Шымкентте өткен жылы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 7,7%-ға өскен.
2021 жылдың қорытындысы бойынша біршама көрсеткіштерде өсім байқалады: ШОБ субъектілерімен өндірген өнім көлемі – 1 097,5 млрд. теңге, өсім 103,2% құрады; жалпы өңірлік өнімдегі ШОБ үлесі – 41,3% жетті, 2020 жылы бұл көрсеткіш 34% құраған.
«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қаладағы бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі драйвері болып табылады. Бағдарлама шеңберінде өткен жылы жалпы 2 525 жоба қолдау тапқан. Оның ішінде:
— сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бойынша — 1 357 жоба;
— ішінара кепілдендіру бойынша — 1 126 жоба;
— жаңа бизнес идеяларға мемлекеттік гранттар беру бойынша 39 грант берілді;
— өндірістік инфрақұрылымды жеткізу бойынша — 3 жоба.
Мегаполисте шағын және орта бизнесті дамыту шаралары одан әрі жалғасатын болады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі