Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Ордабасы ауданы әкімі аппараты тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру аясында Ордабасы ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.
Қоғамдық бақылау барысында мемлекеттік қызметтер көрсетудің қолайлығы мен мүмкіншіліктеріне бақылау жасалды. Бақылау нәтижесінде қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мәселелер талқыланып, тиісті ұсыныстар берілді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі