Өткен жылы Республика көлемінде әлемге аты мәлім Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығы аталып өтілді. Ел қолдады. Қошемет көрсетілді. Сөйтіп елдігімізді таныттық. Осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын Қажекең қазақты әлемге танытқан тұлға. Мұны мойындауымыз керек.
Әлгі Ұлы Отан соғысы деген зұлматты жылдарда Қажекең қартайғандығына қарамастан, ауыл-ауылды аралап, өнер көрсетіп, қаржы жинады. Сол қаржыға самолет жасатты. Бұл да ерлік! Сөйтіп КСРО дейтін кезеңде тағы да қазақтың атын аспандатты.
Батыс-Қытай — Батыс-Еуропа күре жолының бойынан, Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы Қажымұқан ауылының сыртынан күш атасы атындағы спорттық-туристік кешен салуға Республикадан қаржы бөлінді. Дұрыс-ақ. Шымкенттен Түркістанға зиярат етуге шыққандар немесе Түркістаннан Шымкентке қарай жол тартқандар жолай даңқты палуанның туристік кешеніне соқса, тамашаласа, демалып ары қарай сапарласа несі айып, Елімізде туризмнің бір нысаны бой көтереді екен, оған несіне қарсы боламыз? Қайта қолдайтын жоба деп білемін.
Сіз не айтасыз, қазақ елінің азаматтары?!
Ғалымжан ЗИЯБЕК,
Ордабасы аудандық мәслихатының депутаты.