Туған жерді шөл ету де, көл ету де өз қолымызда — Төрттаған
Суббота, 14 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Туған жерді шөл ету де, көл ету де өз қолымызда

18.09.2022
Жаңалықтар
0
Туған жерді шөл ету де, көл ету де өз қолымызда

READ ALSO

КЕЛЕС АУДАНЫН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 71 ПАЙЫЗДАН АСТЫ

ҚЫТАЙ САПАРЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САРЫМСАҚТЫ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ІСІН БАСТАУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

БҰҰ мамандарының пікірінше, жер бетінің үштен бір бөлігі шөлейттенуге жақын тұрғандықтан, мұның зардабы алдағы уақытта 2 миллиардтан аса халықты шарпып өтпек. Ал, енді өз еліміздегі жағдайға келсек, сарапшылардың біз жайлы болжамы да мәз емес. Олардың айтуынша, Қазақстан территориясының басым бөлігі құрғақшылыққа бейім жерлердің санатына кіреді екен. Қазірдің өзінде жеріміздің 66 пайызы шөлейттеніп үлгерген.
Жақында әлеуметтік желіден 1975 жылғы құрғақшылық жайлы түсірілген «Құрғақшылыққа қарсы тұру» деп аталатын деректі фильмді көрудің сәті түсті. Фильмде еліміздің оңтүстігіндегі Шымкент, Жамбыл, Алматы, Талдықорған және Қызылорда облыстарында болған құрғақшылыққа қарсы күрестегі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың еңбегі дәріптеледі. Біз бүгін немқұрайлы қарап отырған қуаңшылық мәселесін Қазақстанның сол кездегі бірінші басшысы аз ғана уақытта қалай шеше білді? Оның сырын фильмде айтылған мына бір сөздерден анық аңғаруға болады. Онда «Осы жағдайда республика Үкіметі табиғи апатпен күреске бүкіл елді және материалдық-техникалық ресурстарды жұмылдыру бойынша ең кезек күттірмейтін, маңызды шаралар қабылдады. Адамдар да жоғары жауапкершілікпен еңбек етуде. Машинамен шабуға келмейтін жерлер, автомобиль, теміржол бойын адамдар қолмен оруда. Қалалар мен өндірістік орталықтарда зейнеткерлер, студенттер мен оқушылар саябақтар мен скверлердің шөбін орып, дайындауда. Барлық орылған шөп орталық қабылдау пункттеріне өткізіледі. Обкомдар, райкомдар ауыл еңбеккерлерін, өндіріс, көлік, құрылыс қызметінің жұмысшыларын ұйымдастырумен айналысып, олардың күш-қуаты мен күнделікті тәжірибесін қиындықты жеңуге бағыттап отырды» делінген. Білетіндердің айтуынша, сол жылы жерге бір тамшы тамбай, құба дала қу тақырға айналыпты. Қонаев бүкіл елді құрғақшылықпен күресуге жұмылдырып, қиындықты еңсеріп шығады. Міне, бұл сол кездегі идеологияның жемісі! Себебі адамдарды кез келген қиындықпен күреске идеологиясы мықты ел ғана жұмылдыра алады. Ал, қиындыққа ортақтаса білу, реті келсе, көмек қолын созу – қанымызға сіңген қасиет. Былтыр Қызылорда, Маңғыстау облыстарын құрғақшылық жайлаған кезде біз де, яғни «Оңтүстік Қазақстан» газеті редакциясының ұжымы да шалғы-орағымызды сайлап, Құрмет бауырымызға қол ұшын создық. Соған дейін даусы Сарыағашқа жетпей жатқан Құрметтің әрекетін бүкіл Қазақстанға көрсеттік. Бастама осыдан кейін жалпыхалықтық сипат алып кетті.
Деректі фильмге арқау болған құрғақшылық мәселесі әлі де өзектілігін жойған жоқ. Қазақстандағы шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі БҰҰ Конвенциясының ұлттық үйлестірушісі Қайрат Үстеміровтің келтірген дерегін естісеңіз, төбе шашыңыз тік тұрады. Оның айтуынша, ел территориясының 180 млн. гектардан астам аумағы тозып кеткен. Яғни құрғап, шөлге айналған. Міне, топырақтың тұзданып, эрозияға ұшырауынан және жерге себілетін химиялық тыңайтқыштардың әсерінен қаншама жерімізді жарамсыз күйге түсіріп алдық. Ал, оның салдары қандай болмақ? Егер шөлейттену үдерісі осы қарқынмен кете беретін болса, алдағы уақытта экономикалық, әлеуметтік және экологиялық бірнеше проблема алдымыздан кес-кестеп шығуы мүмкін. Соның ішінде бірнеше проблеманы ерекше атап өтуге болады. Біріншіден, жердің шөлейттенуі елді кедейшілікке ұрындырса, екіншіден, тозған жерден түрлі жұқпалы аурулар тарап, оның соңы өлім-жітімнің көбеюіне алып келуі мүмкін. Үшіншіден, азық-түлік қымбаттап, халық судан тапшылық көре бастайды. Төртіншіден, жарамды жерлердің азаюынан көші-қон мәселесі туындауы мүмкін. Бұл проблемаларды осылай соза беруге болады. Ең бастысы, экологиялық ахуал күрделіленіп, экономикалық шығын бірнеше есе артуы мүмкін.
