ЕҢБЕК АДАМЫ: ТӘРБИЕШІ МАЙРА ӨТЕГЕНҚЫЗЫ — Төрттаған
Вторник, 1 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЕҢБЕК АДАМЫ: ТӘРБИЕШІ МАЙРА ӨТЕГЕНҚЫЗЫ

04.05.2023
Жаңалықтар
0
ЕҢБЕК АДАМЫ: ТӘРБИЕШІ МАЙРА ӨТЕГЕНҚЫЗЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Шәкірттердің ой — өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына тәрбиешілердің сіңірер еңбегі зор. Атақты ұлы педагог Шалва Амонашвили «Тәрбиеші бұл — өзге адамның дамып жетілуін өз жауапкершілігіне алатын кәсіби адам» — деп атап өткен болатын. Иә, бұл кез-келген тәрбиешінің қолынан келе бермейтін қасиет. Бұл тек қажырлы да, өз жұмысын жақсы көретін, өз шәкірттерін биік шыңға жетелегісі келетін ұстаздың қолынан келеді. Бүгінгі Еңбек адамы айдарындағы кезекті мақаламыз жұмысы күрделі де, жауапты мамандықтардың бірі тәрбиешілікті кәсібіне айналдырған кейіпкеріміз Ахмет Майра Өтегенқызы жайлы болмақ.
Бүгінде Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Келешек» санаториялық бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік мекемесінің тәрбиешісі қызметін жоғары деңгейде атқарып келе жатқан Майра Өтегенқызы, бала жанының жүрегіне жол тауып, олардың өсіп, танымының кеңеюіне, жан — жағын танып білуіне, өмір жолына бағыт бағдар берудегі өзінің ізденімпаздық қабілетілігімен танылған білікті мамандардың бірі. Білімі жоғары. Өз ісін жетік меңгерген, үнемі ізденіс үстіндегі жаңашыл, білікті маман.
Сонымен қатар, «Келешек» санаториялық бөбекжайында 2015 жылдан бері бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы ретінде кәсіподақ қозғалысын дамытуға сүбелі үлес қосып келеді. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, ұжымдағы қызметкерлердің әлеуметтік жағдайларын арттыру, денсаулықтарын нығайту, еңбек жағдайларын жақсарту, қауіпсіз еңбек ортасын құру және тағы да сол сияқты қоғамда жүрген өзекті мәселелерді оңтайлы шешіп, жұмыскерлердің мүддесін қорғау бағытында көптеген жұмыстар атқаруда.
Еңбек жолында бүлдіршіндерді тәрбиелеуде, осындай қым — қуат тіршіліктен шаршамай, талмай еңбек етуінің нәтижесінде тәжірибелі ұстаздық еңбегі үшін 2017 жылы «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен, ал 2020 жылы «Түркістан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының» Түркістан облыстық ұйымы кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау және білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін салалық кәсіподақтың «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен марапатталған.
Сондай-ақ, қажырлы еңбегінің арқасында Майра Өтегенқызы әр жылы қала, облыс әкімдігі мен салалық кәсіподақтың, білім басқармасының түрлі деңгейдегі Диплом, Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен марапатталған.
Ұжым арасында сыйлы, қызметкерлердің құрметіне бөленген жан. Қорыта келе кейіпкерімізге жас жеткіншектердің тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп, сапалы білім, саналы тәрбие берудегі жұмыстарына сәттілік тілей отырып, алдағы уақытта алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңіз көп болсын тілейміз!
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Сексен төрттегі қарттың сабағы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.