Шаһар тіршілігін қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация, су, жылу жүйелеріндегі авариялар техногенді сипаттағы төтенше жағдай ретінде сипатталады. Оны алдын алу үшін жергілікті билік инженерлік инфрақұрылым жұмыстарына әрдайым екпін түсіреді. Осы бағытта Түркістан қаласында төмендегідей жұмыстар атқарылды.
Былтыр Түркістан қаласында жылу құбырларының тозу деңгейі 79 пайызды құраған. Ағымдағы жылы қала тұрғындарына сапалы жылу жеткізу үшін жылу беретін нысанда жүргізілген құрылыс және жөндеу жұмыстарының нәтижесінде көрсеткіш 30 пайызға дейін төмендеді,-деп хабарлайды 4tagan.kz ақпараттық агенттігі Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жылу құбырлары бойынша биыл 1 нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Құрылыс жүргізу жұмыстары 2023 жылға жоспарлануда. Нысан толық аяқталғанда қаладағы жылу құбырларының тозу деңгейі 30% дан 10% төмендейді. Қала аумағында 10 жылу қазандығы арқылы 6 516 абонент (көпқабатты үй -167, жеке және заңды тұлғалар-114,) жылумен қамтамасыз етіледі.
Ағымдағы жылдың 9 айындағы көрсеткіш бойынша Түркістан қаласындағы құрылыс қарқыны 2021 жылмен салыстырғанда 111,7 % артты. Осы жылдың қаңтар-тамыз аралығында 203,6 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Жыл қорытындысы бойынша жалпы 53 көп қабатты үй немесе 3392 пәтер (231,1 мың ш.м.) пайдалануға берілмек.
Ағымдағы жылдың 8 айында 31 үй немесе 1889 пәтер (121,3 мың ш.м) пайдалануға берілді.
Жыл соңына дейін 53 үй немесе 3 223 пәтер пайдалануға беріледі. Оның ішінде 31 үй (1 889 пәтер) қабылданған, қабылданатыны 22 үй (1 503 пәтер). Ипотекамен — 2 546 пәтер, көпбалалы отбасыға — 468 пәтер берілмек.
Бүгінде Түркістан қаласы бойынша тұрғын үй кезегіне 14 845 азамат тіркелген. Оның ішінде 192 адам жетім бала санатында болса, 2 апатты үй, 6 153 адам әлсіз топтағылар қатарында. Көпбалалы отбасы санатында – 3 783, бюджеттік мекеме қызметкерлері санатында – 4 709 адам тіркелген.
Қала бойынша 123 көпқабатты үй бар. Оның ішінде 46 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 54 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қалған 23 үй күрделі жөндеуді қажет етеді. Жоба құны – 302 млн тг. Бұл жөнінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігіне өтінім жолданған.
Түркістан қаласында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының қанағатты жағдайдағы үлесі 40 пайызды құрайды. Бүгінде бұл бағыттағы жоспарлы меже 53,6 пайызды құрайды. Қаланың тұрғын үй коммуналдық шаруашылық желілерін жөндеу бағытында 3 нысанды қабылдау жұмыстары жүруде.
Қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98,5 пайызды құрайды. Қаланың экологиялық жағдайын жақсарту бағытында «Жасыл белдеу» аумағын 70 гектарға жеткізу жоспарланған болса, бүгінде бұл көрсеткіш 97,9 гектарды құрап отыр.
Қалада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында 836 дана бейнебақылау камерасы орнатылды.
Халықты жұмыспен қаму, аз қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша жұмыстар жүйелі түрде атқарылуда. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жүйелі түрде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылуда. Барлығы 3 585 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетілді. Атап айтқанда, 263 адам протездік-ортопедиялық құралдармен, 270 адам сурдо-тифлотехникалық құралдармен, 245 адам қоларбамен, 401 адам жеке көмекшілер қызметімен, 311 адам шипажайға жолдамалармен, 1449 адам жеке гигиеналық құралдармен,151 адам инватакси қызметімен, 8 адам әлеуметтік такси қызметімен қамтылды
Жыл басынан бері аз қамтылған 3 248 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек алатын 4 696 балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары берілді.
