Сексен төрттегі қарттың сабағы — Төрттаған
Понедельник, 16 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сексен төрттегі қарттың сабағы

04.05.2023
Жаңалықтар
0
Сексен төрттегі қарттың сабағы

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Өткен ғасырдың 1985-1993 жылдары оның есімі Одақ көлемінде құрметпен аталды. Ол Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі еді. Бүкілодақтық Халық  Шаруашылығы Көрмесінің қола, күміс, алтын медальдарының иегері атанды. 1990 жылы 15 қыркүйекте Қазақ КСР Агроөнеркәсіптік кешені республикалық кеңесінің мүшесі болып сайланды. Бұдан тыс Қазақстан Компартиясы Шымкент облыстық комитетінің, Созақ аудандық партия  комитетінің мүшесі болды. Кеудесінде Еңбек Қызыл Ту ордені мен «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі жарқырайтын. Сонымен қатар салтанатты жиындарда  КСРО Қарулы Күштерінің мерейтойлары мен Ұлы Жеңіс күндеріне орай оның төсіне тағы да медальдар тағылып жатты.
Бұл қарапайым еңбек адамына көрсетілген үлкен құрмет еді. Асаубай Бәкіров 1985 жылдан бастап жүгері өсірушілер звеносының жетекшісі болып еңбек етті. Міне, осы жылдан бастап оның аты дүркіреп шыға бастады. Алғашқы жылдары жүгерінің әр гектарынан 75 центнерден өнім жинаған Асаубай аға келе-келе жүгерінің әр гектарынан 100-129 центнерге дейін өнім алуға қол жеткізді. Осындай рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізгендіктен оған сыйлыққа сол кездегі айтулы «темір тұлпарлардың» бірі «Москвич» автокөлігі берілді. Бұл енді алақандай ауыл үшін аспандағы айға қол жеткізгендей қуаныш еді. Бірақ, Асаубай аға тоқмейілсіген жоқ. Біртоға қалпынан айнымады. Қашан көрсең де күміс кетпенін арқалап, жүйек жағалап жүретін.  Ол кезде жүгеріні түнделетіп суару деген болушы еді. Қолына фонарь ұстаған звено жетекшісін іздегендер оны жүгері арасынан табатын.
Созақ ауданындағы «Құмкент» кеңшарының өзінде екі-үш жүгері өсірушілер звеносы болатын. Ерте көктемнен қара күзге дейін тыным таппайтын диқандар өнім жиналып біткен соң да қарап жата алмайды. Қырманға тау-тау болып үйілген сары собық күн көзімен жарқырап  созылып жататын. Мектеп оқушыларына «собық аршу» деген қосымша еңбек сабағы болады. Жоғары сынып оқушылары қырманға әндетіп келіп, бір уақыт собық аршиды. Қырман басы араның ұясындай гуілдеп жатады. Сүрлем бастыратын орында да қызу еңбек көрігі қайнап жатушы еді. Кеңшар басшылары осы қызу науқанның бел ортасында жүреді. Арасынан Асаубай ағаны көріп қаламыз.
1938 жылы өмірге келген Асаубай ағада балалық шақ болған жоқ. Ол әке-шешесіне еркелеп, шолжаңдай алмады. Белі қатаймай жатып еңбекке жегілген ол ширығып өсті. Соғыстың салдарынан мектеп қабырғасын да кеш аттады. Мектеп бітірген соң әскерге алып кетті. Азаматтық борышын өтеп келген соң шопан таяғын ұстады. Шопандықтың қыры мен сырын үйрене жүріп, отарын қыстан  күйлі шығармаған кезі жоқ. Көктемде әр жүз саулықтан 130-140-тан төл өргізетін. Сондықтан да ол 1964 жылы  аудандық малшылар слетіне делегат болып қатысып, іс-тәжірибесін ортаға салды. Сол жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасына ие болды. Кешегі күннің биігінен қарасақ, мұндай марапат кез келгеннің уысына түсе бермейтін.
Асаубай Бәкіровтің бұдан кейінгі еңбек жолы автомобиль жүргізшісі ретінде жалғасты. Шофер жігіт даланың домбыраның қос ішегіндей созылған жолымен қыстауларға шөп тасыды, кеңшардың басқа да шаруаларына қолғабыс етті. Оның тындырымды тірліктерінің куәсіндей сол жылдары алған марапаттары әлі де үйінің төрінде тұр.
Асаубай аға 1993 жылы зейнеткерлікке шықты. Созақ ауданының құрметті азаматы атанды.
– Інім, құрметті азамат деген қашан да құрметті болуы керек. Оның ең бірінші міндеті мен борышы – ауыл ақсақалы деген атқа лайық болу. Бұл үшін кейінгі толқын жастарды еңбек етуге баулуымыз қажет. Өйткені, бүгінгі тіршіліктің мәні – еңбекте. Тырбанған адамға қара жер де «жібиді». Сосынғы басты міндет – өскелең ұрпақты адалдыққа, имандылыққа, отансүйгіштікке баулу. Қартайдым деп қарап отырмай, жан-жағыңа білген ақылыңды айтып, жүріп-тұра алсаң қимылдап бағу керек. Еңбек – ер атандырады, құрметке бөлейді. Жаңа Қазақстан құрып жатырмыз. Еңбек адамдарының, ерінбей жұмыс істейтіндердің күні туып келеді. Сондықтан мен балаларымды, немерелерімді еңбекке баулимын, – деді Асаубай аға бір жолыққанымда.
Таяуда ауылға тағы бардым. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Есен Досболов «ағаға сәлем бере шығайық» деген соң бұрылсақ, көкеміз 20 сотық жерге жүгері егіп, соның күтім-бабымен жүр екен. Бұл оның байырғы жұмысына деген сағынышы ғана емес, ұрпағын еңбекке баулу жолындағы көрсеткен сабағы деп түсіндік.  Бұдан тыс үйіргелік жеріне көкөністің неше түрін жайқалта егіп тастапты. Сексеннің төртіне келсе де еңбекке деген құлшынысынан танбаған оның ширақ қимылына разы болдық.
С.Олжабай,  Созақ ауданы.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

КӘСІПОДАҚ ТӨРАҒАСЫ БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ЕҢБЕК АДАМЫ: ТӘРБИЕШІ МАЙРА ӨТЕГЕНҚЫЗЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14.06.2025
3
ТҮРКІСТАН:  ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

14.06.2025
3
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

14.06.2025
3
Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары
Жаңалықтар

Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары

14.06.2025
3
ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН

14.06.2025
3
МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.