2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар» — Төрттаған
Среда, 21 января, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Әлемде

2026 жылы не өзгерді? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

21.01.2026
Әлемде, Жаңалықтар
0

1) 2026 жылы БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай өзгерді?

 

READ ALSO

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдері зейнетақы төлемдерін бұрыннан алып жүрген зейнеткерлер үшін 5 пайызға ұлғаяды.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады. Аталған әдістемеге сәйкес, зейнетақы төлемдерін алғаш рет ала бастайтын азаматтар үшін ай сайынғы төлем мынадай тәртіппен есептеледі: зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарын төлеу мөлшерлемесі — 6,5 пайызға көбейтіліп, 12 айға бөлінеді. Кейінгі жылдары ай сайынғы төлем мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне сәйкес 5 пайызға арттырылып отырады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан жүзеге асырылатын ай сайынғы зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТК) кемінде 70 пайызына тең. 2026 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейі — 50 851 теңге.

Әдістемеде төменде көрсетілген санаттарға жататын азаматтар үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу кезінде қолдануға болатын арттырушы түзету коэффициенттері көзделген:

  • мерзімсіз уақытқа белгіленген I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамдар;
  • міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жиынтығында кемінде 60 ай төленген және зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар. Егер азамат жоғарыда көрсетілген екі талапқа бірдей сәйкес келсе, ең жоғары мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады.

БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер жеке зейнетақы шотындағы қаражат толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

 

2) 2026 жылы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) мөлшерлемесі қандай?

 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) мөлшерлемесі қызметкер табысының 3,5%-ына дейін ұлғайтылды (ЖМЗЖ мөлшерлемесі кезең-кезеңімен өсіп келеді: 2024 жылы – 1,5%, 2025 жылы – 2,5%,        2026 жылы – 3,5%, 2027 жылы – 4,5%, 2028 жылы – 5%).

Еске саламыз, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі жаңа құрамдас бөлік – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарымен (ЖМЗЖ) толықтырылды. Қабылданған өзгерістерге сәйкес, әрбір жұмыс беруші қызметкер табысынан ұсталатын міндетті 10% зейнетақы жарналарынан бөлек, өз қаражаты есебінен 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған қызметкерлерінің пайдасына қосымша жарналар аударуға міндетті. ЖМЗЖ есептелетін табыс сомасы ең төменгі жалақы мөлшерінен (ЕТЖМ) кем болмауы және тиісті жылға белгіленген 50 еселенген ЕТЖМ-нан аспауы тиіс.

Жұмыс беруші зейнет жасындағы адамдар, I және II топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар тұлғалар, әскери қызметшілер, сондай-ақ 1975 жылғы 1 қаңтарға дейін туған азаматтар үшін ЖМЗЖ төлеуден босатылады.

 

3) «Арнаулы салық режимі» (АСР) дегеніміз не?

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында жаңа Салық кодексінің күшіне еніп, ҚР Әлеуметтік кодексіне өзгерістер енгізілуіне байланысты жаңартылған арнаулы салық режимдері (АСР) енгізілді: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР, оңайлатылған декларация негізіндегі АСР, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтарына (ШФҚ) арналған АСР. Бұл режимдер өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың тек салықтарды ғана емес, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын төлеу тәртібін де реттейді.

 

4) Жаңартылған арнаулы салық режимдері (АСР) қандай мақсатпен енгізілді?

 

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР, оңайлатылған декларация негізіндегі АСР және ШФҚ-ға арналған АСР енгізу келесі мақсаттарға бағытталған:

  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен шағын бизнесті белсенді тарту арқылы зейнетақы және әлеуметтік жүйемен қамтуды кеңейту;
  • Қазақстанның миллиондаған азаматтары үшін бизнесті жүргізуді жеңілдету;
  • мобильді қосымшалар мен онлайн-платформалар арқылы салықтық әкімшілендіруді одан әрі цифрландыру.

Бұл жаңашылдықтар зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға, еңбек ететін азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге және «көлеңкелі экономиканың» азаюына ықпал етеді.

 

5) Қандай арнаулы салық режимдері (АСР) енгізілді?