Бұл проблема климаты ыстық, жауын-шашын аз түсетін Түркістан облысында да өзекті. Облыстың жер көлемі 6 млн. 608 мың гектарды құраса, оның 3 млн. 200 мың гектары жайылымдық жерлердің үлесінде. Бірақ, осының барлығында төрт түлік өріп жүр десек, мұнымызға ешкім де сенбес. Көбісі игерілмегендіктен, шөлге айналудың аз-ақ алдында тұр. Оның сыртында Мырзашөл, Қызылқұм, Бетпақдала сынды ұланғайыр жерді алып жатқан шөлейтті өңірлер тағы бар. Жалпы, құрғақшылықты облыс климатының басты ерекшеліктерінің бірі деуге болады. Климаты ыстық, жауын-шашын өте аз түседі. Оның өзінде түсімі біркелкі емес, барлық жауын-шашынның 80-90 пайызы көктемгі және қысқы кезеңдерге тиесілі. Міне, осы екі фактордың өзі өңірдің экологиялық ахуалына кері әсер етеді. Бір жағынан бұған адамдардың да тигізетін залалы аз емес. Олар ормандарды отап, карьерлер қазып, топырақтың эрозиясын қолдан бұзып жатады. Алайда, бүлінген дүниенің қайта қалпына келуі ұзақ уақытты қажет ететінін ескере бермейміз.
Құрғақшылыққа ұрынбаудың қандай тиімді жолдары бар? Қайтсек экологиялық тепе-теңдіктікті сақтап қала аламыз? Ауызды құр шөппен сүртуге болмас, қуаңшылыққа қарсы облыста бірнеше жоба сәтті жүзеге асырылып жатыр. Оның ең бастысы – жайылымдарды суландыру. Оның негізгі көзі жерасты суларына негізделгендіктен, бұл мәселеде құдық қазу ісіне басымдық берілген. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 2018 жылдан бері өңірге қарасты жайылымдарда мыңға жуық құдық қазылған. Қазір Созақ, Отырар, Мақтаарал, Жетісай, Келес, Сарыағаш аудандары мен Түркістан қаласының маңайын мекендейтін жер еміп, төрт түлік өсіретін шаруалар осы бастаманың игілігін көріп отыр. Мұның шөбі селдіреген жайылымдық аймақтарды сауықтырумен қатар жердің шөлейттенуіне қарсы әсері бары дәлелденіп келеді.
Келесі жоба егістік көлемін арттыруға бағытталған. Жобаның мақсаты – суды үнемдеу арқылы егістік көлемін ұлғайту. Соңғы жылдары облыс шаруалары жаңбырлатып суару әдісіне ден қоюда. Облыс басшысы бұл мәселені аудан, ауыл-аймақтарға жасаған жұмыс сапарларында жиі көтеріп, өңір халқын ағын суды тиімді пайдалануға шақырып жүр. Қазір Түркістан қаласының маңында тұратын шаруалар АҚШ-тан әкелінген жаңбырлатып суаратын техникаларын кәдеге асыруда. Жаңа технология арқылы суды аз жұмсап, мол өнім алуға болады.
Тағы бір табысты іске асып жатқан жобалардың бірі – Түркістан қаласын суландыру бағыты. Соңғы екі жылда 172 шақырымдық екі каналға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 241 шақырым келетін
121 қашыртқы механикалық тазалаудан өткізілген. Осылайша бір кездері аумағы тақырланып жататын қаланың шығыс жақ беті айналасы екі-үш жылда көз сүйсінерлік жасыл желекке айналып үлгерді.
«Шөл даланың падишасы» атанған сексеуілдің топырақты эрозиядан сақтап, құм көшкінін тоқтатуға септігі аз емес. Қазақстандағы сексеуілді ормандардың ең үлкені Түркістан облысында шоғырланған. Шөлге айналған жерлерге  сексеуіл отырғызу облыста ұзақ жылдардан бері жалғасып келе жатқан игі дәстүрлердің бірі. Мұның сыртында қаншама орман қызметкерлері жердің шөлейттенуіне қарсы тынымсыз еңбек етіп жатыр.
Сайып келгенде, мұның бәрі қасиетті Жер-ананы шөлге ұрындырмаудың амалы. Шөлейттену сынды жаһандық проблеманың тек Түркістан облысымен ғана шектелмейтінін көріп отырмыз. Себебі, шөлейттенген жер көлемі жыл сайын ұлғайып барады. Сондықтан көл-көсір өнім алудан бұрын бізге киелі даланың қалыбын сақтау маңызды. Дархан даланы тиімді пайдалана білсек, қасиетті Жер-
ана бізді табыстан кенде етпейді. Тек бұған әрбіріміз жауапты екенімізді естен шығармағанымыз абзал.
Д.Тұрсынұлы.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ВОЛЕЙБОЛДАН ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: Д.САТЫБАЛДЫ МЕРДІГЕРЛЕРГЕ БІРНЕШЕ ТАЛАП ҚОЙДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

