ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

04.05.2023
Жаңалықтар
0
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысында Екінші дүниежүзілік соғысындағы Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған іс-шаралар басталып кетті. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды 96 жастағы түркістандық ардагер Әбжаппар Дайрабайұлының үйіне арнайы барып, сый-құрмет көрсетті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.
– Қазақ халқы – қазыналы қарияларын сыйлаған ел. Мен үшін ардагерлеріміздің айтқан кеңестері, ақ баталары бәрінен маңызды. Мереке қарсаңында өзіңізбен амандасып, тілдесуді жөн көрдім. Түрлі қиындықтарды жеңіп, мемлекет үшін тер төктіңіздер. Біз батыр тұлғаларымызды бағалап, ұрпаққа үлгі-насихат ретінде көрсетіп отыруымыз керек. Ардагерлердің хал-жағдайы әрдайым назарымызда. Тек мереке кезінде емес, барлық уақытта қолдау көрсетеміз. Амандығыңызды тілейміз, – Дархан Амангелдіұлы.
Әбжаппар Дайрабайұлы 1927 жылы Түркістан ауданы, Тартоғайда шаруаның отбасында дүниеге келген. Ашаршылық жылдары 5 жастағы Әбжаппар денсаулығына байланысты жүруге жарамай қалады. Қиындықпен өседі.
1943 жылы 16 жасында майданға аттанып, Беларусь, Украина майдандарында соғысқан, Польшаны азат етуге қатысқан. «Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» және тағы да басқа медальдармен марапатталған.
Елге оралған соң ұстаздық жолда еңбек еткен. Қалалық Ұлы Отан соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы болды. Ардагер 3 қыз бен 2 ұлдан немере тәрбиелеп отыр. Қазіргі таңда ұлы Рүстембек Дайрабаевтың шаңырағында тұрады.
Айта кетейік, Түркістан облысынан Ұлы Отан соғысына 140 мыңнан астам азамат аттанып, оның 70 мыңы елге оралған. Олардың арасынан Кеңес Одағының батырлары, Халық қаһарманы және III дәрежелі «Даңқ» орденінің кавалерлері шыққан.
2023 жылдың 25 сәуірдегі жағдайымен 4438 адам ҰОС ардагерлері және оған теңестірілгендер есебінде. Оның ішінде Ұлы Отан соғысы ардагерінің саны – 14. Өңірде 4423 ардагер жағдайлары бойынша ішінара санаттарға бөлінеді.
Жалпы, 4438 ардагерге Ұлы Жеңіс мерекесінің құрметіне бір реттік материалдық көмек төлеу үшін аудандық, қалалық бюджет есебінен 175,5 млн. теңге қаржы бөлінді. ҰОС ардагерлеріне 1,5 млн. теңгеден үлестірілсе, 4400-ден астам тыл еңбеккерлері мен қаза болған жауынгердің жесірлеріне және басқа да санаттардағы ардагерлерге қаржылай көмек қарастырылды.
Отансүйгіштікті дәріптеу мақсатында алдағы уақытта жастардың қатысуымен іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ЕҢБЕК АДАМЫ: ТӘРБИЕШІ МАЙРА ӨТЕГЕНҚЫЗЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.