Түркістан қаласындағы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін ұйымдар саны – 34 болса, жеке мектептер саны – 26-ны құрайды. Жалпы оқушы саны – 49 152. Екі ауысымда 30 мектеп болса, 4 мектеп (Қазыбек би №14 ЖОМ, Хамза №2 ЖОМ, Изатуллаев ЖОМ, №23 ЖОМ) үш ауысымда білім береді. Одан өзге үш мектеп (М.Жұмабаев атындағы №15, Ж. Жабаев атындағы №11, Н. Төреқұлов атындағы №8 мектеп) үш ауысымға өту қаупінде тұр.
Түркістан қаласында 108 балабақша бар. Олардың ішінде 21 балабақша мемлекеттік болса, 87 жекеменшік. Балабақшадағы балалар саны – 13 990. Қазіргі таңда қалада күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін 11 мектеп бар. Олар Абай атындағы №31жалпы орта мектеп, М.Әбенова атындағы жалпы орта мектеп, М.Маметова атындағы №6 жалпы орта мектеп, Қ.Сәтбаев атындағы №12 жалпы орта мектеп, Р.Исетов атындағы №20 жалпы орта мектеп, С.Ерубаев атындағы №7 мектеп-интернаты, М.Шоқай атындағы №24 мектебі, Әйтеке би атындағы №26 жалпы орта мектеп, Ж.Тәшенов атындағы №23 IT мектеп-лицейі, Б.Момышұлы атындағы №22 жалпы орта мектеп, Ж.Жабаев атындағы №11 жалпы орта мектеп.
Денсаулық саласы бойынша Түркістан қаласында 8 мемлекеттік және 8 жеке емхана бар. Емханалардың медициналық техникамен қамтамасыз етілуі 90,6%.
Қалада 32 діни бірлестік бар. Оның ішінде мешіт саны 30 болса, православ ғимараты — 1, протестанттық бірлестік – 1.
Діни экстремизмді алдын алу бағытында «Түркістан» газетінде 35 мақала жарық көріп, «Түркістан» телеарнасында әр жұма күні «Жомарт жұма» бағдарламасында қаламыздың имамдарының қатысуымен жан-жақты бағыттағы сұхбаттар, сюжеттер тұрақты жариялануда.
Қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшаларында (facebook, instagram) дін саласына қатысты діни экстремизм, терроризм, деструктивті діни ағымдардың алдын алу бойынша «Экстремизм және терроризм: ұғымы, мәні, көріністер формасы, діни экстремизмнің белгілері», «Деструктивті діни ағымдардың жастарға экономикалық ықпалы», «Діни білім беру жүйесінің – зайырлық сипаты», «Әлем бейбітшілікті қалайды» тақырыптарында 50 материалдар және 20 бейнероликтер жарық көрді.
Қала аумағында 40 579 абонент бар. Оның ішінде 38 648 абоненті газ пайдалануда. Қамту көрсеткіші 95,2%.
Қазіргі таңда жаңадан қоныстанған, жер телімдерін екіге бөлген және жер құжаттарын жаңадан заңдастырған тұрғындарға табиғи газ тарту мақсатында 380 тұрғын үйді газдандыру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін жеке тұрғын үйлерді газбен қамту нәтижесінде көрсеткішін 98%-ға жетеді (1229 абоненттің атқару техникалық құжаттары рәсімделуде). Қалған 2 пайыз қала аумағындағы бос жер телімдерінің есебінде.
Ағымдағы жылдың 9 айындағы көрсеткіш бойынша Түркістан қаласының аумағында 39937 электр абонентінің тек 33 937 абоненттері сапалы электр қуатымен қамтылған. Оның орташа сағат тұтыну мөлшері – 48,8 МВт/сағ.
Өткен жылы 3 нысанның құрылысы жүргізіліп 90% жұмысы орындалды және 3897 абонент сапалы электрге қол жеткізді. Пайдаланушылардың қамту көрсеткіші 84,9% дан 94,7% артты.
