кәсіп түрлеріне арналған кәсіби оқытулар жатады.
— Кәсіби оқуға тек қана сол сала бойынша айнылысатын кәсіпкерлер қатыса алады. Оқытушы эксперт те сол саланың маманы болады, эксперт тек оқытып қана қоймай, оқу аяқталғаннан кейін де онлайн түрде сүйемелдеу жұмыстарын жүргізіп отырады. Оқудың бұл түріне ер кәсіпкерлер де, әйел кәсіпкерлер де қатыса алады. Алдағы уақытта әр өңірдің бейімделген кәсіп түрлері айқындалып, оқуға өтінімдерді қабылдау басталады, — деді ол.
Ал үшінші бағыт «Бір ауыл – бір өнім» жобасының негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі белгілі бір өнім шығарушы кәсіпкерлерге республика деңгейінде қолдау көрсету. Өнімге деген негізгі талап, өнімді өндіруге кететін шикізаттар сол өңірден болуы тиіс дейді палата өкілі.
Бұл жоба бойынша өндірілетін өнімнің көлемі маңызды емес, яғни «айына мың шақты өнім өндіру керек» деген секілді талаптары жоқ. Жылына жүз ғана өнім өндіретін болса да осы жобаға қатыса алады. Шағын бір елді мекеннің кәсіпкері өндіретін өнімге кететін шикізаттардың басым көпшілігі сол елді мекеннен немесе көршілес елді мекендерден болуы керек. Бұл жоба бойынша өтінімдер қабылдау жақын уақытта басталады. Өтінімдер жиналып болған соң, республикалық деңгейдегі маркетологтардың қатысуымен облыс көлемінде барлық өнімдердің жинақталған көрмесін өткізу жоспарланып отыр.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

«АУЫЛ АМАНАТЫ» — АУЫЛ ХАЛҚЫНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБА

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.