 

  1. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР (интернет-платформалар арқылы қызмет көрсететіндерді қоса алғанда)

2026 жылдан бастап енгізілген бұл АСР жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғаларға (Қазақстан азаматтары мен қандастарға) арналған. Режим Үкімет бекітетін қызмет түрлерінің шектеулі тізбесіне қолданылады.

Айлық табыс мөлшері тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 300 еселенген АЕК-тен, ал жылдық табыс 3 600 АЕК-тен аспауы тиіс.

Осы режимді қолданатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар алынған табыстарынан міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) өз бетінше төлейді.

Мөлшерлемесі:

  • МЗЖ – табыстың 1%;
  • ЖМЗЖ – табыстың 1%.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар АСР-ны арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, оның чектері және өзге көздерден алынған кірістер туралы басқа да мәліметтер негізінде қолданатын болады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-да жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ орындардағы кірістерді есепке алу өздері әзірлеген қарапайым нысанда, операциялардың күнін, атауын, әрбір операция нәтижесінде алынған сомаларды, әрбір күн үшін, бір айдағы қорытынды соманы көрсете отырып жүргізіледі.

      Қызметін интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалану арқылы жүзеге асыратын өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-да МЗЖ мен ЖМЗЖ-ны интернет-платформа операторы ұстап, аударады.

 

  1. Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР

ҚР Салық кодексінің 723 бабының 2-тармағында көрсетілген салық төлеушілерді (басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғаларды, коммерциялық емес ұйымдарды, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға қатысушыларды және т.б.) қоспағанда, жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР-ны ЖК мен Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары қолдануға құқылы.

Жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР-ны төмендегі шарттарға сәйкес келетін тұлғалар қолдануға құқылы:

— күнтізбелік жылдағы шекті кірісі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған АЕК-тің 600 000 еселенген мөлшерінен аспайтын;

— ҚР Үкіметі айқындаған, оған қатысты жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР қолдануға тыйым салынған тізбеге енгізілмеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар.

Жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР үшін зейнетақы жарналарының мөлшерлемелері стандартты:

  • МЗЖ – табыстың 10%,
  • ЖМЗЖ – 2026 жылы табыстың 3,5%, жыл сайын біртіндеп ұлғайтылып, 2028 жылы 5% — ға дейін көтеріледі.

 

  1. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСР

Қазақстан аумағында жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтарына ие (қосалқы жер пайдаланушы құқығын қоса алғанда) жер учаскелері бар шаруа немесе фермер қожалықтары ШФҚ-ларға арналған АСР қолдануға құқылы.

Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін таңдалған АСР бір күнтізбелік жыл ішінде өзгертілмейді. Оны шаруа қожалығының қызметі қолдану шарттарына сәйкестігін жоғалтқан жағдайларда ғана өзгертуге болады.

ШФҚ арналған АСР зейнетақы жарналарының мөлшерлемелері:

  • МЗЖ – табыстың 10%,
  • ЖМЗЖ – 2026 жылы табыстың 3,5%, жыл сайын біртіндеп ұлғайтылып, 2028 жылы 5% — ға дейін көтеріледі.

Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары (ШФҚ) үшін АСР шеңберінде МЗЖ, ЖМЗЖ төлеу табыс алынған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ЕНПФ представляет результаты социологического исследования, проведенного в 2025 году

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялық портфельдерді қалыптастыру критерийлерін таңдауы туралы

Оқи отырыңызМақалалар

Әлемде

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

21.01.2026
6
Әлемде

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

21.01.2026
5
Әлемде

2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге шолу

21.01.2026
6
Әлемде

«БЖЗҚ» АҚ 2025 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелерін ұсынды

21.01.2026
6
Әлемде

Жыл басынан бері «БЖЗҚ» АҚ 40 млн-ға жуық қызмет көрсетті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшыларға зейнетақы капиталын қалыптастыру қызметтерінің кең спектрін ұсына отырып, олардың тізбесін үнемі жаңартып, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында белсене жұмыс істеуде. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.

21.01.2026
6
Әлемде

Отандастарымыздың жинақталған таза инвестициялық кірісі 13,43 трлн теңгеден асты

21.01.2026
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
446

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
388
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
235
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
194
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
191

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.