Сонымен қоса 3 нысан әуе электр желілерін кабельдік желіге ауыстыру құрылыстарын жүргізуге. Нәтижесінде қосымша 9669 астам абонент электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Құрылыс жұмыстарын 2022-2023 жылдары атқару жоспарлануда.
2022 жылдың соңына дейін 7 нысанды толық аяқтауға жақын. Қаржы қаралған жағдайда қала тұрғындарының – 13 803 абонентті сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі.
Қала көлемінде жалпы 1 415,304 шқ. электр желісі бар. Оның коммуналдық меншігінде 791,5 шқ. немесе 55%. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС теңгерімінде 443,9 шқ немесе 30%. Жеке және заңды тұлғалардың меншігінде 179,904 шқ. немесе 15%.
Қала көлемінде трансформатор саны – 1 286. Қазір коммуналдық меншікте 359 данасы бар – 28%. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС теңгерімінде 167 данасы – 13%. Жеке және заңды тұлғалардың меншігінде 760 данасы – 59%.
Түркістан қаласында 38 220 абоненттің 98,5 пайызы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Су алу көздері «Біресек» (1 590 м3/сағ) және «Мырғалымсай» (3 200 м3/сағ). Су жинау резервуарлары (Шобанақ, Әкімшілік – іскерлік орталығы) арқылы 56 000 м3 су жиналып, халыққа берілуде. Оның қамту көрсеткіші 82,5% болса, 2023 жылы 5 нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда. «Мақтазауыт», 1-2 ммөлтек ауданы, «Яссы» және «Шауғар», Төреқұлов, Орталық су қойма – 13 961 абонент қосылып көрсеткіш 98,5% жетеді. Ағымдағы жылы — жаңадан қоныстанған аумақтарды ауыз су жүйесімен қамту толық аяқталса, қамтылатын абонент саны- 2700. Қаланы ауыз сумен қамту толықтай 100% болады.
Орталықтандырылған кәріз жүйесімен 32,2%-ы немесе қаланың 12 297 абоненті қамтылған.
2021 жылы жоба бойынша қуаттылығы тәулігіне 20 мың м3 сарқынды су тазарту ғимараты іске қосылды. Қабылданып жатқан сарқынды су көлемі тәулігіне 4500 м3. Оның 72 шақырымы магистральды сарқынды су құбырлары қолданыста.
Биылғы жылы жалпы 15 жоба іске асырылуда. Қазіргі танда 3 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, 6 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар 4 нысан қаржыландыруға ұсынылып, 2 нысанның жобалық-сметалық құжаты әзірленуде.
Нәтижесінде 2022 жылы кәрізбен қамту көрсеткші – 48,9%, ал 2023 жылы ұсынылған жобалар қолдау тапса көрсеткіш –80% қамтитын болады.
Транспорт саласында 845 шақырым жол бар. 875 көше болса, 316,1 шақырым асфальт жол, 392,5 шақырым тас жол, 136,4 шақырым топырақ жол болып табылады. 2022 жыл қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 37,4% дан 40,3% артады. Атап айтқанда, асфальт жол 340,9 шқ (40,3%), тас жол 471,0 шқ (55,7%), топырақ жол 33,1шқ (4,0%).
Қалада көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында І.Қожабаев көшесін реконструкциялау жүргізілуде, нәтижесінде Кентау бағытын ӘІО (АДЦ) арқылы Шымкент бағытына қосатын болады. Ә.Жангелдин көшесін реконструкциялау жүруде, нәтижесінде Қызылорда-Балтакөл бағытындағы жолды байланыстырады. Қазыбек би – О.Жарылқапов аралығындағы жолдың құрылысы жүргізілуде, нәтижесінде «Яссы» мен «Сауран» тұрғын алабын «Отырар» тұрғын алабына байланыстырады.
Б.Қалаби көшесін реконструкциялау жүруде, нәтижесінде Балтакөл тас жолын Шәуілдір және Шымкент тас жолына тікелей қосады.
