ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ — Төрттаған
Четверг, 13 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

04.05.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

READ ALSO

КАЗАХСТАН И РОССИЯ: СТРАТЕГИЧЕСКОЕ ПАРТНЁРСТВО, ПРОВЕРЕННОЕ ВРЕМЕНЕМ

ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөніндегі нақты тапсырмасына орай биыл елімізде халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастады.
Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірде «Ауыл аманаты» жобасы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп, орындалу барысы жіті бақылауға алынған. Осы орайда, өңірде «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру барысы туралы жиын өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжаханұлы, ауыл шарушалығы басқармасының басшысы, «Түркістан ӘКК» АҚ, «Ырыс» МҚҰ, «Оңтүстік» АИО, Облыстық кәсіпкерлер палатасы, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы басшылары және онлайн байланыс арқылы аудан, қала әкімдері қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.
Жобаны іске асыруда өңірде жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдылық беріледі. Пилоттық жобаны жүзеге асыруға барлық ауылдық округтерде скрининг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, бірінші кезекте биылғы жылы жобаға қатысатын 16 ауданнан 64 ауылдық округі бекітілді. Ауылдық округтерде жобаға қатысатын 72 кооператив анықталып, әлеуетті несие алушылардың тізімі жасақталды. Қазіргі таңда несие қаржысын таратушы ретінде сенім білдірген өкіл ретінде «Түркістан ӘКК» АҚ танылды. Сәуір айының 18-нен бастап несие қаражатын беруге құжаттар қабылдау басталды. Бүгінгі күнге 7,3 млрд. теңге болатын 847 өтінім қабылданып, оның ішінде 312 өтінімінің, яғни, 2,6 млрд. теңгесінің құжаттары мақұлдау сатысында.
Облыс басшысының орынбасары кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының басшыларына құжаттандыру жұмыстарын жүйелеуді тапсырды.
– Шаруаларға құжаттарды тапсыруға көмек көрсету керек. Сіздердің міндеттеріңіз – шаруаларға портал арқылы құжат тапсыру жөнінде бағыт-бағдар беру. Қиындықтар кездескен жағдайда көмек көрсету. Аудан, қала әкімдері, өздеріңіз осыны бақылауға алып, жұмысты ұйымдастыруды қолға алыңыздар, – деді Ермек Кенжеханұлы.
Жалпы жоба аясында 4 000 (орта несие қаражаты көлемі 5,0 млн. тг) бірлікке жуық микрокредит беріледі. Нәтижесінде, жоба аясында 5 200 жаңа жұмыс орындары құрылып, өңірдегі 8451 бірлік АӘК алушы отбасы санын 30%-ға төмендету жоспарлануда.
Айта кетейік, 2023 жылға «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруға облысқа 19,8 млрд. теңге несие қаражаты бөлініп, несиелендірудің 6 бағыты таңдалды. Атап айтқанда: өсімдік шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығын дамыту, құс шаруашылығын дамыту, балық шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы кооперативтерді жабдықтау, тұрғындардың өз кәсібін ашу.
Бұдан бөлек, жиын барысында минералды тыңайтқыш бағасының тұрақсыздығы талқыланды. Қазіргі таңда Мақтаарал және Жетісай аудандарында оның құнының өсуі анықталып отыр. Делдалдар бағаны көтеріп жіберген. Бағаны тұрақтандыру бойынша әр ауданнан мамандар бекітіліп, тікелей Сарыағаш ауданынан тасымалданатын минералды тыңайтқыштың бағасын бақылауда ұстау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Жиын барысында облыс басшысының орынбасары бірқатар жауапты басшылардың жұмыстарына сын айтып, ауыл тұрғындарына қажетті деңгейде түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Әлеует көтерілсе әлеумет мықты

Оқи отырыңызМақалалар

ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»
Әлемде

КАЗАХСТАН И РОССИЯ: СТРАТЕГИЧЕСКОЕ ПАРТНЁРСТВО, ПРОВЕРЕННОЕ ВРЕМЕНЕМ

11.11.2025
6
ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»
Әлемде

ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»

11.11.2025
5
Жаңалықтар

Кемер ауылының шаруалары көтерген мәселе назарда

29.10.2025
5
Жаңалықтар

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

21.10.2025
29
Жаңалықтар

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

21.10.2025
10
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылға арналған жылдық актуарлық есебін жариялады

21.10.2025
8

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
439

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
369
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
225
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
179
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
168

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.