КЕЛЕС АУДАНЫН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 71 ПАЙЫЗДАН АСТЫ
Жаңалықтар

КЕЛЕС АУДАНЫН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 71 ПАЙЫЗДАН АСТЫ

12.06.2025
3
ҚЫТАЙ САПАРЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САРЫМСАҚТЫ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ІСІН БАСТАУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

ҚЫТАЙ САПАРЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САРЫМСАҚТЫ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ІСІН БАСТАУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

12.06.2025
3
ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ БАНАН БАҒЫН АРАЛАП, ЕРЕКШЕ ОРЫНДАРҒА САЯХАТ ЖАСАУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ БАНАН БАҒЫН АРАЛАП, ЕРЕКШЕ ОРЫНДАРҒА САЯХАТ ЖАСАУДА

12.06.2025
3
СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ
Жаңалықтар

СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

12.06.2025
3
67 ЖАСТАҒЫ МАРОККОЛЫҚ САЯХАТШЫ МОТОЦИКЛМЕН БІРНЕШЕ ЕЛДІ АРАЛАП, ТҮРКІСТАНҒА ЖЕТТІ
Жаңалықтар

67 ЖАСТАҒЫ МАРОККОЛЫҚ САЯХАТШЫ МОТОЦИКЛМЕН БІРНЕШЕ ЕЛДІ АРАЛАП, ТҮРКІСТАНҒА ЖЕТТІ

12.06.2025
8
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС  КҮШЕЙДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙДІ

12.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.