Жалпы ағымдағы жылы қала аумағындағы 46,4 шақырым құрайтын 40 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Оның, қазіргі таңда 7,7 шақырым құрайтын 9 көшесінде құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.
Түркістан қаласында жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында қала ішінде жалпы 21 бағытта 220 қоғамдық көлік қатынайды. Аталған көліктердің 78-і сыйымдылығы жоғары автобустар (жақсы жағдайда) болса, қалған 142-сі шағын автобустар (қанағаттанарлық жағдайда).
2021 жылдан бастап қала ішінде экологиялық стандарттарға сәйкес 78 жаңа автобус алынды, нәтижесінде қаладағы қоғамдық көліктердің 34% жаңаланды. Оның 40 — «ТехПрофАвто» ЖШС, 38 — «Жолаушы» ЖШС есебінен алынды.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін қосымша 46 автобус алу жоспарлануда.
2023 жылы сараланған (дифференцированный) тарифті енгізу жоспарлануда. Электронды билеттендіру жүйесі көлік компаниялардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз етіп, қолма-қол ақша айналымын азайтып, бизнестің көлеңкеден шығуына мүмкіндік береді.
Қоғамдық көліктерге Алем Рау электронды билеттендіру жүйесі енгізілді.
2020 жылы қала аумағындағы жарықтандырылған көшелер үлесі 31,8% құраған. Жалпы көрсеткіш — 269 көше, 347,7 шақырым. Ал 2021 жылы Түркістан қаласында 124 көшеге (147,8 шқ) жарықтандыру жүйесі жүргізіліп, жарықтандырылған көшелер үлесі 46,5% құраған. Жалпы көрсеткіш – 393 көше, 495,5 шақырым.
2022 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесімен, қала аумағындағы 93 көшеге (123,1 шқ) құрылыс жұмыстары жүргізіліп жарықтандырылған көшелер үлесі 57,4%-ға жетті. Жалпы көрсеткіш — 485 көше немесе 618,6 шақырым.
Алдағы 2023 жылы қаламыздың 277,2 шақырым құрайтын 272 көшесіне құрылыс жұмыстарын жүргізіп, жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесін 89%-ға (895,8 шақырым құрайтын 757 көшені) жеткізу жоспарлануда.
Жалпы қала аумағындағы 64,5 шақырымды құрайтын 54 көшеге аяқжол (тротуар) құрылысын іске асыру жоспарланған болатын.
Қазіргі уақытта 41 көшесінде (48,7 шқ) құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, құрылыс жұмыстары басқа көшелерде жалғасуда. Қала аумағындағы қоғамдық көлік қатынайтын көшелерге 150 дана аялдама нысанын орнату жоспарланған.
Қазіргі уақытта 150 орын белгіленіп, 100 дана аялдама павильоны орнатылды. Қалған 50 орында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Қаланың микроклиматын өзгерту және қала ішін суландыру жүйелерін жүргізу бойынша бірінші кезекте ирригациялық жүйелер жүргізілген. Жалпы ирригациялық каналдар 22,5 шақырымды құрайды. Р-33 каналы Қазыбек би саябағынан Б.Саттарханов даңғылы аралығы 3,4 шақырым, Р-33,2 «Керуен Сарай», Инфекциялық аурухана аралығы 6,1 шақырым, Ботаникалық бақтан Шипа су аралығына дейін 4 шақырым, Р-32,2 каналы Шекті Тілеу Жібек жолы көшесінің бойы 3,7 шақырым, Құлан Ақын көшесі бойындағы ирригациялық канал 1,1 шақырым, Р-32 «Батыс Қытай -Батыс Еуропа» автожолы бойы 3,1 шақырым. Р-32А қалалық емхана аумағы 1,1 шақырым.
Қала аумағында 5 су босату нүктесінен тəулігіне 53568 м3 ағын су алынуда. 1 айда – 1 607 040 м3. Ал 7 айда – 11 249 280 м3 ағын су алынады. Оның ішінде 544 320 м3 транзит. Нақты жасыл желектерге пайдаланылатын су көлемі 10 704 960м3