ТҮРКІСТАНДА АРДАГЕРЛЕР ЖӘНЕ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЛЕЛІ КЕҢЕС ӨТТІ — Төрттаған
Среда, 11 ноября, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ТҮРКІСТАНДА АРДАГЕРЛЕР ЖӘНЕ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЛЕЛІ КЕҢЕС ӨТТІ

11.06.2026
Қоғам, Руханият
0
ТҮРКІСТАНДА АРДАГЕРЛЕР ЖӘНЕ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЛЕЛІ КЕҢЕС ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы «Ақжайық» музыка мектебінде қаланың ардагерлері және зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында қала әкімі ақсақалдарға құрмет білдіріп, олардың Түркістанның өсіп-өркендеуіне, қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың нығаюына, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие беруге қосып келе жатқан сүбелі үлестерін ерекше атап өтті.

READ ALSO

БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Выплаты пенсионных накоплений из ЕНПФ по графику: как рассчитываются и куда обращаться

Сондай-ақ, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалар мен алдағы кезеңге жоспарланған бастамалар жөнінде жан-жақты баяндады.

Қала басшысы Түркістанды дамыту жолындағы жұмыстарда ел ағаларының ақыл-кеңесі мен өмірлік тәжірибесінің маңызы зор екенін жеткізді.

Жиын барысында ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері ұсыныс-пікірлерін айтып, қала өміріндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Өз кезегінде қала әкімі көтерілген бастамалар мен орынды ұсыныстар алдағы жұмыстар барысында жан-жақты қаралып, тиісті деңгейде назарға алынатынын атап өтті.

Кездесу барысында қоғамдық келісімді нығайту, жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру және ұрпақтар сабақтастығын дамыту бағытындағы жұмыстарды бірлесе жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді. Ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен тағылымды ақыл-кеңесі қоғам үшін қашанда құнды екені айтылды.

Сонымен қатар шаһардың көркеюі, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру және әлеуметтік жобаларды сапалы іске асыру мәселелері де сөз болды. Бұл бағыттағы жұмыстарда тұрғындардың ұсыныстары мен қоғамдық пікірдің ескерілуі маңызды екені жеткізілді.

Зиялы қауым өкілдері жастар тәрбиесі, мәдениет пен руханиятты дамыту, тарихи мұраны сақтау бағытындағы бастамаларын ортаға салып, осы мәселелер бойынша өз ой-пікірлерімен бөлісті. Көтерілген ұсыныстардың қаланың дамуына оң ықпал ететіні атап өтілді.

Қала әкімі тұрғындармен, ардагерлер және зиялы қауым өкілдерімен мұндай ашық форматтағы кездесулер алдағы уақытта да тұрақты жалғасатынын айтып, ел игілігі жолындағы барлық орынды бастамалар жан-жақты қарастырылатынын жеткізді.

Кездесу өзара түсіністік пен сындарлы диалог аясында өтіп, қатысушылар Түркістанның жан-жақты дамуына бірлесіп үлес қосуға дайын екендіктерін білдірді.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ОТЫРАРЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТӨСБЕЛГІЛЕР ТАБЫСТАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫНЫҢ ҚҰРАҚШЫ АНАЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕКОРД ОРНАТУҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Оқи отырыңызМақалалар

БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

20.10.2026
9
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

Выплаты пенсионных накоплений из ЕНПФ по графику: как рассчитываются и куда обращаться

20.10.2026
14
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

От классического пенсионного аннуитета — к новым возможностям

20.10.2026
8
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

Классикалық зейнетақы аннуитетінен – жаңа мүмкіндіктерге

20.10.2026
5
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

Инвестиционные портфели под управлением НБРК и УИП по состоянию на 1 сентября 2026 года

20.10.2026
6
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

20.10.2026
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
465

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
401
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
336
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
298
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
232

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.